ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-16-13.1.04
/01-2013
|
«Дүниежүзілік шаруашылық географиясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№ 2 басылым
10.01.2013 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Дүниежүзілік шаруашылық географиясы»
5В011600 – «География» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2013
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
|
2
|
Дәрістер
|
|
3
|
Практикалық сабақтар
|
|
4
|
Студенттердің өздік жұмыстары
|
|
глоссарий
Атом энергиясы жөніндегі агенттік. Атом энергиясы жөніндегі агенттік , Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Ғылым академиясының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі — атом энергиясын пайдалану және ядролық қаруларды таратпау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын басқару органы. ҚР Президентінің 1992 ж. 15 мамырдағы Жарлығымен құрылған. Агенттік өзінің уәкілеттеріне сәйкес ядролық қызметті жүргізу жөніндегі өтініштерді қарап, лицензия береді; лицензия шарттарының сақталуына мемлекет қадағалау орнатып, ядролық қызмет саласында қолдануға міндетті құжаттар тізімін бекітіп, қағидалар мен принциптерді анықтайды, меншік түріне және әкімшілік бағыныштылығына қарамастан заңды тұлғалар мен жекелеген азаматтардың іс-әрекетін бақылайды; ядролық қаруларды таратпаудың және ядролық энергияны қауіпсіз пайдаланудың халықаралық режимін қамтамасыз етуге байланысты қызметтерді атқарып, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ) өзара ықпалдасу шараларын іске асырып, үйлестіріп отырады; арнаулы бейядролық материалдар мен ядролық технологияларды экспорттау және импортқа алу ісіне мемл. бақылау орнатып отырады.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:FAO_logo.sv
ФАО — БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы. Штаб-пәтері Римде орналасқан. Бұл арнайы мекеме 1945 жылдан бастап әлемдегі азық-түлік ресурстары мен ауыл шаруашылығы дамуының мәселелерімен айналысады. 1990 жылы ФАО әлемдегі 62 елдегі тропиктік ылғалды ормандарды (ғарыштық суреттерді пайдаланып) есепке алды. Сөйтіп орман ауданы (1,2 млрд га-дан артық) анықталды.[1]
http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:Flag_of_UNESCO.svЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы. Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО — 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры— Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.
XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.
Мақсаты. ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіпсіздікті елдердің білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастығын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жалпыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы, әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық елге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.
Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:
болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу;
білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айналысу;
заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстарды іске асыруға міндет болатын халықаралық актілерді дайындау және қабылдау;
мүше-мемлекеттерге «техникалық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы саясатын анықтауда эксперттерінің қызметтерін ұсынады;
арнайы ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.
Мүше елдер. 2009 жылдың қазан айына сәйкес ЮНЕСКО ұйымына 193 мемлекет мүше және 7 мемлекет серіктес мүше дәрежелеріне ие.
Австралия, ұйымға қосылу күні - қарашаның 4, 1946
Австрия - тамыздың 13, 1948
Албания - қазанның 16, 1958
Алжир - қазанның 15, 1962
Америка Құрама Штаттары - қазанның 1, 2003
Андорра - қазанның 20, 1993
Ангола - наурыздың 11, 1977
Антигуа және Барбуда - шілденің 15, 1982
Аргентина - қыркүйектің 15, 1948
Армения - маусымның 9, 1992
Ауғаныстан - мамырдың 4, 1948
Әзірбайжан - маусымның 3, 1992
Багамалар - сәуірдің 23, 1981
Бангладеш - қазанның 27, 1972
Барбодос - қазанның 24, 1968
Бахреин - қаңтардың 18, 1972
Беларусь - мамырдың 12, 1954
Бельгия - қарашаның 29, 1946
Белиз - мамырдың 10, 1982
Бенин - қазанның 18, 1960
Болгария - мамырдың 17, 1956
Боливия - қарашаның 13, 1946
Босния және Герцоговина - маусымның 2, 1993
Ботсвана - қаңтардың 16, 1980
Бразилия - қарашаның 4, 1946
Бруней Даруссалам - наурыздың 17, 2005
Біріккен Араб Әмірліктері - сәуірдің 20, 1972
Буркина Фасо - қарашаның 14, 1960
Бурунди - қарашаның 16, 1962
Бутан - сәуірдің 13, 1982
Вануату - ақпанның 10, 1994
Венгрия - қыркүйектің 14, 1948
Венесуэла - қарашаның 25, 1946
Въетнам - шілденің 6, 1951
Габон - қарашаның 16, 1960
Гаити - қарашаның 18, 1946
Гайана - наурыздың 21, 1967
Гамбия - тамыздың 1, 1973
Гана - сәуірдің 11, 1958
Гватемала - қаңтардың 2, 1950
Гвинея - ақанның 2, 1960
Гвинея-Биссау - қарашаның 1, 1974
Германия - шілденің 11, 1951
Грек Республикасы - қарашаның 4, 1946
Гренада - ақпанның 17, 1975
Гондурас - желтоқсанның 16, 1947
Грузия - қазанның 7, 1992
Дания - қарашаның 4, 1946
Джибути - тамыздың 31, 1989
Доминика - қаңтардың 9, 1979
Доминикан Республикасы - қарашаның 4, 1946
Египет - қарашаның 4, 1946
Жаңа Зеландия - қарашаның 4, 1946
Жапония - шілденің 2, 1951
Замбия - қарашаның 9, 1964
Зимбабве - қыркүйектің 22, 1980
Израиль - қыркүектің 16, 1949
Индонезия Республикасы - мамырдың 27, 1950
Иордания - маусымның 14, 1950
Иран Ислам Республикасы - қыркүйектің 6, 1948
Ирак - қазанның 21, 1948
Ирландия - қазанның 3, 1961
Исландия - маусымның 8, 1964
Испания - қаңтардың 30, 1953
Италия - қаңтардың 27, 1948
Йемен - сәуірдің 2, 1962
Камбоджа - шілденің 3, 1951
Камерун - қарашаның 11, 1960
Канада - қарашаның 4, 1946
Капо Верде - ақпанның 15, 1978
Катар - қаңтардың 27, 1972
Кения - сәуірдің 7, 1964
Кипр - ақпанның 6, 1961
Кирибати - қазанның 24, 1989
Колумбия - қазанның 31, 1947
Коморос - наурыздың 22, 1977
Конго - қазанның 24, 1960
Конго Демократиялық Республикасы - қарашаның 25, 1960
Корея Демократиялық Халықтық Республикасы - қазанның 18, 1974
Корея Республикасы - маусымның 14, 1950
Коста Рика - мамырдың 19, 1950
Кот д'Ивуар - қазанның 27, 1960
Куба - тамыздың 29, 1947
Кувейт - қарашаның 18, 1960
Кук Aралдары - қазанның 25, 1989
Қазақстан - мамырдың 22, 1992
Қырғызстан - маусымның 2, 1992
Қытай - қарашаның 4, 1946
Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы - шілденің 9, 1951
Латвия - қазанның 14, 1991
Леван - қарашаның 4, 1946
Лесотто - қыркүйектің 29, 1967
Либерия - наурыздың 6, 1947
Ливия Араб Джамахириясы - маусымның - 27, 1953
Литва - қазанның 7, 1991
Люксембург - қазанның 27, 1947
Маврикия - қазанның 25, 1968
Мавритания - қаңтардың 10, 1962
Мадагаскар - қарашаның 10, 1960
Македония Республикасы - Маусымны 28, 1993
Малави - қазанның 27, 1964
Малайзия - маусымның 16, 1958
Мали - қарашаның 7, 1960
Мальдивтер - шілденің 18, 1980
Мальта - ақпанның 10, 1965
Маршал аралдары - маусымның 30, 1995
Мексика - қарашаның 4, 1946
Микранезия - қазанның 19, 1999
Мозамбик - қазанның 11, 1976
Молдова Республикасы - мамырдың 27, 1992
Монако - шілденің 6, 1949
Моңғолия - қарашаның 1, 1962
Морокко - қарашаның 7, 1956
Мьянмар - маусымның 27, 1949
Намибия - қарашаның 2, 1978
Науру - қазанның 17, 1996
Недерландтар - қаңтардың 1, 1947
Непал - мамырдың 1, 1953
Никарагуа - ақпанның 22, 1952
Нигер - қараашаның 10, 1960
Нигерия - қарашаның 14, 1960
Niue 26 October 1993
Норвегия - қарашаның 4, 1946
Оман - ақпанның 10, 1972
Орталық Африка Республикасы - қарашаның 11, 1960
Оңтүстік Африка - желтоқсанның 12, 1994
Өзбекстан -
Палау - қыркүйектің 20, 1999
Панама - қаңтардың 10, 1950
Папуа Жаңа Гвинея - қазанның 4, 1976
Парагвай - маусымның 20, 1955
Пәкстан - қыркүйектің 14, 1949
Перу - қарашаның 21, 1946
Польша - қарашаның 6, 1946
Португалия - қыркүйектің 11, 1974
Ресей Федерациясы - сәуірдің 21, 1954
Руанда - қарашаның 7, 1962
Румыния - шілденің 27, 1956
Самоа - сәуірдің 3, 1981
Сан Марино - қарашаның 12, 1974
Сао Томе және Принсип - қаңтардың 22, 1980
Сауд Араб Корольдігі - қарашаның 4, 1946
Свазиланд - қаңтардың 25, 1978
Сейнт Винсент және Гренадинес - қаңтардың 14, 1983
Сейнт Киттс және Невис - қазанның 26, 1983
Сейнт Лусия - наурыздың 6, 1980
Сейшелдер - қазанның 18, 1976
