152
5-ТА РА У
5.2-СУРЕТ. Семіздік және әлеуметтік
же л і лер
Бұл сандар әлеуметтік тораптар арқылы
семірудіңтаралуын көрсетеді. Әрбір
шеңбер - адам Әрбір дөңгелектің
өлшемі адам салмағының индексін
(салмағы мен бойын біріктіретін
өлшемді) білдіреді және шеңберлер
арасындағы байланыстар әлеуметтік
байланыстарды көрсетеді. Сары
дөңгелек - семіз адамдар. Сары
«секторлардың» кластерленуі
әлеуметтік желілердегі семірудің
таралуын көрсетеді.
ДЕРЕККӨЗ: (Nicholas Christakis, James Fawle
«32 жылдан асқан ірі SodaJ тораптарындағы
семіздіктің таралуы». Жаңа Англияның
медицина журналы 357 (4). Авторлық құқы қ
2007 Массачусетс Медицина қоғамының
рұқсатымен басылып шықты.
А 1975
С 1985
D 1990
Е 1995
F 2000
5.3-СУРЕТ. Джиллдіңбайланыстары
мен тораптары
Эр адам негізгі және қосымша
топтардың мүшесі болып табылады.
Осы топтардың әрқайсысында онша
араласпайтын және жақын қарым-
қатынастағы байланыстар бар. Джилл
университеттегі төрт құрбысымен,
үш курстасымен, жігітімен, әкесімен,
сондай-ақағасымен қуатты байланыста.
Алайда оның анасымен, сіңлісімен,
университеттегі басқа қурбыларымен
және басқа да курстастарымен
байланысыәлсіз.
Негізгі топ
Қосалқы топ
Топқа
жатпайтындар
Отбасы
♦♦т
Сыныптастар
Көңіл
жарастырып
жүрген жігіт
■
Тығыз қарым-
қатынас
Қыздар қауымы
■
Алшаққарым-
қатынас
ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
153
Назар
аударыңыз
Мозамбиктегі СПИД
туралы
Ә
леуметтік желілер бізге дос та-
буға, жүмысқа тұруға, емтихан
тапсыруға көмектесумен қатар, біздің
өміріміэді сақтап қалуда да оң ықпал ете
алады Бул - әлеуметтанушыләр Виктор
Аджаджанян мен Сесилия Мендживар
дың Оңтүстік Африкадағы Мозамбик
мемлекетінде СПИД жөнінде жүргізген
зерттеулерінің тақырыбы болатын Мо
замбик әлемдегі ең кедей елдердің қата-
рына кіреді және СПИД тудыратын ВИЧ
вирусын жуқтырудың ең жоғары көр-
сеткіштерінің біріне ие (Agadjanian and
Menjivar, 2008).
Мозамбиктегі кедейліктің салда-
рынан тұрғындардың көбісінің кез келген
ақпаратқа қол жеткізу мүмкіншілігі өте
төмен. Көптеген адамдар шашыраңқы
отбасылық шаруашылықтарда түрады.
Онда олар газеттің өзін сирек көреді,
тіпті көршілерімен де сирек араласады
Теледидарды немесе компьютерді айт-
пағанда, радионың өзін табу қиын. Вик
тор Аджаджанян мен Сесилия Менджи
вардың зерттеулері түрғындардың СПИД
туралы ақпаратқа қол жеткізуіне шіркеу
мүшелері қалай эсер еткенін көрсетті.
ЖАҺАНДЫҚ КӨЗҚАРАС
Бір қызығы, олар діни көзқарастар мен
шіркеудің іс-тәжірибесіне сүйенбей-ақ өз
мақсаттарына қол жеткіэу үшін шіркеу
қауымдарын әлеуметтік торап ретінде
қолданды Аджаджанян мен Мендживар
Мозамбик шіркеулерінің екі негізгі түрге
бөлінетінін анықтады: бірі - қарамағында
ірі шаруалар бар «Методист» сияқты ав-
тономды шіркеулер; екіншісі - Африкада
жиі кездесетін шалғайдағы кішігірім шір-
кеулер. Үлкен шіркеулер элсіз байланыс-
тардың үлкен торабы қызметін атқарса,
шалғайдағы шіркеулерде қуатты байла
ныстағы шағын тораптарболды.
