СТРАТИФИКАЦИЯ
203
I
Қоқысшығару-қазіргізаманғы
I өмірүшінжағымсызболғанымен,
өте маңызды іс, алайда қоқыс
жинаушылардың еңбекақысы өте төмен.
Құрылымдық-функциялықтеория
олардың еңбекақысының төмендігін
кәсіби шеберлігініңболмауымен
байланыстырса, конфликт теориясы
олардыңбилікке қолы жетпеуін
көлденең тартады.
дәрігерлерге деген ұсынысы азайтып, сұранысты арттырады;
2)
әлеуметтік таптағы орын, жыныс, нәсіл немесе ұлт, талант-
тар мен қабілеттілерге қарағанда жоғары мәртебеге жетуде
маңызды рөл атқарады;
3)
мәртебесі жоғары адамдардың көпшілігі (рок жұлдыздар,
кәсіби спортшылар, косметикалық оташылар) қоғам тұрақ-
тылығын сақтауға ықпал ете алмайды.
Әлеуметтанушылар осы мәселені зерттеуде және теңсіздікті түсіну
үшін құрылымдық-функциялық теорияның пайдасын талқылауда.
Конфликт теориясы
Конфликтология теорияшыларының теңсіздікке деген көзқарасы
мүлде басқаша. Олардың ойынша, теңсіздік әлеуметтік қажеттілік-
терді қанағаттандыруға қатысты ымыраға келуден емес, таптар ара-
сындағы шиеленістен туындайды.
Карл Маркс теңсіздіктің классикалық конфликт теориясын
ұсынды. Оның ойынша, теңсіздік адамның жеке өндіріс құралдары-
на иелік етіп, меншіктенуінен табиғи түрде пайда болған. Өндіріс
құралдарына иелік ететіндер өздерінін, жеке пайдасын барынша
арттыруға тырысып, еңбектерін соларға сатудан басқа амалы жоқ
пролетарийлерге беретін ақы мөлшерін азайтуды көздейді. Осы
тұрғыдан алғанда стратификация қажетсіз де, әділетсіз де болып
көрінеді. Теңсіздік қоғамға пайда әкелмейді, пайдаға кенелетіндер -
байлар ғана.
Классикалық марксистік теория сияқты, қазіргі заманауи конф
ликт теориясы да биліктегілер өзіне жүмыс жасайтындардың қы-
сым көріп, қажитынын мойындайды деп санайды (Sears, 2008). Бүл,
Маркстің пікірінше, шектен шығып, беделді адамдар мен топтардың
шектеулі ресурстарға таласының әсерін және таптық айқастардың
саясатқа ықпалын көрсетеді (Sears, 2008; Massey, 2007). Сондай-ақ за
манауи конфликт теориясы экономикалық емес билікті, көбінесе
гендерлік және нәсілдік тұрғыдан қарастырады. Теорияшылардың
202
7-ТАРАУ
керініңтабысы $51 000, ал америкалық отбасылардың 20%-ыныңжыл-
дық табыс мөлшері $20 813 (U.S Bureau of Labor Statistic, 2011c; U.S Bureau
of the Census, 2011c).
Табыстар арасындағы осындай үлкен айырмашылықты қалай
түсіндіруге болады? Бұл сүраққа жауап беру үшін стратификацияның
әлеуметтік қүрылымына көз жүгіртуіміз керек. Миллиардер немесе
полиция қызметкерінің табысы туралы сұрамастан бүрын шектеу-
лі ресурстарға неліктен кейбір топтар ғана ие болатыны туралы сөз
қозғаймыз. Қүрылымдық-функциялық және конфликтология теория-
шылары ұсынған стратификация жөніндегі теорияларды қарастыр-
ғаннан кейін адамдардың осындай әртүрлі топтарға қалай жікте-
летіні туралы теориялық түсініктемелерге тоқталамыз.
Құрылымдық-функциялық теория
Стратификацияның құрылымдық-функциялық теориясы (басқа да
құрылымдық-функциялық теориялардың пайымдауы сияқты) бо-
йынша әлеуметтік стратификация кез келген әлеумегтік элемент-
тей әлеуметгік тұрақтылыққа ықпал етпесе, жалғастық таппайды.
Бұл ұстанымның классикалық тұжырымдамасын берген Кингслей
Дэвис пен Уиллберт Мур (1945): «Стратификация қоғамға маңызды қыз-
меттер атқаруға көмектеседі, біз оның бар екенін білеміз», - деді. Егер
әрбір адамның қалауы ескеріліп, орындалып отырса, жүрттың бәрі
бастық болып, дәнді-дақыл өсіретін немесе қоқыс шығаратын, бала-
ларға күтім көрсететін ешкім қалмас еді. Немесе әркім өз балалары-
мен үйде отырғысы келсе, полиция қызметін немесе медициналық
қызмет көрсететін епікім табылмас еді. Демек, Дэвис пен Мур айтқан-
дай, әрбір қоғамда қызметтің кейбір маңызды, бірақ жағымсыз түр-
лерімен айналысатын адамдардың немесе сирек кездесетін таланттар
мен кәсіби шеберлікті қажет ететін қызметтегі адамдардың еңбекте-
рі жеткілікті мөлшерде бағалануы тиіс.
Осы тұрғыдан алғанда, бала күтімімен айналысатын қызмет-
шілерге қарағанда, дәрігерлердің еңбекақысы жоғары болуы керек.
Екеуі де қажетті болғанына қарамастан, медициналық оқуға түсу
үшін көптеген адамдарға білімі, машығы, таланты жетпей жатады.
Сонымен бірге бүл мамандық көп жыл оқу мен ұзақ уақыт дайын-
дықты талап етеді. Олар кейбір кездерде жұмысын қолайсыз және
стресс жағдайларында орындайды. Дэвис пен Мур: «Осындай үлкен
талаптар қойылатын әрі күрделі міндеттерді атқаратын адамдарды
ынталандыру үшін, олардың еңбегін жоғары құрметтеп, марапат
көрсетіп, табыстарын жақсартуымыз керек», - деген. Мұны қоғам
өзі анықтай жатар, алайда қай кезде болсын еңбекақы мөлшері аз
болса да, балалар күтімімен айналысуды қалайтындар саны азай-
майды. Құрылымдық-фунциялық теория бойынша, бала күтімімен
айналысатындарға қарағанда дәрігерлердің еңбекақысы жоғары
болуы - әлеуметтік қажеттілікке байланысты орнаған жағдай.
Сыни ескертулер
Құрылымдық-функциялық теория маңызды сыни түжырымдар
шығарды. Олардың ішіндегі ең негізгілері мыналар:
1)
сұраныстың жоғары болуы (тапшылық) жақсы жұмыс орын-
дарына қол жеткізу мүмкіндігінің шектелуіне байланысты
қалыптасуы мүмкін. Мысалы, медициналық оқу орындары-
ның жеткіліксіз болуы және негізсіз қатаң талаптар қойылуы
Достарыңызбен бөлісу: |