Бағдарламасы Форма ф со пму 18. 2/02


БЕКІТЕМІН Оқу жөніндегі проректор



жүктеу 173,58 Kb.
бет2/2
Дата29.01.2018
өлшемі173,58 Kb.
#8083
түріДиплом
1   2

БЕКІТЕМІН

Оқу жөніндегі проректор

____________Н.Э. Пфейфер

«___»___________200__ ж.

Құрастырушы: доцент ___________ Темербаева Ж.А.

«Сәулет және дизайн» кафедрасы

050420 “Сәулет ” мамандығы студенттеріне арналған



Диплом алды практиканың жұмыс бағдарламасы
Бағдарлама 050420 “Сәулет” мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыміндеттік ҚР 3.08.302 – 2006 Мемлекеттік міндетті білім стандартқа сәйкес жасалған.

Кафедра мәжілісінде қаралды

«__ » _________ 200__ ж. № __хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________ Темербаева Ж.А.


СҚ факультетінің ӘК мақұлдады

«___» __________ 200__ ж. №__хаттама


ӘК төрағасы ____________ Козионов В.А.
КЕЛІСІЛДІ:
СҚ факультетінің деканы _________ Кудерин М.К.

«___» ___________ 200__ ж.
ЖБжӘБ МАҚҰЛДАДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы ____________ Варакута А.А.

«___» ___________ 200__ ж.

Кіріспе

Практика ЖОО-да ең маңызды кезеңі болып табылады. Практика студенттердің теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, сәулет кәсібімен таныстырады.

Студенттердің диплом алды практикасы жоғары мамандандырылған мамандарды дайындаудың ең маңызды бөлімі болып табылады және ол өндірістерде, ұйымдарда, барлық жеке мекемелерде жүргізіледі.

Диплом алды практика бекітілген оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес, университеттің оқу процесіндегі студенттердің теориялық білімдерін кеңейту мен бекітуге бағытталған, кәсіби және ұйымдастыру қызметтік қалыптастыру үшін жүргізіледі. Диплом алды практика қарастырылған профильдік пәндер циклы аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады.





  1. Практиканың мақсаты мен міндеттері

- оқу барысында алған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және бекіту;

- практикалық және басқару мәселелерін шешу дағдыларына үйрену;

- мамандық бойынша практикалық тәжірибе мен дағдыларын қалыптастыру;

- дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін қажетті материалдарды жинастыру және жүйелеу.

- өзіне мақсат қою, кәсіби іс-әрекетінің мәселеллерін анықтап оларды диплом алды жағдайда шешу іскерлігін қалыптастыру.
Практиканың өтілу кезінде білу қажет:

а) диплом алды практикасы өтіп жатқан қала немесе басқа жердегі құрылыс болашағы мен тарихи даму ерекшеліктерін;

ә) құрылыс тарихын немесе нақты сәулет ескерткіштерінің, қазіргі заманғы құрылыстарын немесе ансамбльдерді қайта қалпына келтірілуі жеке ғимараттарда көрсетілген;

б) берілген сәулет ескерткіштері немесе ансамблінің сәулеттік- жоспарлау және көлемді- кеңістіктік еркшеліктерінің шешімін (бас жоспар шешімін, құрылыстың функционалды шешімін, сәулеттік пластигін және алдыңғы жақтың сәндік бөлігін және құрылыс интерьерлерін) бұрынғы кезеңдерінде алған білімі мен дағдыларына сүйену керек.


Істей білу қажет:

а) кескіндемеде, суретке түсіруде, суреттердің сәулеттік бейнесін ашып және көлемді- кеңістіктегі шешімдерін сараптау үшін қолдана білу;

ә) сәулеткерлермен кездесудегі және саяхат кезіндегі әр кезеңдерді жазып отыруы тиіс;

б) сәулет құрылыстарының өлшемдерінің түрлі тәсілдерін қолдану;

в) түрлі құрылыстық және қайта қалпына келтіру жұмыстарына бақылау жүргізу, техникалық қауіпсіздік ережесін қатал сақтау керек:

г) кітапхана, мұражай және түрлі ұйымдардағы мұрағаттық деректермен, әдебиеттермен жұмыс;

д) есеп беруде өзінің ойын тура және нақты, анық беру кажет, берілген жеке тапсырмадағы сұраққа нақты жауап беру;

Нақты затты көз алдына елестете білу:

Диплом алды практиканың бағдарламасына бакалаврды дайындаудың қорытынды кезеңін және дипломдық жұмысты (жобаны) сапалы орындауға қажетті сұрақтар кіреді.

Диплом алды практика кезінде студент тиісті практика базасына сәйкес кәсіби қызметі бойынша деректі материалдарын және дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша нақты мәліметтер жинақтау қажет. Практика нәтижесі дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін пайдалынады және тиісті түрде рәсімделеді.

2. Практика мазмұны

Практикада сәтті жоспарланған әрі ең үлгілі отандық сәулеттік құрылыстардың тарихи-сәулеттік жоспары мен қазіргі заманға сай құрылыс, сәулеттік-жоспарлы және көлемдік-кеңістік шешімдер, әрі қаланың бас сәулеткерлерімен, салынып жатқан ғимараттың жобаларының авторларымен, қайта қалпына келтіру шеберханасының жүмыскерлерімен кездесу қажет. Практикада кезінде конспекті жазу қажет, әрі көргендерінің эскизін салып отыру керек.


Практиканы басқару және тәртібі

Диплом алды практиканы ұйымдастыру үшін шығарушы кафедраның міндеттері:

- дайындалатын мамандықтардың кәсібі бойынша жұмыс атқаратын кәсіпорындар мен мекемелермен байланыс орнату;

- диплом алды практиканы өту туралы нақты кәсіпорындар мен мекемелермен келісім-шарт дайындау;

- студенттердің практиканы өту орындарын уақытылы дайындау;

- университеттен жетекшіні тағайындау;

- практикаға тапсырма дайындау;

- білім алушыларды практика бағдарламасымен және әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету;

- диплом алды практикасының өту барысын бақылау және есепке алу.

диплом алды практиканың мазмұны дипломдық жұмысының (жоба) тақырыбымен анықталады.

диплом алды практиканың бағдарламасына бакалаврды дайындаудың қорытынды кезеңін және дипломдық жұмысты (жобаны) сапалы орындауға қажетті сұрақтар кіру керек.

диплом алды практикаға және оның мазмұнына қойылатын талаптар мамандықтың МЖМБС-да және факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясы ұсынған практика бағдарламасында белгіленеді.

диплом алды практиканы ұйымдастыру және жетекшілік ету жауапкершілігі шығарушы кафедраға жүктеледі.

Кафедра студетке практика туралы есеп беру барысында кәсіби білімін, іскерлігін, дағдыларын тереңдетіп меңгеруге байланысты жеке тапсырмаларды, арнайы тарауды қосуға ұсыныс жасайды.


4. Студент жұмысының мазмұны

Практика туралы жүргізілген кіріспе лекциядан кейін студент жазбаша түрде жеке тапсырма алады, онда екі сұрақ енгізілген: біріншісі жеке тарихи ескерткіштер мен сәулеттік ансамблдердің шығу тарихына байланысты мәселелер; екіншісі жеке сәулеттік ғимараттардың қазіргі құрылыстары немесе ансамбльдері, тұрған алаптары немесе олардың орталықтарына қатысты мәселені қозғайды. Егер студент практикаға жүрер алдында СҒЗЖ бойынша кафедра оқытушысынан тапсырма алса, онда ол практика кезінде сол тапсырма бойынша ізденіп, деректер жинайды. Әр практикант жетекші ұйымдастырған қалаға және оның айналасын аралауға арналған барлық саяхаттарға қатысуы қажет және конспекті жазуы керек.

Әдебиеттер, баспа және жазбалар-материалын оқумен қатар, алдыңғы бет, кесіктер мен құрылыстың бас жоспарын, сызба жоспарларының көшірмесін түсіріп, сәулеттік ескерткіштің интерьері мен әсем үлгісінің сипатты бөлшектерін нобайлап отыру керек. Егер қайта қалпына келтіру шеберханасында сызбалар реті болмаса 3-4 адамнан бригадаға бөлініп, мүмкіндігінше сәулеттік ескерткішке өлшеу жұмысын жүргізу керек. Өлшеу жұмысы қажеті менөлшемін жетекші анықтайды.

Сурет және кескіндеме бойынша практика бейнелеу өнерінен дағдысын бекітіп, әрі қарай жетілдіруін қарастырады; сәулеттік объектілер мен қала кешендерінің қоршаған табиғаттың әр түрлі жарықтағы күйімен кеңістіктің бейнелі ұйымдасқанымен байланыстарын таниды.

Студенттермен орындалған түрлі тақырыптағы шығармашылық жұмыстар олардың ой -өрісін кеңейтеді - өнерге деген қызығушылықтарын оятып, өнердің сәулет кәсәбіндегі ролін біледі.

Практика жұмыстары мынадай бағытта жүргізіледі:

- кәсіби пәндер саласында теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту;

- мамандық бойынша практикалық тәжірибе мен дағдыларын қалыптастыру;

- дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін қажетті материалдарды жинастыру және жүйелеу.

5. Практика есебі.

Диплом алды практика дербес түрде өткізіледі.

Практика соңыңда жетекшіге кескіндеме жұмыстарын тапсыру қажет. Практика бойынша жазбаша есеп күзгі семестр басталғаннан кейін 1 ай ішінде кешіктірілмей тапсырылуы қажет. Мәтін графикалық суреттермен, жоспары, алдыңғы беті, кескені, схемалары, табиғи нобайы мен фотосуреттерімен беріледі. Есеп соңында есеп сұрақтары бойынша библиография келтіріледі.

Есепті құрастырған кезде әдибиеттен немесе құжат көздерінен толық цитаталар келтіріп және суреттері авторымен беріледі. Есепті жазғанда нақты сұрақтар бойынша алған білімдерін көрсетіп, сынап, сұрақ бойынша өз пікірін жеткізу қажет. Есеп кітап деректерінің мазмұнын айтумен шектелсе, қанағатырылмайды.

Практика бойынша дифферециялды сынақ комиссия мүшелерінің алдында өтеді, комиссия құрамына кафедраның белді оқытушылары кіреді.

Әдибиеттер тізімі
Негізгі:


  1. Алехин А.Д. Живопись на пленэре – М.: Молодая гвардия, 1982, -15с.

  2. Архипов А.И. О живописи на пленэре. Живопись человеческой фигуры. – Ярославаль, 2003, -34с.

  3. Беда Г.В. Живопись: учеб. для студентов – М.: Просвещение, 1986, -192с.

  4. Волков Н.Н. Композиция в живописи. – М.: Искусство, 1977

  5. Волков Н.Н. Цвет в живописи. – М.: Искусство, 1984, -21с.

  6. Кирцер Ю.М. Рисунок и живопись: практическое пособие. – М.: Высшая школа, 1988, - 270с.

  7. Сокольникова Н.М. Изобразительное искусство. Основы рисунка. – Обнинск: Титул, 1999,- 96с.


Қосымша:

  1. Стасевич В.Н. Пейзаж. Картина и действительность. – М., 1981

  2. Унковский А.А. Живопись: вопросы колорита. – М.: Просвещение, 1980, - 63с.


«Сәулет және дизайн» кафедрасының оқыту жұмыс жоспары бойынша жүргізілетін практикаларының уақыты.


Практика аты

Көлемі,

сағат


Ұзақтылығы, апта

семестр

050420 СӘУЛЕТ мамандығы

Диплом алды практикасы

150

5

10

жүктеу 173,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау