Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ДЕВИАНТТЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ,  ҚЫЛМЫС  ЖӘНЕ  ҚОҒАМДЫҚ  БАҚЫЛАУ



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет74/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   147

ДЕВИАНТТЫ  МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ,  ҚЫЛМЫС  ЖӘНЕ  ҚОҒАМДЫҚ  БАҚЫЛАУ
169
маңызды деп есептесе немесе көшенің бұрышында әлдебіреудің есірт- 
кі  сататынын  көріп,  дереу  полицияға  қоңырау  шалса;  психикалық 
ауру  адамның  саябақта  тұрғанын  немесе  жасөспірімді  әлдекімнің 
жазықсыз  жазалап  жатқанын  көріп,  бірден  әлеуметтік  қызмет  өкіл- 
дерін  шақырса,  онда  сіз  тұратын  ауданның  ұжымдық  тиімділігі 
жоғары  деп  есептеледі.  Ұжымдық  тиімділік  қүрылымдық  ахуалы 
жақсы аудандарда жиі кездеседі:  олардың жүмыспен қамтылуы мен 
үй сатып алу мүмкіндігі жоғары,  ал жұмысы мен табысы  олардың өз 
өмірін бақылауға деген ұмтылысын оята алады. Сондай-ақ олар қажет 
кезінде  полиция  мен  коммуналдық қызметтердің көмегінен  де  үміт- 
тенеді. Үжымдық тиімділік теориясына сүйенер болсақ, шамадан тыс 
құрылымдық кемшіліктерге үшырайтын аудандарда девианттылық 
болу мүмкіндігі жоғары.  Соның  кесірінен  мұндай  аудандарда  үжым- 
дық тиімділік төмен болады. Бұл теорияның эмпирикалық дәлелдері 
көп және девианттылықтың заңсыз түрі жөніндегі проблемада ықпа- 
лы айрықша артып келеді.
Конфликт теориясы
Құрылымдық-функциялық  теорияның  пайымдауынша,  девиантты- 
лық әлеуметтік  құрылым  бөліктерінің  (нормалар,  мақсаттар  мен  ре- 
сурстар)  арасында  интеграция  жоқтығынан  болады.  Осы  тұрғыдан 
алғанда, девианттылық -  қалыптан тыс  жағдайлардан туындайтын 
жалпы  нормадан  ауытқыған  құбылыс.  Алайда  конфликт  теориясы 
девианттылықты  кейбір  топтардың  қат  ресурстарға  басқалардан 
гөрі қолжетімділігі жоғарырақ болатын қоғамдағы  бәсекенің табиғи 
және  қашып  құтыла  алмайтын  өнімі  ретінде  қарасгырады.  Бұл  тео- 
рияны  жақтайтындар  әділетсіз  бәсеке  девианттылықты  зерттеуде 
көңіл аударатын басгы жайт болуы керек деп есептейді (Lemert,  1981; 
Reiman, 2005).
Конфликт  теориясының  болжауы  бойынша,  девианттылық- 
тың анықталу жайы  мен  сол девианттылыққа  кімдердің қатысты 
болуына  әлеуметтік  топтардың  арасындағы  бәсеке  мен  қақтығыс 
эсер  етеді.  Конфликт  теориясын  девианттылыққа  қатысты  қолда- 
нуға  болады, дегенмен  ол көбінесе  қылмыстың  өзін  және  қылмыс- 
тық  заңды  түсіндіруде  қолданылады.  Тарихи  тұрғыда  ол  гаптық 
қайшылықтардыц  әсерін  зерттейді.  Сонымен  қатар  бұл  теория 
нәсілдік,  этностық және гендерлік конфликтілерді талдау үшін де 
жиі қолданылады.
Мертон инновация терминін 
әлеуметтіктурғыда мақұлданған 
мақсаттарға жету үшін (мысалы, 
жарыста жеңу) мәдениет 
мақулдамайтын (мысалы, стероид 
қолдану) әдістерді қолданатын 
адамдарға қатысты пайдаланады.
Қылмысқа анықтама
Конфликт  теориясын  қолдайтындар  қолында  заңды  билігі  бар  топ- 
тардың  саяси  және  экономикалық  мәртебесін  жоғарылату  үшін  пай- 
даланатын  қаруы  деп  есептейді  (Arrigo,  1998;  Liska,  Chamlin,  Reed, 
1985;  Reiman, 2005).  Осы позицияны  қолдаушылар  кейде қылмыстың 
анықтамасының өзі бай адамдардың мүддесіне қарай жасалған дейді. 
Мысалы, корпорациялар  қауіпті  машиналарды  сатқанда  немесе улы 
химиялық заттарды суға тастағанда мыңдаған адамды өлтіруі немесе 
оларға  залал келтіруі мүмкін.  Бірақ бұл  әрекеттер соттарда  сирек қа- 
растырылады.
Сонымен  қатар  конфликт  теориясын  қолдаушылар  қылмыстық 
сот  жүйесінің  «қылмыстық»  деп  аталған  іс-әрекетке  жауабы  билік- 
тегілердің  мүдделерін  қорғайды  деп  санайды  (Reiman,  2005).  Біздің 
жүйе ақша жымқырушылардан гөрі көше ұрыларын жауапқа тартуға, 
клиенттерінен гөрі жезөкшелердің өзін жауапқа тартуға  көбірек шы-


