Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет91/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   147

206
7-ТАРАУ
I
І
Академиялықтұрғыдан алғанда, 
кедей отбасындағы компьютері жоқ, 
өз іні-қарындастарының ортасында 
шулы бөлмеде сабақоқитын балаларға 
қарағанда, өз ноутбуктері бар, тыныш 
жатын бөлмеде сабақоқитын ауқатты 
отбасындағы балалардың жетістікке 
жету мүмкіндігі көбірек.
Иемденудің жанама үлгісі - 
ересектердің әлеуметтік таптағы 
мәртебесі олардың ата-анасының 
әлеуметтік таптағы мәртебесіне 
сай болады деген пікірмен 
үйлеспейді. Себебі балалардың 
талабы мен мүмкіндігіне эсер 
ететін - отбасылық мәртебе мен 
оның табыс мөлшері.
ма  -   иемденудің  жанама  үлгісі.  Ата-ана  өз  баласының  әлеуметтік 
мәртебесін  толық  қалыптастыра  алмайды,  әйтсе  де  баланың  жоғары 
әлеуметтік мәргебеге қол жеткізуіне қажетті жағдай жасау ата-ананың 
парызы.
Сіздің  әлеуметтік  таптағы  орныңызды  анықтайтын  бірден-бір 
болжамды  фактор  -   ата-анаңыздың  табыс  мөлшері  (Corcoran,  1995; 
Isaacs,  Sawhill&Haskins,  2008).  Егер  ата-анаңыз  орта  немесе  жоғары 
әлеуметтік тап өкілдері болса, жасыңыздан жақсы күтім көріп, дұрыс 
тамақтанасыз,  жоғары деңгейдегі медициналық  жәрдемге  жүгінесіз. 
Әлеуетті табыстың томен  болуына  себепші  жағымсыз  жағдайлардан 
аулақ  жүресіз  (Weitz,  2010).  Ата-анаңыз  сізді  ынталандырып,  сабақ 
оқуға арнайы қолайлы орын дайындап, «жоғары білім материалдары» 
бойынша оқытатын мүғалімдері бар үздік мектепке бере алады. Және 
туыстарға  көмек  корсету  үшін  сізді  жұмыс  істеуге  мәжбүрлемейді 
(Newman and Chen, 2008).  Сол сияқты, 2-бөлімде талқылағанымыздай, 
ата-анаңыз сізді орта немесе жоғары таптағы орынға жеткізетін мәде- 
ни, рухани капиталдармен қамтамасыз етеді.
Сонымен  бірге  егер  ата-анаңыздьщ  жоғары  немесе  орта  кәсіптік 
білімі  болса,  орта  тап  өкілдеріне тән жұмыс  істесе,  жоғары  білім алуы- 
ңызға  мүмкіндігіңіз  артады.  Ата-анаңыз  сізге  SAT  немесе  ACT  емти- 
хандарына  дайындық  курстарымен  елдегі  оқу  орындарының  -   сіздің 
таңдауыңыздың барлығының сүраныс ақысын төлеуге тырысады.
Оқуды  аяқтаған  соң,  ата-анаңыз таныстары  арқылы  сізді жақсы 
жұмысқа  орналастырып, тіпті киіміңізді алып беруге дайын. Бәлкім, 
үй алуға немесе жаңа кәсіп ашуға ақша берер. Ал ата-анаңыздың жоға- 
ры  білімі  болмаса,  онда,  керісінше,  сіздің  білім  алғаныңызды  емес, 
бірден жұмыс іздеп, табыс табуыңызды қалайды. Сіз оқитын орта мек- 
тептегі кеңесші де, жоғары білім алу үшін қажет алгебра сияқты курс- 
тарға  емес,  сауда-саттық немесе тігін курстарына  қатысуға  үгіттейді 
(Betty,  2003).  Егер  оқуды жалғастырғыңыз  келсе,  онда  осы  кедергілер- 
ден өтуге тура келеді.
Макроқұрылым: еңбек нарығы
Біреулерге  машық  пен  қүзыреттілік  жетіспеген  жағдайда,  басқалар- 
дың  жақсы  жерде  жұмысты  табысты  атқаруға  қалай  дайын  болаты-


СТРАТИФИКАЦИЯ
207
нын  түсіндіреді.  Алайда  машық  пен  құзыреттілік  міндетті  түрде 
тапқа,  мәртебеге  немесе  билікке  жетуге  кепілдік  бермейді.  Ірі  эко- 
номикалық  құлдырау  немесе  рецессия  жағдайында  еңбек  нарығы 
теңдіктің  ауытқуына  әкелсе,  білімге,  уәждемеге  (мотивация),  ын- 
таға  қарамастан,  жақсы  жұмыс  табу  қиынға  соғады.  Әрине,  көпте- 
ген  зерттеушілердің  пікірінше,  мемлекеттің  экономикалық  құры- 
лымындағы  және  еңбек  нарығындағы  өзгерістер  келесі  үрпаққа 
үтқырлықпен жоғарылауға болмашы ғана мүмкіндіктер береді.
