ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
163
ретінде сипатталады. Мұндай жағдайда ресми жазалау шараларымен
халықты күштеу қиын. Жезөкшелік, марихуана шегу, кәмелетке тол-
мағандардың ішімдік ішуі - осының барлыгы, егер халық жұмыла
қолдамаса, тек заңның күшімен көндіру мүмкін еместігін дәлелдейді.
Яғни жалган мәжбүрлеу болғанда халыққа үнамайтын норма-
лардың өзі күшін сақтайды (Wilier, Kuwabara & Масу, 2009). Жалған
мәжбүрлеу адамдар қаламайтын нормаларды орындауға міндеттейді.
Мәселен, көп мектептерде гомосексуалдарды басқа бозбалалар үнемі
мазақтап, қорлайды, тіпті ұрып-соғады. Алайда бозбалалардың кей-
бірі гомосексуалдықтан ешбір сөкеттік көрмеуі де мүмкін. Бірақ олар-
ды мазақтамасақ, өзіміз де құқай көреміз деп қорқады. Бір қызығы,
осы жалған мәжбүрлеу нормалардың күшеюіне ықпал етіп, тұйық
шеңбер түзеді. Мойынсұнуды талап еткен әлеуметтік қысым жалған
мәжбүрлеуге алып келеді, ал бүл мойынсұнуды талап еткен әлеумет-
тікқысымды одан сайын күшейтеді.
Девианттылықты анықтау
Адамдар мәдени қалыпты әртүрлі себептермен және әртүрлі жол-
мен бұзуы мүмкін. Сіздің «шектен шығуыңызға» басқалардың қалай
жауап беруі әдетте бұзылған ереженің салмағына байланысты. Егер
сіз шіркеуге алжапқыш тағып, жаман киіммен барсаңыз я әрдайым
құмыраға отырғызылған пальманы көтеріп жүрсеңіз, әдеттегі мі-
нез-құлық ережелерін бүзасыз. Дегенмен
бұған көп адам назар аудара
қоймас, себебі сіз жеңіл-желпі ережелерге ғана қайшы келіп тұрсыз.
Әлеуметтанушылар норманы өрескел бұзагын, қоғамның төзімінің
шегінен асып кететін әрі белгілі бір формада жазалауға әкеп соқты-
ратын әрекеттерді девианттылық деп атайды. Басқаша айтсақ, де-
виантты лы қ- белгілі бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіп-
ті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға қайшы келетін іс-әрекет.
Девианттылықты басқалардың реакциясына қарай анықтай
отырып, әлеумегтанушылар табиғатынан толықтай девиантты әре-
кеттің болмайтынын айтады. Бір әрекет біреулерге
ереже бұзушылық
болуы мүмкін, ал басқаларға мүлдем олай көрінбейді. Соғыс кезінде,
полиция қызметінде немесе өзін-өзі қорғауда басқа адамды өмірінен
айыру заң бұзушылық деп есептелмейді. Белгілі бір әрекет девиант-
тылыққа жата ма, жоқ па - ол көбіне тарихи жағдайға, оқиға болған
жерге, жеке адамға және айналадағыларға байланысты. Мысалы, он
тоғызыншы ғасырда әйелдердің төсекте ләззат алуы девианттылық
деп қарастырылған. Ал қазір олай емес. Екі әйел алу Америка Қүрама
Штаттарында заң бүзушылық болып есептелсе, Сенегалда - әдеттегі
жағдай. Америкада әйел адам юбка кисе - қалыпты жағдай, ал ер адам
кисе - девианттылық. Қанша арақ ішкеніңді айгып ата-анаңа мақ-
тансаң - девианттылық болуы ықтимал, ал мұны барда отырып
айтсаң - қалыпты жағдай. Сол себепті әлеуметтанушылар девиантты-
лықтың салыстырмалы нәрсе екенін айтады.
Девианттылықтың қылмыстық және қылмысқа жатпайтын екі
түрі бар. Девиантты мінез-құлықтың көпшілігі бейресми әлеуметтік ба-
қылаудың ғана аясына кіреді. Егер іс-әрекет заң тұрғысынан жазалауға
жататындай қоғамға жат әрекет болса, онда оны қылмыс деп атаймыз.
Бірақ девианттылықтың көп түрі заңға қайшы келмейді. Мы
салы, бір ай бойы жуынудан бас Тарту немесе көпшіліктің алдында
өзін атеистпін деп жариялау заңға қарсы емес. «Медиа мен мәдениет:
денені ерекше түрлендіру» деген тарауда біз адамдардың неліктен
қылмысқа жатпайтын девиантты әрекеттерге баратынының бір мы-
салынкөреміз.
Жалған мәжбүрлеу - адамдар
қаламайтын нормаларды
орындауға мәжбүр етеді.
Девианттылық - белгілі
бір қоғамның наразылығын
тудыратын не тіпті жазалауға
әкеп соқтыратын, нормаға қарсы
іс-әрекет.
Қылмыс - заң тұрғысынан
жазалауға жататын,
қоғамға жат
әрекет.