20
қағазды үнемдеп пайдалану керектігін ескертеді. Ірі қиындыларды
лақтырмау қажет, оларды ұсақ бөлшектерді жасау үшін пайдалануға
болады. Балаларды жұмысты тез, ұқыпты орындауға және өзінің
жұмыс орнын жинастырып қоюға бағыттайды.
(ұ) қауіпсіздік ережелері.
Педагог тәрбиеленушілерге жұмбақ жасырды:
Қос таяқ,
Бастары дөңгелек,
Тұтас затты
Кеседі бөлек-бөлек. (Қайшы)
Бұл құрал өте мықты,
Жұмысы жетіп артылады.
Кесіп, қиюдан шаршамайды.
(Қайшы)
Сабақ шеңберінде қайшымен жұмыс істеу ережелерімен
таныстырады.
Өз жұмыс орныңда жұмыс тәртібін сақта.
Жұмысты бастамас бұрын құралдардың түзу болуын тексер.
Жұмыс кезінде қайшының ашаларының қозғалысын қадағалап отыр.
Қайшының ашаларын ашық қалдырма.
Қайшыны сауытына ашаларын төмен қаратып сал.
Қайшымен ойнама, қайшыны бетіңе тақама.
Қайшыны міндетіне сай пайдалан.
Қайшымен жұмыс істеу
ережесі жазылған плакат
(слайд).
IV. ұОқ-ін
қорытындылау.
Рефлексия.
26–30 минут
(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау
Сабақтың соңында тәрбиеленушілер педагог ұсынған сұрақтарға
жауап береді: бір-бірінің құлағына сыбырлайды немесе ойын
кейіпкерлеріне не бүкіл сыныпқа дауыстап айтады:
Сен нені барлығынан да жақсырақ істедің?
Бүгін саған кім көмектесті?
Сен нені жасай алмадың және не себепті?
Келесіде оны жасау үшін не істейсің?
Ең қиыны не болды?
Ең қызықтысы не болды?
Тағы да нені жасай алмадың?
Сабақтағы жұмысы үшін кімге алғыс айтар едің және т.б.?
Ойын кейіпкерлері.
Музыкалық сүйемелдеу.
3-ұОқ. қАмзОЛ мен ШАПАнды
БЕзЕндіРЕміз
(сәндік жапсыру)
мектеп/мұ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
сынып/топ:
қатысқандардың саны:
қатыспағандардың саны:
ұОқ-нің оқыту
мақсаттары
0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы,
ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің
кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде
өрнектерден жапсырулар құрастыру.
0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі
симметриялық пішіндерді қиып алу.
0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.
Күтілетін
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
-геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырмалар құрастыра алады;
-қағаз парағын толтыра алады, заттарды бір сызыққа орналастыра алады;
-жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіреді.
қайшыны дұрыс ұстап, оны еркін қолдана алады.
Көптеген тәрбиеленушілер:
-жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, өрнектерді
симметриялы, ырғақты орналастыруды біледі.
Кейбір тәрбиеленушілер:
-елестету бойынша суреттер жасай алады.
21
тілдік мақсаттар дағдыларды дамыту:
-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;
-жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айтып беру;
-ұлттық дәстүрлермен және қолөнерлермен, халық шығармашылығы бұйымдарымен танысқан кезде
сөздік қорды байыту;
-түстерді, пропорциялық қатынастарды сөзбен сипаттау;
-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;
-өзінің және басқалардың жұмыстарын талқылау және түсіндіру.
Көптілділік: ою – орнамент – decorative pattern.
негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
-қамзол, шапан, ою-өрнек, геометриялық фигуралар, түс, реңк, сұлба, екіге бүктелген, қатпарланған.
талқылауға арналған сұрақтар:
Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесің?
Ою-өрнек дегеніміз не?
Қандай түстерді пайдаланамыз? Не себепті?
Оюды параққа қалай орналастырамыз?
Қағазды екіге қалай бүктейді? Қатпарлап ше?
Алдыңғы білім
Қайталау және ырғақ қағидалары негізінде қарапайым өрнектер құрастыру. Қазақ халқының
салт-дәстүрлерімен танысу. Желіммен және қайшымен жұмыс. Қағазды бірнеше қабат етіп
бүктеу, геометриялық сәндік элементтерді, фигураларды бірден көп етіп қию, шаршыларды,
тіктөртбұрыштарды, шеңберлерді, сопақ пішіндерді екіге бөліп қию, шаршыларды диагоналі бойынша
қию және т.б.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс- әрекет
Ресурстар
і. Оң көңіл күй
орнату.
0–1 минут
(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.
Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады.
Қолыңды бер, шеңберге кел.
Күлім қағып, ойна да күл.
Қол ұстасып, ширақ басып,
Біз жүреміз достасып.
Музыкалық сүйемелдеу.
II. өмірлік тәжірибені
өзектендіру.
мақсат қою
2–5 минут
(ұ) Педагог тәрбиеленушілерге қазақ оюларының белгілі
элементтерін атауды ұсынады: тұмарша, бестаңба, балта, ирексу,
жіліншік, гүл, омыртқа, қайнар, ботагөз, қошқармүйіз.
Балалар олардың неге ұқсайтынын айқындайды.
Педагог балалардың назарын қамзол мен шапанның суретіне
аударып, мақсат қоюға әкеледі.
ҰОҚ-не дайындықты тексеру. Тәрбиеленушілер клеенканы
төсейді, үстелдің оң бұрышына қайшы, желім жаққыш,
қарындаштар мен фломастерлер салынған стақанды қояды.
Стақанның қасына желім, қағаз қиындыларын салуға арналған
ыдысты қояды. Қиып алынған суреттерге желім жағуға арналған
қағаз парақтарын дестелеп қояды. Артық желімді сүртуге
арналған шүберекті орналастырады. Оң жақта түрлі түсті
қағаздар.
Иллюстрациялар,
тұсаукесер слайд.
Балаларға арналған
ұлттық көйлектер.
Түрлі түсті қағаздар, жай
қарындаштар, ПВА желімі
(немесе қарындаш-желім),
желімге арналған жаққыш,
шүберектер, төсейтін
клеенкалар.
III. ұОқ-нің тақырыбы
бойынша жұмыс
6–25 минут
(ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Педагог тәрбиеленушілерге әліппе-альбомдағы суретке қарап,
қазақ ұлттық киімінің таныс элементтерін атауды ұсынады
(тақия, көкірекше, қамзол). Олардың немен безендірілгенін
анықта.
«Ою» ұғымын айтып бер. Ою – белгілі бір тәртіпте орналасқан
өрнек.
Қамзолды ирексу оюларымен, ал бешпентті гүл оюымен сәндеуді
ұсынады.
(ұ) «тату-тәтті саусақтар» жаттығуы.
Бұл саусақтар шымшылайды (бас бармақпен және сұқ саусақпен
екінші қолымыздың алақанын шымшылаймыз).
Мына саусақтар серуендейді (сұқ саусақ пен ортаңғы саусақты
екінші қолдың үстімен «жүргіземіз»).
Әліппе-альбом,
қазақ оюларынан жасалған
сәндік жапсырма үлгісі.
Музыкалық сүйемелдеу.