Сенегал - қарашаның 10, 1960
Сербия - желтоқсанның 20, 2000
Сингапур - қазанның 8, 2007
Сирия Араб Рспубликасы - қарашаның 16, 1946
Словакия - ақпанның 9, 1993
Словения - мамырдың 27, 1992
Соломон Аралдары - қыркүйектің 7, 1993
Сомалия - қарашаның 15, 1960
Судан - қарашаның 26, 1956
Суринам - шілденің 16, 1976
Съера Леоне - наурыздың 28, 1962
Таиланд - қаңтардың 1, 1949
Танзания Біріккен Республикасы - наурыздың 6, 1962
Тәжікстан - сәуірдің 6, 1993
Того - қарашаның 17, 1960
Тонга - қыркүйектің 29, 1980
Тринидад және Тобаго - қарашаның 2, 1962
Тунис - қарашаның 8, 1956
Туркия Республикасы - қарашаның 4, 1946
Түркменстан - тамыздың 17, 1993
Тувалу - қазанның 21, 1991
Уганда - қарашаның 9, 1962
Украина - мамырдың 12, 1954
Уругвай - қарашаның 8, 1947
Үндістан - қарашаның 4, 1946
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі - шілденің 1, 1997
Фиджи - шілденідің 14, 1983
Филиппиндер Республикасы - қарашаның 21, 1946
Финлндия - қазанның 10, 1956
Франция - қарашаның 4, 1946
Хорватия - маусымның 1, 1992
Чад - желтоқсанның 19, 1960
Черногорие - наурыздың 1, 2007
Чехия Республикасы - ақпанның 22, 1993
Чили - шілденің 7, 1953
Швеция - қаңтардың 23, 1950
Швейцария - қаңтардың 28, 1949
Шри Ланка - қарашаның 14, 1949
Шығыс Тимор - маусымның 5, 2003
Эквадор - қаңтардың 22, 1947
Экваториялық Гвинея - қарашаның 29, 1979
Эл Сальвадор - сәуірдің 28, 1948
Эритрея - қыркүйектің 2, 1993
Эстония - қазанның 14, 1991
Эфиопия - шілденің 1, 1955
Ямайка - қарашаның 7, 1962
Серіктес мүше елдер
Аруба - қазанның 20, 1987
Британдық Виргиния Аралдары - қарашаның 24, 1983
Кайман Аралдары - қазанның 30, 1999
Макао, Қытай - қазанның 25, 1995
Недерландықтардың Антиллері - қазанның 26, 1983
Токелау - қазанның 15, 2001
Фарер Аралдары - қазанның 12, 2009
Бақылаушы елдер
Палестина
Әулие Теңіз
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыhttp://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:Logo_UNDP.gihttp://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82:Flag_of_WHO.sv. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады.Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының орта әкімшілік органы — Хатшылық (штаб пәтері Женева қаласы; Швейцария). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 192 мемлекет мүше (2000). Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 1992 жылы 19 тамызда мүше болып қабылданды (Еуропа аймақтық ұйымына кіреді). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: [Еуропа] (аймақтық бюросы — Копенгаген қаласында, Дания); Африкалық (Браззавиль қаласы; Конго); Жерорта тенізнің шығыс бөлігі (Александрия қаласы, Египет); Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Нью-Дели қаласы, Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қаласы, Филиппин) және америкалық (Вашингтон қаласы, АҚШ). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, медицина статистика есеп жүргізу (мысалы, ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғылым зерттеулер жүргізуді қолдау, т.б. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының сәтті аяқталған халықараралық жобаларына дүние жүзінде безгек және шешек ауруларын жою бағдарламасы жатады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, сондай-ақ, туберкулезбен, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулармен, паразиттік, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен (мысалы, жүрек-қантамыр, қатерлі ісік, психикалық аурулар, т.б.) күрес жүргізу бағдарламаларын іске асыруда. 1978 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықараралық конференциясында 20 ғасырдағы Денсаулық сақтау ісінің хартиясы аталған “Алматы декларациясы” қабылданды. 1979 жылы Өлкелік патология ғылым-зерттеу институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылым-зерттеу ортлық) жанынан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп жұмыс істейтін алғашқы медицина-санитариялық көмек жөніндегі Халықараралық орта ашылды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бюджетінің негізін оған мүше елдерден жүйелі түрде жиналатын жарналары құрайды.
БҰҰ-дың Деңсаулық сақтау мәселелері жөнңндегң бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҮ) (World Health Organization)[1]
1946 жылы құрылған.
Қатысушылар — БҰҰ-ға мүше мемлекеттер.
Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту.
Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бағамдау және бақылау, радиоактивтік соулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық стратегиясын талдап-белгілеу.
Мекен-тұрағы — Швейцария, Женева.
Женевадағы штаб-пәтері
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы
МЭЕҰ жалауы
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) - (The organisation of the Petroleum Exporting Countries, OPEC)[1] - табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 11 ел кіретін халықаралық ұйым; Азия, Африка және Латын Америкасының негізгі мұнай өндіруші мемлекеттерінің бірілестігі.[2]
Мұнай шығарушы елдердің мұнайды сыртқа шығару саласындағы саясатын үйлестіру мақсатындағы алғашқы қадамдары 1949 ж. Венесуэлланың бастамасымен жүзеге асты. Өзара ықпалдасу және пікір алмасу барысында 1960 ж. қыркүйекте Бағдадтағы конференцияда МЭЕҰ құру туралы шешім қабылданды, ол конференцияға Венесуэлла, Ирак, Иран, Кувейт және Сауд Арабиясы (осы мемлекеттер ұйымның негізін қалады) елдерінің өкілдері қатысты.
МЭЕҰ штаб- пәтері
Бүгінгі таңда жоғарыда аталған елдерден өзге мына елдер МЭЕҰ-ның толыққанды мүшелері болып табылады: Алжир, Индонезия, Катар, Ливия, Нигерия және Біріккен Араб Эмираттары. Эквадор 1973-1992 жж. аралығында, Габон - 1975-1995 жж. аралығында МЭЕҰ-ның мүшесі болды. Ұйымға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаушы кез келген мемлекет, егер оның өтініші ұйымның өзге мүшелерінің төрттен үшінің қолдауына ие болып, негізін қалаушы елдер наразы болмаған жағдайда мүше бола алады. МЭЕҰ-ның штаб-пәтері бастапқыда Женевада (Швейцария), ал 1965 жылдан Венада (Австрия) орналасқан.[3]
Африка Бірлігі Ұйым. Африка Бірлігі Ұйымы – Африканың 50-ден астам елдерін біріктіретін ұйым. 1963 жылы мамыр айында Аддис-Абебада (Эфиопия) құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты – жаңартылған отаршылдыққа тойтарыс беру, Африка мемлекеттерінің өзара саяси және экономикалық ынтымағын дамыту, олардың тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау, сыртқы саясатта , экономика мен мәдениет салаларында келісілген іс-қимыл жүргізу. Жоғарғы органы – мемлекеттер мен үкімет басшыларының Ассамблеясы (жылына бір рет жиналады), жоғарғы атқарушы органы – сыртқы істер министрлерінің кеңесі (сессиясы жылына екі рет жиналады). Ұйымдастыру-атқару жұмыстары Бас секретариатқа жүктелген. Штаб-пәтері Аддис-Абебада арналасқан.
- экстенсивті өндіріс, өнім көлемі негізінен өндірістің көлемін ұлғайту арқылы жүргізіледі. Мысалы, егіншілік жерлерді, мал басын көбейту, т.б.
- интенсивті өндіріс, өнім көлемі өндірістің өнімділігін арттыру арқылы жүргізіледі.Мысалы, егіншіліктің түсімін жаңа тұқым арқылы арттыру, малдың сүттік немесе еттік өнімділігін жоғарылату.
|
Достарыңызбен бөлісу: |