АҚШ-тың кәсіби құрылымының жоғары деңгейдегі қызметкер- 
лерінің  саны  соңғы  ғасырда  арта  түсті.  Алайда  барлығы  тең  дәре- 
жеде  ұтқырлықпен  жоғарылау  мүмкіндігіне  ие  болған  жоқ.  Қазір 
әйелдер  мен  азшылық  өкілдері  үшін  еңбекақысы  жоғары  жұмыс 
табу  қиын  емес,  бірақ  олардың  орны  әлі  де  төмен  деңгейде.  Олар- 
дың ішінде корпоративтік заңгер емес, мемлекеттік қоргаушы қыз- 
метіндегілер;  оташы  емес,  балалар  дәрігері  қызметіндегілер  жиі 
кездеседі.
Еңбек  нарыты  теорияшыларының  айтуынша,  АҚШ-та  еңбек 
нарыгының  сегменттелген  түрі  қалыптасқан:  еңбек  нарығының 
бірі - жоғары қызметтер үшін (әдетте үлкен компанияларда),  ал  ең- 
бек  нарығының  екіншісі  -   төменгі  қызметтер  үшін  (әдетте  шағын 
компанияларда). Әйелдер мен азшылық өкілдері еңбекақысы төмен, 
жеңілдіктері  аз,  қауіпсіздігі  қамтамасыз  етілмеген және  қызметте 
жоғарылау мүмкіндіктері болымсыз компанияларда жұмыс істейді.
Америкалық арман: идеологи я ж ән е 
ш ындық
Кез  келген  стратификациялық жүйеде  ұтатындар  мен  ұтылатындар 
болады. Неліктен ұтылғандар өз жағдайына көнуі тиіс?
Мұның  жауабы  идеологияда  жатыр.  Идеология  -   әлеуметтік, 
саяси,  экономикалық  немесе  мәдени  ұстанымды  қолдап,  маңы- 
зын арттыратын кез келген идеялар  мен көзқарастар жүйесі.  Әрбір 
стратификациялық  жүйеге  елдегі  әлеуметтік  құрылымды  тиімді 
ететін және оны адамдардың қабылдауына  бағытталған  идеология 
бар.  Мысалы, Үндістандағы  үнді діні  “қазір  адам  төменгі  бір  каста- 
ның  мүшесі  болса,  бұл  -   өткен  өмірінде  оның  мінез-құлқы  дүрыс 
болмағандықтан”  деген  уағыз  айтады.  Бірақ  «егер  осы  ғұмырында 
иманды өмір сүрсе, онда келесі өмірде жоғары кастада туады» дейді. 
Бұл  идеология  адамдарды  өз  өмірінен  барынша  сабақ  алуға  бейім- 
дейді.
АҚШ-та теңсіздікті ақтайтын негізгі идеология «Америкалық ар­
ман» деп аталады. Демек, АҚШ-та әрбір адамның мәртебелі де табыс- 
ты  болуға  мүмкіндіктері  тең.  Яғни  талмай  еңбек  еткен  адам  үлкен 
жетістіктерге  жетеді.  Керісінше,  табысқа  жете  алмаган  адам  өз  сәт- 
сіздігінің себебін өзінен іздеуі тиіс. Мұндай идеологияға деген сенім 
әлемнің  басқа  елдеріне  қарағанда  АҚШ-та  жоғары  (Kohut  and  Stokes, 
2006;  Isaacs, Sawhill  and  Haskins,  2008).  Осыған қарамастан,  Батые  ел- 
дерімен  салыстырғанда,  АҚШ-тағы  әлеуметтік  ұтқырлық  дәрежесі 
төмен  (7.4-сызбағы  қараңыз).  АҚШ-пен  салыстырғанда,  Германияда 
әлеуметтік ұтқырлық - 1,4 есе, Канадада - 2,5 есе, Данияда 3 есе басым 
(Isaacs, Sawhill, 
&
 Haskins, 2008). Зерттеу нәтижелері бойынша, амери- 
калықтардың  жеке  табысының  50%-ы  ата-аналарының  табысымен 
байланысты (Isaacs,  Sawhill, 
&
 Haskins,  2008).  Мысалы, аз қамтылған 
отбасыларын  құрайтын  20%-дыц  ішіндегі  2/5  бөлігі  өз  ата-анасы- 
ның әлеуметтік таптағы  орнына  сай  орын табады  (Isaacs,  Sawhill, 
& 
Haskins, 2008).
Идеология - әлеуметтік 
құрылымды жетілдіруді көздейтін 
нормалар мен қүндылықтар 
жүйесі.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау