302
10-ТАРАУ
I Медбикелер денсаулық сақтау
I жүйесініңнепзін қурайды.
Бүл қызметті көбіне әйелдердің
атқаруына байланысты, қоғам
әдетте олардыц кәсіби дағдылары
мен білімін бағаламайды.
Сонымен бірге бүл салада әйелдер ғана ецбек етуінің өзі кәсіпті айқын-
дайтын оқыту мен жұмысқа қажетті дербестік алуды, қоғамдық қүрмет
ке ие болуды қиындатты.
М е д б и ке л е р м ә р т е б е с ін ің ө з ге р у і
Медбикелердің статусы мен жағдайын жақсарту үшін медбикелер
басқармасы бірнеше жыл бойы білім беру деңгейін арттырумен ай-
налысты (Weitz, 2012; Malka, 2007). 1960 жылдарга дейін стандартты
медбикелік төлқүжат ТМ (тіркелген медбикенің) дипломы болды, ол
емханалық оқу бағдарламасын өткеннен кейін берілетін.
Қазіргі кезде
бүл мамандар екі немесе төрт жылдық медбике ісі оқуын колледжде
немесе университетте тәмамдайды. Сонымен қатар медбикелердің
бір бөлігі оқуын бітіріп диплом алған соң фельдшер-медбике немесе
акушер-медбике болады. Мұндай дәрежедегі медбикелердіц дербес
қүқығы бар, мәртебелік және қаржылық марапаттары, сонымен бірге
науқастарға дәрі жазып беру сияқты қүқыгы болады.
Медбикелердің білім сапасын арттыру, ягни мәртебесін
көтеру тал-
пынысы ақталмады. Тек соцғы жылдары гана емханалар жүмысқа төрт
жылдық оқуды бітірген медбикелерді қабылдай бастады. Ал білім дец-
гейі гөмендер әлі де төменгі сатыда қалып келеді. Сонымен бірге шы-
ғындарды азайту үшін емханалар көп қызметін ТМ-ның көптігін қажет
етпейтін амбулаториялық емханаларларға ауыстырып жіберді. Мед-
бикелердің еңбекақысы томен, сондықтан бүл мамандыққа жүмысқа
орналасуға қызыгушылық та төмендеген (Norrish & Rundall, 2001). Ем
ханалар медбикелік кадрларды қысқартып, жүмыста қалған күтуші
лердің міндетін арттырды (Gordon, 2005). Соңғы кездері жүмысқа ерлер
араласа бастағанмен, бұл сала әлі де «әйелдерге арналған», сол себепті
де еңбекақысы мен мәртебесі томен болып отыр.
А Қ Ш - т а ғ ы д е н с а у л ы қ с а қ т а у
Адамдардың денсаулық сақтауға қолжетімдігін қамтамасыз ету-кез
келген қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. АҚШ медициналық көмек
алудың бірнеше жолдарын үсынады: жекеменшік немесе мемлекет
қаржыландыратын сақтандыру компаниялары арқылы жеке немесе
қоғамдық емханаларда немесе өз қаражатыңызга емделу. Дегенмен
америкалықтардың көбі тек сапасыз ем шараларынан өте алады, бір
бөлігі қайырымдылық қорларынан түскен ақша арқылы емделуге
мүмкіндік алады, ал басқа бөлігінің, тіпті емделуге, дәрігерге кара-
луга мүмкіндігі жоқ.
АҚШ-та медициналық сақтандыру қалай жүмыс істейді? Неге
кейбір адамдарда сақтандыру жоқ және сақтандыру келісімшарты
болмаган адамдар қандай жағдайда қалады? Басқа мемлекеттер ден-
саулық сақтау саласын қалай толықтай қаржыландырады?
АҚШ-тағы денсаулық сақтау құны
Медициналық көмек - өмір сүрудің ең жылдам дамып келе жатқан
сегменті. 1970 жылы медициналық қызмет үшін америкалықтар орта
есеппен әр адам басына 372 $ (2006 жылғы доллар) жұмсаған. 2006
жылы олар орташа 6 561 $ ақша жүмсады, ал 2013 жылға қарай шама-
мен екі есе көп ақша шығындады (АҚШ санақ бюросы, 2009).
АҚШ-та денсаулық сақтауды қаржыландырудың үш түрі
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
303
бар: жеке төлем, жеке сақтандыру компаниясы және мемлекет-
тік бағдарлама. Медициналық қызметтің бағасы қымбат болған-
дықтан, өте бай адамдар ғана ақысын төлеп емделеді, ал қарапа-
йым халық тек болмашы мәселемен ғана дәрігерге көріне алады.
Сондықтан америкалықтардың көпшілігі жекеменшік емес, мем-
лекеттік сақтандыру бағдарламаларына сенеді. Халықтың қалған
бөлігі сақтандырылмаіан. Яғни денсаулық сақтау үшін қажетті
қаражаты жоқ. Ал сақтандыру қорлары емделушілердің шығынын
толықтай өтей алмайды.
Ж е ке с а қ т а н д ы р у қ о р л а р ы
Америкалықтардың көбінде жұмыс берушілерден, ата-аналары-
ның жұмыс берушілері немесе жубайының жұмыс берушілері арқы-
лы алынған жеке сақтандыру бар (Kaiser Commission on Medicaid &
Uninsured, 2011). Мұндай сақтандыруды корпорацияда немесе мемле-
кеттік мекемеде жұмыс істесе ғана береді. Ал шағын бизнесте немесе
ең төмен еңбекақыга жұмыс істесе сақтандыру алу мүмкіндігі аз бо-
лады. Бұрындары Blue Cross және Blue Shield секілдіжеке сақтандыру-
шылар коммерциялық ұйым болған, сол себепті олар компанияның
үстеме ақшасын азайтуға тырысқан. Алайда қазір жеке сақтандыру
компанияларының көбі коммерциялық корпорацияларға айналған.
Денсаулық сақтау саласындағы жеке шығындардың көбеюінің бір се-
бебі осында.
М е м л е ке т т ік б ағдар лам ала р
Үкімет ұсынған бірнеше медициналық сақтандыру бағдарламасы
бар. Medicaid және Medicare - ец ірі екі бағдарлама. Сонымен қатар
жергілікті билік өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау мекемелері
мен емханалар арқылы медициналық көмек көрсетеді.
Medicare - мемлекет тарапынан қаржыландырылатын, 65 жас-
тан асқан азаматтарға арналған медициналық сақтандыру бағдар-
ламасы. Medicare-діңарқасында барлық қартам ерикалы қ-м едици-
налық сақтандыруға ие болды. Алайда бүл бағдарлама мемлекетке
өте қымбатқа түсіп отыр. 2006 жылы үкімет Medicare бағдарлама-
сына 401 млрд доллар қаражат бөлді (АҚШ санақ бюросы, 2009). Шы-
ғындарды өтеу үшін салықты арттыру немесе шығындарды азайту
қажет, олай болмаған жағдайда бағдарлама 2017 жылға қарай құл-
дырауға ұшырайды.
Medicare 65 жастан асқан барлық азаматтарға қолжетімді болса,
Medicaid тек қаже гтіліктерге ғана медициналық сақтандыру ұсына-
ды. Қаражат федералдық үкіметтен және штат үкіметтерінен бөлінеді.
Ем алу құқығы мен қызметтерді эр штат бөлек анықтайды. Кейбір
адамдар үшін жан-жақты, сапалы медициналық көмек көрсетіледі.
Басқаша айтқанда, егер сіз кедей болсацыз өзіңіз де, балацыз да, тіпті
жүкті әйеліңіз де Medicaid бағдарламасынан көмек ала алмайды.
АҚШ-тағы медициналық сақтандыруы
жоқ адамдар
2010 жылы 65 жасқа дейінгі америкалықтардың 18,5 пайызында меди-
циналық сақтандыру болмаған. (Medicaid және сақтандырылмағандар
бойынша: Kaiser комиссия, 2011). Medicare арқасында
қарт адамдардың
100 пайызға жуығы медициналық сақтандыруға ие болды.
І
Қазір АҚШ-та банкроттыққа
ұшырәудыңбасты себептерінің
бірі - медициналықсақтандырудың
және медициналық қызмет
бағасыныңөсуі.