Зерттеушілер осы екі түрлі шіркеуге
мүше болу мен ондағы әлеуметтік бай
ланыстың екі түрлі жолы түрғындардың
СПИД туралы ақпарагқа қол жеткізуін
жақсартқанын айқындады. Себебі негіз-
гі шіркеулерде дәрігерлер, медбикелер
жане басқа да білімді адамдар болған-
дықтан шіркеу мүиіелері арасындағы
әлсіз байланыстар арқылы адамдардың
бәрі СПИД туралы ақпаратқа қол жеткізу-
ге мүмкіндік алды. Сонымен қатар шір-
кеу мүшелерінің либералды діни көзқа-
растарының арқасында негізгі шіркеулер
түрғындардың СПИД жайындағы білім-
дерін жетілдіру мақсатында ара-түра
іс-шаралар өткізуге ниет білдіріп отырды
Шалғайдағы кішігірім шіркеулердің
мүшелері арасындағы қуатты байланыс
тар олармен індеттің алдын алу туралы
талқылаулар өткізуді жеңілдетті Мыса-
лы, шалғайдағы шіркеудің бір мүшесі бүл
жайында: «Діни сенімі ж оқ адамдарға
ВИЧ жүқтырып алу қатері ж иірек төнеді,
себебі оларға «СПИД-тен сақболыңдар»
деп кеңес беретін ешкім жоқ. Біз
өз ара-
мызда бір нәрсенің қате екенін көргенде,
мәселен, «түнде жынысты қ қатынасқа
түссең,
әйелдермен
қары мқаты нас-
та болып келсец - бүзыласың. Сондай
жағдайларды көріп жүрген жоқсың ба?
Анау СПИД-тің салдарынан қаза тапты
ғой» деп айтамыз», - дейді (Agadjanian &
Menjivar, 2008: 316).
Сонымен негіэгі және шалғайдағы
шіркеулер тек үстамдылық немесе ер-
лі-эайыптылар арасындағы адалдықты
уағыздау арқылы тана СПИД жүқтыр-
мауға ресми түрде жәрдемдеседі десек
те, кез келген шіркеудің мүшесі болу
адамдарға сақты қ шараларын қабыл-
дау (презерватив қолдану) ауру жүқтыру
қаупін төмендететіндігі туралы үқтыруға
септігін тигізген
жақын, бірақ бауырларымен қарым-қатынасы онша емес. Сол сияқты,
білім беру мекемелері қосымша топтар қатарына жатса да студент он-
дағы бір-екі құрбысымен тығыз байланыс жасауы ықтимал. Қуатты
және әлсіз байланыстар - екі адамның арасындағы қарым-қатынасты
сипаттайтын терминдер. Ал негізгі және қосымша топтар - топтың си-
паттамалары.
Еріктілер қауымдастықтары
Жеке адамдармен қарым-қатынасқа түсумен қатар, көбіміз футбол
командасы, Элкс немесе Сьерра клубы сияқты топтар мен қауымдас-
тықтарға еріктілер (волонтер) ретінде кіреміз. Еріктілер қауымдас-
тықтары деп аталатын бұл топтар коммерциялык; емес ұйымдар
қатарына жатады. Олар адамдардың ортақ мүдделерін ұжым болып
іске асыруға мүмкіндік береді. Олар көлемі мен ресмилігі жағынан
бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, кейбіреулерінің,
атап айтқанда, Элкс және Сьерра сияқты клубтардың өте үлкен ұлт-
тық штабы, сайланған офицерлері, ресми атақтары, жарғылары, мү-
шелік жарналары, ұлттық конвенциялары бар және де түрақты түрде
Еріктілер қауымдастықтары
деп аталатын бұл топтар
коммерциялық емес ұйымдар
қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |