II-бөлім. Күнтізбелік іс-шаралар кешенін іске асыру
6
|
«Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы
|
Практикумды жүзеге асырудың негізгі нысаны пікірталас болады, оның барысында оқушыларға өз пікірін айту ұсынылады.
Қатысушыларды 2 топқа бөлу ұсынылады.
1 тапсырма
«Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» ұғымының мағынасын ашу.
Неге «тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» мәдениетін құру мұнша маңызды болып табылады?
2 тапсырма
«Сыбайлас жемқорлық – қоғамның және мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге артқан сенімін кетіру» пікірін негіздеу. Әр адам не істей алады? Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?
|
9-11
сыныптар оқушылары
|
Қыркүйек
|
7
|
«Қазақстан - құқықтық мемлекет» айлығы
|
Еліміздің сайлау қағидаттарына сәйкес «Сынып басшысын сайлау» сюжеттік-рөлдік ойыны
|
1-4 сыныптар оқушылары
|
Қазан
|
«Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметшілермен кездесу
|
5-8 сыныптар оқушылары
|
«Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
Дөңгелек үстел барысында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ біздің елімізде құқықтық мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктерін талқылау ұсынылады
|
9-11 сыныптар оқушылары
|
8
|
«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» оқушылар арасындағы сурет байқауы
|
Байқаудың негізгі идеясы -Мәңгілік Ел идеологиясының «түпқазық» жалпы азаматтық құндылықтарын кеңінен насихаттау өзекті. Бұл - баршаның заң алдындағы теңдігі, еңбексүйгіштік, адалдық.
|
1-4 сыныптар оқушылары
|
Қараша
|
9
|
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны
|
Іс-шараның басты мақсаты –мемлекеттің «сервистік алаң» екендігін көрсету. Бұл жағдайда негізгі идея мемлекеттік аппарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық спектрін жоғары деңгейде толық және уақытылы көрсетілуін күтуге құқылы салық төлеушiлер арқылы қамтылады деген түсінік болуы тиіс.
Топтық жұмыс, оқушылардың бір тобы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің «дұрыс» көрсетуін түсіндіреді, яғни көрсетілетін қызметті беруші білікті, сыпайы және көрсетілетін қызмет алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, басқа топ «дұрыс емес» көрсетуін түсіндіреді: көрсетілетін қызметті беруші -дөрекі және біліксіз.
|
5-8 сыныптар оқушылары
|
Желтоқсан
|
10
|
«Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» жобалар байқауы
|
Бір ай ішінде оқушылар өткен жылғы аймақтық баспасөз мониторингін өткізу керек. Мониторинг нәтижелері бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасын жасау
|
9-11 сыныптар оқушылары
|
Қаңтар
|
11
|
Театрлық қойылым
|
Балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын қойылым көрсетуді ұйымдастыру
|
1-4 сыныптар оқушылары
|
Ақпан
|
12
|
«Мемлекттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауы
|
Өскелең ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметті елдің мақсаттары мен даму басымдығын іске асыруға, әрбір азаматтың мүддесі үшін адал қызмет ету және күнделікті қажеттілігін қанағаттандыруға бейімделген маңызды институт ретінде түсінуін тарату
|
5-8 сыныптар оқушылары
|
Наурыз
|
13
|
«Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы
|
Байқаудың басты мақсаты – ашық және қоғамға есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешудегі Қазақстанның жетістіктерін көрсету
|
9-11 сыныптар оқушылары
|
Сәуір
|