170
6 -ТА РА У
І
Дифференциалды ассоциация 
теориясы -  бандылар жайлаған
аймақта туып-өскен адамдардың 
өздері де, көбіне бұзақы болып 
шығатынын түсіндіреді.
ғынданады. Сол сияқты, анаша қолданудың қаупі қоғам үшін де, ана­
ша қолданатындар үшін де бірдей болғанмен (көбіне қара нәсілділер 
қолданатын), крэк-кокаинге қарсы  заң (көбіне ақ нәсілділер қолдана- 
тын)  «әдеттегі»  кокаинге  қарсы  заңнан  әлдеқайда  қатал.  Яғни  басқа- 
лармен  бірдей  қылмыс  жасаса  да,  кедейлер  мен  қара  нәсілділер  тұт- 
қындауға, қудалауға және соттауға жиірек үшырап отырады (Reiman, 
2005).
Қылмысқа қатысу
Конфликт теориясын  қолдаушылардың көбі құрылымдық функцио- 
нализмнің «көбіне кедей және ақ нәсілге жатпайтындар қылмыс жа- 
сайды»  деген  болжамымен  келіспейді.  Конфликтология  теорияшы- 
ларының айтуынша, мұндай адамдар өз мақсаттарын төмендететіні 
соншалық -  бүл  мақсаттарға  заңды жолдармен-ақ  қол  жеткізеді,  ал 
ақ  нәсілді  байлардың  көбі  мақсаттарын  жоғарылатып  жіберетіні 
сондай -  бұл мақсаттарға құнды қағаздарға  байланысты биржадағы 
құпия ақпаратты  сатып алу, тендерлерді ұту үшін  билік  өкілдеріне 
пара беру сияқты, қылмыстық әдістерді пайдалану арқылы ғана қол 
жеткізеді.
Көп  ғалымның  айтуынша,  ақ  нәсілділер  мен  бай  адамдар  қыл- 
мысты  сирек жасайтындай  болып  көрінеді,  себебі  мемлекет,  мектеп- 
тер мен соттар ондай адамдарға «қылмыскер» деген атты сирек береді 
(Reiman, 2005).
Яғни конфликт теориясын  қолдаушылардың кейбірі кедей  адам­
дар (этносына қарамастан) көбірек қылмыс жасайды деп санайды. Бүл 
теорияшылар,  негізінде,  Мертонның  «мақұлданған  мақсаттарға  қол 
жеткізуге  мүмкіндіктің  жоқтығы  кедейлерді  қылмысқа  итермелей- 
ді»  деген  болжамымен  келіседі.  Бірақ  олар  мұны  әділетсіз  қоғамда 
өмір сүрудің табиғи және ақылға қонымды әдісі ретінде қарастырады 
(Reiman, 2005).
Символдық интеракционизм 
теориялары
Символдық  интеракционизм  теориясы  бойынша,  девианттылық 
басқалармен әрекеттесудің нәтижесінде  беріледі,  соның салдарынан 
адамдар  өздерінің  девиантты  болмысын  қалыптастырады.  Девиант- 
тылық үлкен қоғамдық құрылымнан емес, бетпе-бет өзара әрекеттер- 
дің нәтижесінде қалыптасады деп саналады. Бүл 
д и ф ф е р е н ц и а л д ы қ  ас­
с о ц и а ц и я
 теориясы, 
т а р т ы н у
 теориясы және 
a m   т а ң у
 теориясы деген 
үш түрлі формада болады.
Дифференциалды ассоциация теориясы
Зерттеушілердің пікірінше, девианттылыққа бейім досы бар адамдар- 
дың  өздері де  көбінесе девиантты  болады  (Haynie  &  Osgood,  2005).  Ең 
алгаш  Эдвин  Сазерленд үсынған  (1974)  дифференциалды  ассоциация 
теориясы адамдар девианттылықты басқалармен ықпалдасу арқылы 
үйренеді деп түсіндірді (Pratt et aL, 2010).
Дифференциалды  ассоциация  неліктен  ереже  бұзуға  итермелей- 
ді?  Бір  қызығы,  адамдарды  әлеуметтік  нормаларды  ұстануға  немесе 
бұзуға  бірдей  механизмдер  үйретеді.  Егер  біз  негізінен  конформис- 
термен  аралассақ,  онда  әлеуметтік  нормалардың  стандартты  жиын- 
тығын үйренеміз  («ұрлық жасама»,  «әйеліңнің көзіне  шөп  салма» де­
ген  сияқты).  Ал  егер,  көбіне  ереже  бұзушылармен  қарым-қатынаста


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау