Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет92/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   147

208
7-ТАРАУ
7.4-СЫЗБА. Табыс теңсіздігі 
және әлеуметтік утқырлықтың 
жеткіліксіздігі
Табыс теңсіздігі де, әлеуметтік 
ұтқырлықтың жеткіліксіз болуы да өзге 
елдерге қарағанда, АҚШ-та жоғары. 
Қызыл жолақ -  табыс теңсіздігін, көк 
жолақ -  ерлердің табысының әкелерінің 
табысымен салыстырғандағы деңгейін 
көрсетеді (яғни қай елде әлеуметтік 
ұтқырлықжетіспейтінін көрсетеді).
Ә леум еттік м обил ьд іліктің та п ш ы л ы ғы *
Үлыбритания
0,5
АҚШ
g g j g g g g   0.47
Германия
° '33
Франция
° '3
Швеция
шшт 
° '2
Канада
I  
0,19
Финляндия
0,18
Норвегия
Я
  0,17
Дания
|   0,16
Табыс теңсіздігі**
0,25
І   0,26
* Әкелер мен олардың ересек үлдарының кіріс көзінің сәйкестік деңгейі.
** Шкала деңгейі 0-дан (табыс теңсіздігі жоқ) 0.6-ға (теңсіздік деңгейі жоғары) дейін.
Дегенмен кейбіреулер үшін «Америкалық арман» - қолжетімді ар- 
ман. Америкалықтардың 1/3 бөлігі ұтқырлықпен жоғарылаған (Isaacs, 
Sawhill  and  Haskins,  2008).  Басқа  елдерден  қоныс  аударған  адамдар 
үшін АҚШ көптеген «мүмкіндіктер ошағы» болып көрінеді. Білімді, са- 
уатты  қоныс  аударушының  қарапайым  америкалықтарға  қарағанда 
еңбекақысы жоғары  болуы ғажап емес. Ал білім-біліктілігі нашар қо- 
ныс аударушының өз елінде табатын табысына қарағанда, АҚШ-тағы 
табысы  көбірек  болады.  Бірақ  америкалықтардың  өзге  1/3  бөлігінің 
ұтқырлық жағынан алатын орны төмендеуде, қалғандары өз ата-ана- 
ларының әлеуметтік таптағы орнына сай.
Жоғары ұтқы рлы қты  түсін дір у
«Америкалық  арман»  идеологиясының  өміршеңдігі  жоғары  ұгқыр- 
лыққа  негізделген.  Ұтқырлыққа  кедергі  келтіретін  күштердің  бар 
екенін  ескерсек,  кейбір  адамдардың  ата-анасының  әлеуметтік  тап- 
тағы орнынан жоғары көгерілуін қалай түсіндіруге болады?
Әрине,  ақыл,  еңбекқорлық  және  білімділік  маңызды  (Isaacs, 
Sawhill  and  Haskins,  2008).  Дегенмен  кедей  отбасыларынан  шыққан 
көптеген  зерек  балалардың  жоғары  білім  алуға  мүмкіндігі  жоқ.  Ал 
кейбір адамдар еңбекқор болғанымен, табыс мөлшері өте аз.
Жоғары  ұтқырлық  құбылысын  түсінуде  әлеуметтанушы  Джули 
Беттидің  этнографиялық  зерттеуінің  пайдасы  зор.  Бетти  орта  тапқа 
жататын  мектепте  тоғыз  ай  бойы  (2003)  сұхбат  өткізіп,  зерттеу жүр- 
гізген.  Оның  байқауынша,  көбінесе  мұғалімдер  мен  мектеп  ұжымы 
оқушыларды  мәртебесін  көтеруге  жігерлендірген:  орта  буын  оқу- 
шылары  алдыңгы  қатарлы  сыныптарға  көшіп,  оқу жетістіктері  атап 
өтіліп,  мадақгалған.  Жұмысшы  отбасынан  шыққан  оқушыларға 
кәсіби  даярлық  дәрістеріне  қатысу  ұсынылған;  ал  аз  қамтылған  от­
басынан  шыққан  оқушылар  назардан  тыс  қалып,  оларға  үміт  ар- 
тылмаған.  Осылайша,  барлық  әлеуметтік таптар  оқушыларының  аз 
бөлігі  нәсілдік  кемсітуден,  мұғалімдердің  үміт  артпауынан  зардап 
шеккен.


СТРАТИФИКАЦИЯ
209
Солай бола тұра, кейбір  қарапайым  отбасынан  шыққан оқушылар 
утқырлықты  арттыру  багытын  ұстанады.  Олардың  барлығы  ақылды 
және  еңбекқор  екені  анықталды.  Бірақ  жұмысшы  және  төменгі  тап 
оқушылары  үшін  қол  жетпейтін  ресурстар  бар.  Кейбірі  орта  буыішың 
спорттық  командаларына  немесе  мұғалімдер  мен  кеңесшілер  қурған 
уйірмелерге  қатысқан.  Кейбіреулерінің  жоғары  оқу  орнын  аяқтаған 
және  қаржылай  әрі  рухани  түрғыдан  қолдайтын (мысалы,  жогары  оқу 
орнынан білім алудың маңызын түсіндіретін және үлгі көрсегетін) туыс- 
тары бар. Жоғары оқу орнына түсуге қосымша даярлықтар қарастырыл- 
ған  мектепті  бітіру  барлығына  тиімді  болды.  Кейбір  оқушылар  қоныс 
аударган  орта  тап  отбасыларынан  шыққан.  Бұл  оқушылардың  оқуга 
қажет қаржылай ресурстары болмаса да, сауатты ата-аиаларыиан бойы- 
на сінген рухани қоры жеткілікті екені анықталды.
Сол  сияқты,  Далтон  Конлей  (2004)  «ресурстаріа  дифференциалды 
жолмен  қол  жеткізу  отбасылар  ішіндегі  әлеуметтік  үтқырлыққа  бай- 
ланысты»  деп  түсіндірген.  Колледжде  оқып  жүрген  баланың  ата-ана- 
сы ажырасып немесе әкесі жүмыссыз қалган жағдайда,  оның мектепте 
оқитын  кіші  інісіне  қараганда  колледжді  аяқтауга  мүмкіндігі  көбірек. 
Керісінше,  ата-анасының  табысы  уақыт  өте  келе  өссе,  олар  өздерінің 
бірінші  баласынан  гөрі  кіші  баласына  әлдеқайда  көбірек  көмектесе 
алады.  Ата-аналардың  барлық  баласын  оқытуға  қаражаты  жеткіліксіз 
болса, қыздарын  емес, ұлдарын оқытуға үмтылады, ец болмағанда, тұң- 
гыш баласының оқуын төлеуге тырысады немесе қай баласына үміт арт- 
са, сол балаға, ягни бейімі бар баласына білім беруді үйғарады. Ата-аналар 
тарапынан  көмек,  қолдауды  негүрлым  көбірек  көрген  балаларға  әлеу- 
меттік үтқырлықпен алға басу жеңілдеу болады. Джули Бетти зерттеген 
оқушылар сияқты, әлеуметтік үтқырлықпен жоғарылау ресурстарга қол 
жеткізу мүмкіндігіне байланысты.
Әлеуметтік тап пен қоғамдағы 
өмір
Жалпы,  сіздің  әлеуметтік  таптағы  орныңыз  өмір  сүру  салтыңызды 
анықтайды.  Бүл  тарауда  АҚШ-тағы  әрбір  тапқа  тән  гүрмыс-тіршілік 
қысқаша сипатталады.
Кедейлік
АҚШ үкіметі жыл сайын кедейліктің ресми деңгейін немесе кедейлік- 
тің шегін, яғни лайықты деңгейде өмір сүру үшін отбасына қажег ең 
аз деген ақша сомасын белгілейді. 2011  жылғы көрсеткіш бойынша, 2 
ересек  адам  және  2  баласы  бар  отбасы  үшін  кедейлік деңгейі  $22,113 
құрады (АҚШ денсаулық сақгау және халыққа  қызмет корсету депар­
тамент), 2011). 2010 жылы 46 миллион адам, ягни америкалықтардың 
15.1%-ы  ресми  кедейлік  децгейінен  томен  үй  қожалықтарында  өмір 
сүрген (DeNevaWalt,  Proctor&Smith  2010).  Бүл -  үкіметтің 50 жыл бойы 
жүргізген  статисгикасындагы  байлар  мен  кедейлер  арасындағы  ал- 
шақтықтың ең жоғары шегіндегі көрсеткіш.
Халықтың кедей топтары
Кедейлік қогамның бірнеше саласына  эсер  етеді.  Кедейлік ақ нәсілді 
америкалықтардың да,  басқа  нәсілді  америкалықгардың да,  кішкен-
14-251


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау