ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
175
6.1-КАРТА. 100 мыңадамға шаққандағы кісі өлтіру көрсеткіштері
Кісі өлтіру деңгейі Оңтүстік Африка (100 000 адамға 68 адам өлтіру) және Сальвадор (100 мың адамға 64) сияқты қантөгісті бастан
кешкен кедей елдерде өте жоғары. 100 000 адамға 6 кісі өлтіруден келетін АҚШ-тың кісі өлтіру коэффициенті Оңтүстік Африка мен
Сальвадордан 10 есе төмен, дегенмен Австрия, Франция немесе Данияға қарағанда 10 есе жоғары.
100 мыңадамға
шаққандағы кісі
өлтіру көрсеткіші
і а Өте жоғары
НЖоғары
НОрташа
ОТөмен
Алайда ғалымдардың бір тобы «есірткі сатып алатындар, жезөк-
ше немесе порномодель болып жұмыс істейтіндер - физикалық және
эмоциялық жағынан зиянды әрекеттермен айналысатын жәбірлену-
шілер, себебі олардың бұдан басқа амалы жоқ» деп санайды (мысалы,
Weizer, 2007). Олардың айтуынша, бұл әрекеттерге қарсы заң қабыл-
дау арқылы жұртты мұндай істерден тыйып, қоғамды игілік жолына
бастауға болады.
Осындай шағым жасалмайтын қылмыс жасайтындар бұл әрекетке өз
ықтиярымен барғандықтан, ондай қылмыстарды бақылау қиындықту-
дырады. Есірткі тұтынушы есірткі сатушысын полицияға ұстап бермей-
ді, ал заңсыз ставка қойған адам букмекерлік кеңсені сотқа беруге ниетті
емес. Шағымданған жәбірленуші болмағандықтан, полиция қылмыс-
керді ғана емес, қылмысты да өзі табуы керек. Бұл тым қымбатқа түседі
және басқа қылмыстар назардан тыс қалады. Сондықтан шағым жасал
майтын қылмыстар туралы заңдар жүйелі әрі қатаң түрде орындалмай-
ды. Олар көбінесе уақытша қысым көрсетіп, анда-санда қудалаумен шек-
теледі. Шағым жасалмайтын қылмыс тақырыбы “Деректерді түсіндіру:
марихуананы заңдастыру” атты тарауда кеңінен қарастырылады.
Ақ жағалылар арасындағы қылмыс
Жоғары әлеуметтік мәртебесі бар адамдардың өз қызметін пайдала-
нып жасаған қылмыстары ақжағалылылар арасындағы қылмыс деп
Ақ жағалылылар арасындағы
қылмыс - жоғары әлеуметтік
мәртебесі бар адамдардың өз
қызметін пайдаланып жасаған
қылмыстары.
176
6 -ТА РА У
Д ер ектер ге ден қо й с ақ
Марихуананы заңдастыру
Gallup агенттігі кездейсоқтық әдісімен жүргізген ұлттық сауална-
маға сәйкес, америкалықтардың тең жартысы марихуананы заң-
дастыруды қолдайды. Заңдастыруды қолдайтындар саны 199S
жылдан бері екі есе өскен. Оның үстіне, 70 пайызы «дәрігерлердің
ауру мен азапты азайту үшін ем ретінде марихуана тағайындауы-
на мүмкіндік беру керек» деп санайды. 2011 жылы марихуана ұстау
федералдық қылмыс болып есептелген, содан бері 12 штат «оны
адамның өзі қолданса - бұл қылмыс емес» деп үйғарды, ал 17 штат
оны дәрігерлердің емдік дәрі ретінде тағайындауына рүқсат берген.
Д е р е к т е р д і т у с і н д і р у :
әйелдермен салыстырғанда ерлердің мә-
дениеті, әлеуметтенуі, әлеуметтік жағдайы немесе әлеуметтік
тәжірибесі марихуананы заңдастыруға көбірек эсер ете ме?
Жастардың марихуананы көбірек қалауының себебін қалай гүсін-
діруге болады? Неліктен демократтар марихуананы заңдастыруға
көбірек қолдау көрсетеді? Оны заңдастыруды қолдайтындардың
демократқа айналу ықтималдығы жоғары ма?
Д е р е к т е р д і с ы н а у :
сауалнамадағы сұрақты заңды жұмсартуды
қолдайгындардың үлесін көбейтетіндей етіп қалай жазуға бола
ды? (Мысалы, «медициналық себептерге байланысты қажеттілік
болганда марихуананы заңдастыруға бола ма?» деп сұраса...).
Сауалнамадағы сұрақты заңды жұмсартуды қолдайтындардың
үлесін азайтатындай етіп қалай жазуға болады?
«Марихуананы қолдану зацдастырылуы керек
деп ойлайсыз ба?»
18-19
30-64
50-64
65-тен асқан
Әйелдер
Еркектер
Республикашылдар
Демократтар
J_____ L
10
20
30
40
50
60
70
'Иә" деп жауап бергендердің пайыздық көрсеткіші
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
177
І
Есірткі сатушылар мен урылар
сияқты ақжағалылардың
қылмысы да жеке адамдарға және
қоғамға зиянын тигізуі мүмкін.
аталады (Sutherland, 1961; Shover, 2006). Мұндай қылмыстарды жеке
адамдар немесе компаниялар жасауы м у мкін. Мысал ы, жеке тұл ға лар
өз фирмаларынан ақша ұрлау немесе клиенттерді алдау сияқты қыл-
мыстарға бара алады. 2009 жылы NASDAQ қор биржасының бұрынғы
төрағасы және Bernard L. Madoff Investment Securities компаниясының
негізін қалаушы Берн Мэдофф өзінің инвестициялық клиенттерін
65 миллиард долларға алдағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл жағ-
дай қызмет бабындағы қылмыстардың шығыны көше қылмысынан
әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді (Hagan, 2002).
Ақ жағалылар қылмысын компаниялар жасаса, оларды кейде
корпоративтік қылмыс деп атайды. Корпоративтік қылмыстар бата
ны келісу, ақаулы өнімді сату, корпоративтік салықтардан бас тарту
немесе қоршаған ортаны ластау сияқты салаларды қамтиды. Корпо
ративен қылмыстар қоғамға үлкен эсер етуі мүмкін. Жоғарыда атап
өткеніміздей, корнорациялар қауіпті әрекеттермен айналысқан кез-
де корпоративгік қылмыс кісі өліміне әкеп соқтыруы кәдік. Бұған
қоса, корпоративтік қылмыстың орасан зор экономикалық ықпалы
болуы мүмкін. Мәселен, Enron компаниясының есепшілері мен ауди-
торлары және атқарушы басшылары қарыздарын жасырып, табысын
асырып көрсетіп, инвесторларды алдап, оны қымбат бағаға сатып жі-
берді. Жалган бухгалтерлік әрекеттері әшкере болған соң, компания
банкроттығын жариялады. Enron-ның зейнеткерлері зейнетақыла-
рын жоғалтса, 4 мыңға тарта қызметкер жұмыстан босап, мыңдаған
шағын инвестор жиған-терген ақшасынан айырылды.
АҚШ-тағы «ақ жағалылар» қылмысының ауқымды болғаны сон-
дай - бұл «қылмыс - тек төменгі тап өкілдерінің жұмысы» деген түсінік-
ті өзгертіп жіберді. Керісінше, мәртебесі әркелкі адамдардың қылмыс
жасау мүмкіндігі де әртүрлі болып шықты. Төменгі таптың адамдары
көлік моторын кілтсіз-ақ оталдыруды үйрететін әккі ұрыларды қажет-
сінсе, жоғарғы таптың адамдары құнды қағаздар нарығындағы ала-
яқтыққа баулитындарды іздейді (Shover 2006; Reiman 2005).
Сотталған ақ жағалыларға жақсы жағдайдың жасалуы әділет
жүйесінің теңдігі принципін жоққа шығарады. Көше қылмыскер-
леріне қарағанда ақ жагалы қылмыскерлердің сотқа тартылу, түрме-
12 251
Достарыңызбен бөлісу: |