160
5-ТАРАУ
Қорытынды
1. Өзара қарым-қатынастар айырбас, ынтымақ-
тасу, бәсеке және конфликт деген төрт негізгі
әлеуметтік процеспен сипатталады.
2. Топтың тобырдан ерекшелігі - топ мүшелері
бір-бірін есепке алады және олардың өзара
әрекеттестігі ортақ мүдде мен өзара тәуелді-
лікке негізделеді.
3. Эталон топ - адамдар өздерін үнемі салыс-
гырып отыратын тоитар. Өзімізді жақсырақ
адамдармен салыстырып, салыстырмалы де-
привацияға жол береміз, бұл біздің өзімізді
бақытты сезінуімізге кері эсер етеді.
4. Негізгі топтарға өзара тығыз және бетпе-бет
әрекеттер тән. Бұлар жекелей қанағаттану
мен бірлесу үшін маңызды. Бұлар
- қоғамдағы
әлеуметтік бақылаудың негізгі агенттері. Қо-
салқы топтар үлкен, ресми және жеке адамға
негізделмеген болып келеді. Бұлар әдетте алға
қойылтан міндеттерді атқаруға бағытталған
және қоғам мен жеке тұлға үшін қажетті құ-
рал қызметін атқарады.
5. Топтың көлемі, басқа топтармен жақындығы,
ондағы байланыс түрлері және бірлігі топтың
өзара әрекетке түсуіне эсер етеді. Топтағы өза-
ра әрекеттестік топ мүшелерінің арасындағы
бірлік пен келісімге жетелейді, бұл кейде те-
pic шешімдерді қолдауға мүмкіндік береді.
6. Әр адамның қуатты және әлсіз байланыстар-
дан түратын әлеуметтік торабы бар. Әдетте біз
көмекке қатты мүқтаж болғанда өзіміз сенім
арта алатын адамдармен тығыз байланыс орна-
тамыз. Әлсіз байланыстар жүмыс іздеу сияқты
кең ауқымды әлеуметтік торапқа шығу керек
болған кезде пайдалы. Әдетте ұзақ жыл бойы бі-
лім алған адамдардың жалпы тыгыз байланы-
Сыни ойлау
1. Facebook сияқты әлеуметтік тораптар негізгі
топтар ма, әлде қосымша топтар ма? Олар топ-
тық бірлікке бастай ма? Мысалдармен түсін-
діріңіз.
2. Өз мінез-құлқыцыздың негізгі топтан гөрі қо-
сымша топтың әсеріне ұшыраган кезін корсе
те аласыз ба?
3. Ішкілікке (нашақорлыққа) салынған отба-
сыңыздың мүшесіне көмектесуге тырысып
сы да, ықпалды адамдармен тығыз байланысы
да күшті болады.
7.
Еріктілер қауымдастықтары - мүдделері ор-
тақ адамдардыц басын қосатын, табыс тап-
пайтын топтар. Олар негізгі топтардың кейбір
экспрессивті функцияларын қосымша топтар-
дың құралдық функцияларымен біріктіреді.
8. Адамдар тығыз, өзара мүдделес тораптарға қо-
сылып қауымдастық қүрады. Қауымдастық-
тың ішіндегі әлеуметтік байланьтстар салыс
тырмалы түрде әлсіз болған күннін, өзінде де
өз мушелеріне коп эсер етеді.
9. Кешенді ұйымдар - қалыптасқан мәртебелік
тармақтары бар үлкен ресми ұйымдар. Бюрок
ратия - тиімділікті барынша арттыру мақса-
тында құрылған күрделі ұйымдар. Бюрокра
тия әдетте еңбекті бөлу; иерархиялық билік;
ережелер мен қағидалар; адамгершіліктен
ада әлеуметтік қатынастар; карьераға, қыз-
меттің уақытшалығына, біліктілікке назар
аудару; тиімділікке баса назар аудару сияқты
ерекшеліктерімен сипатталады.
10. Қазіргі эаманіы ұйымдардың көбі бюрокра-
тиялық үлгіге негізделгеніне қарамастан, бір-
азы классикалық үлгіден әлдеқайда алшақ.
Макдональдтандыруды сынаушылар: «Бюрок-
ратияның ұтымдылыққа баса мән беруінің
иррационал зардаптары болуы мүмкін», - дей-
ді. Оның үстіне, тиімді бюрократиялардың
барлыгы қызметкерлерді беріле жүмыс іс-
теуге ынталандырып, ұжымдық мақсаттарға
жету үшін ұйымның негізі болатын нормалар
мен құндылықтарға, яғни ұжым мәдениетіне
сүйенуі керек.
жүрсіз делік. Мұнда қуатты және әлсіз байла-
ныстарыңыздың қандай пайдасы тиюі мүм-
кін?
4. Өз тәжірибеңізде бюрократияның қандай
функцияларын қолдандыңыз? Онда қандай
түйткілдер бар?
162
6-ТА РАУ
Конформизм жэне
девианттылық
Әлемдегі әрбір мәдениет нормалар мен құндылықтар жиынтыгын
ұсынады және әрбір қоғам сол мәдениетке бағындыру үшін әр мүше-
сін әлеуметтендіреді. Соның нәтижесінде біз көбіне қоғам талап еткен
істерді істеп, қоғамның дегенімен жүреміз. Бірақ үнемі
барлық ереже-
ге толық мойынсұнатындар кемде-кем. Бұл бөлімде адамдардың әлеу-
меттік нормаларды қалай және не себепті бұзатынын талдаймыз.
Бейресми қоғамдық бақылау-
достарымыз, қызметтестеріміз
және айналадағы
басқа адамдар-
дың бізді орынсыз әрекет жасаудан
бейресми түрде тыйып отыруы.
Ресми қоғамдық бақылау -
айыппүл салу, жұмыстан не
топтан шығару, қамау сияқты
әкімшілік жазалар қолдану
әдісі ресми қоғамдық бақылауға
жатады.
Конформизмді түсіну
Адамдардың неліктен ережені бұзатынын түсіну үшін, алдымен көп-
шіліктің неліктен көбінесе ережеге бағынатынын түсінуіміз қажет.
2-тарауда айтылғандай, ережеге бағынуға ынталандыратын күштер
мен процестер әлеуметтік бақылау деп аталады. Әлеуметтік бақылау
үш форма арқылы жүзеге асады:
•
өз-өзімізді
іштей бақылау арқылы;
•
бейресми бақылау арқылы: достарымыз бен жақындарымыз
ережеге бағынганымызды құптап, ереже бұзғанымыз үшін жа-
залайды;
•
ресми бақылау арқылы: мемлекет немесе басқа органдар ереже
бұзушылықты тыйып отырады.
Адамдар өз топтарының нормаларын қабылдап, оларды өз сенім
жүйесі мен бірегейлігінің бір бөлігіне айналдырғанда өз-өздерін іш-
тей бақылай бастайды. Біз дүкен тонаудан, сыныпта қатты кекіруден
өз-өзімізді тыйғанда полиция тұтқындайды, я сыныптан шығарып
жібереді деп қорыққаннан емес, ішкі құндылықтарымыз бен адами
болмысымызға қайшы келетіндіктен ондайға бармаймыз.
Өз-өзімізді бақылауға
бейресми қоғамдық бақылау қосылады.
Достарымыз, қызметтестеріміз және айналадағы басқа адамдар бізді
орынсыз әрекет жасаудан бейресми түрде тыйып отырады. Сондықтан
ішкі құндылықтарыңыз шашыңызды тықырлап алып тастауға (егер
әйел адам болсаңыз) немесе тырнағыңызды қызғылт лакпен бояуға
(егер ер адам болсаңыз) рұқсат бергенімен, достарыңыз безіп, ата-анаңыз
сыртқа теппеуі үшін және көршілеріңіз күлмеуі үшін олай істемейсіз.
Ал егер сізді бұлардың ешқайсысы тоқтата алмаса, онда
сіз ресми
қоғамдық бақылаудан қорыққаннан айылыңызды жиясыз. Мүнда
айыппүл салу, жұмыстан не топтан шығару, қамау сияқты әкімшілік
жазалар қолданылуы мүмкін. Мектептегі киіну тәртібін бұзған адам
мектептен шығарылады, дінбасының айгқанына мойынсұнбаған
адам діннен аласталады, ал дүкен тонаған адам түрмеге қамалады.
Әлеуметтік бақылау емтиханда көшіруден бастап кісі өлтіруге
дейінгі аралықта, негізінен, өзін-өзі бақылау мен бейресми қоғам-
дық бақылауға негізделеді. Жеке адамдар мен топтың құндылықта-
рына қайшы келетін әрекеттің алдын алуға қауқары жететін мекеме
кемде-кем. Мәселен, көп елде жыныстық азғындыққа бару заңсыз
болып саналады және заң бойынша ондай адамдар қамауға алынады
не айыппұл арқалайды. Полиция оны түп-тамырымен жоюға қанша
тырысқанымен, жоя алмайды. Бүгінде жыныстық азғындықпен ай-
налысуды ұят деп санайтындар азайып барады, кинофильмдер мен
кітаптарда ондай азғындық төсек қатынасының қалыпты бір бөлігі