Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет134/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   147

306
10-ТАРАУ
де  қаралуы  керек  немесе  медициналық  сақтандыру  ісі  мемлекет 
тарапынан  көрсетілетін  қызмет  пен  салықты  кез  келген  себеппен 
өсіруге  қарсы  болуы  керек  деп  санайды.  Сонымен  қатар  дәрі-дәрмек 
өндірушілердің көбі, емхана әкімшілігі және басқалар жоспарлы жұ- 
мысқа қарсы, өйткені бұдан табыс көлемі азаяды.
Жоспарға  қарсылардың  бір  тобы -   бұл  ұзаққа  бармайды  деп  ой- 
лайды. АСА қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде құрылды. 
Ұлттық деңгейдегі  мыңдаган  сақтандыру  бағдарламасына  жұмсала- 
тын әкімшілік шығындардың қайтарымы мардымсыз, дәрігерлер со- 
ның арқасында ақша тауып жүр; емханалардың қызметтерінің төлем 
жүйесіндегі  шығындар  да  қомақты  күйінде  қалып  отыр.  Сонымен 
қатар коммерциялық сақтандырушылар денсаулығы нашар адамдар- 
ды сақтандырмауға тырысады. Нәтижесінде, АСА сақтандырылмаған 
адамдар  санын  азайтпақ  болады,  бірақ сақтандыруға  немесе денсау- 
лық  сақтау  қызметіне  қол  жеткізе  алмайтын  миллиондаған  адам 
далада қалады, бұл денсаулық сақтау саласына кететін шығындарды 
азайтпайды (Medicaid & Medicare Services орталықтары, 2010).
АСА-ның  ықпалы  толықтай  іске  асқанша  біршама  уақыт  өтеді. 
Жоғарғы сот АСА-ның негізгі компоненттерін (мемлекет Medicaid бағ- 
дарламасының қамтылуын кеңейтеді немесе федералдық қаржылан- 
дыру қысқартылады деген талаптан басқа) 2012 жылдың маусымында 
қабылдады.  Бірақ оған қарсылық әлі де қатты.  АСА-ның жұмысы жө- 
ніндегі сот тайталасы әлі де бірнеше жылға созылатыны анық.
Басқа елдердегі денсаулың 
саңтау саласы
Америка Құрама Штаттары -  өндірісі дамыған, бірақ барлық азаматын 
медициналық қызметпен қамтамасыз  ете  алмайтын жалғыз  мемле­
кет.  Денсаулық  сақтау  қызметтері  тауар  секілді  сатылады.  Сіз  тек 
алғашқы  көмек  қызметі  сияқты  қолыңыз  жеткен  қызметті  ғана 
пайдалана  аласыз.  Егер  бұл  мүмкін  болмаса,  сол  қызметке  сүйен- 
бей-ақ  әрекет  етуді  үйренесіз.  Әлемнің  өндірістік  саласы  дамыған 
басқа  елдерінде  медициналық  қызмет  бастауыш  білім  сияқты: 
қаржылық  мүмкіндігіңізге  қарамастан,  барша  адамға  қолжетімді 
тиісті көмек ретінде қарастырылады. Ондай елдерде медициналык 
көмек қалай қамтамасыз етіледі?
Ұлттық денсаулық саңтау саласы
Бірыңгай төлем жүйесінде 
(денсаулық сақтау саласында) 
дәрігерлер және емханалар үкімет 
тарапынан гана қаржыландырады.
Өндірісі дамыған  елдер  әртүрлі жүйелерді қолданады.  Бірақ  олар- 
дың  барлығы  әр  азаматтың  сапалы  медициналық  қызметке  қол- 
жетімділігіне кепілдік береді. Ұлыбритания және Канада екі тиімді 
үлгі ұсынады.
Бұл екі мемлекетте де денсаулық сақтау бірыңғай толем жүйе- 
сі арқылы қамтамасыз етіледі. «Бірыңғай төлем жүйесінде» дәрігер- 
лер  мен  емханалар  тікелей  немесе  жанама  түрде  бір  орталықтан, 
яғни  үкімет  тарапынан  қаржыландырылады.  Екі  елде  де  емха- 
наларда  жұмыс  істейтін  дәрігерлерге  еңбекақы  төленеді.  Алайда 
жекеменшік  фирма  я  ауруханаларда  жүмыс  істейтін  британдық 
дәрігерлер  айлық  жалақы  алса,  канадалық  дәрігерлер  көрсеткен 
қызметіне байланысты еңбекақы алады (Weitz, 2012).


ДЕНСАУЛЫҚ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ
307
Бірыңғай  төлем  жүйесі  ем  шараларының  шығынын  үш  әдіс- 
пен  азайтуға  тырысады  (Weitz,  2012;  Physicians  for  National  Health 
Program,  2009).  Біріншіден,  бұл  әдістер  өте  тиімді:  америкалық дә- 
рігерге ондаған сақтандырушы апта сайын төлеу керек болса, кана- 
далық дәрігер шығын есебін тек үкіметке ғана жібереді. Екіншіден, 
бұлар коммерциялық емес:  канадалық және британдық денсаулық 
сақтау жүйесі тек медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Ал 
АҚШ-тағы сақтандыру компанияларының мақсаты -  акционерлері 
үшін  табыс  табу.  Нәтижесінде,  АҚШ-тағы  сақтандыру  компания- 
лары  ауру адамдарды  сақтандырудан  қашады және  сақтандыруды 
жоюға тырысады.  Соңғысы,  бірыңғай толем жүйесі -  «жалғыз  мүм- 
кіндік»:  медико-санитарлық көмектің (есірткіні қосқанда) жалғыз 
сатып  алушысы  болғандықтан,  бірыңғай  төлем  жүйесі  дәрілердің 
бағасын төмендету үшін  фармацевтикалық  компанияларға  ықпал 
жасай  алады.  Дәрігерлерге  жалақыларын  төмендету  және  мем- 
лекеттік  тексерушілер  қажетсіз,  тиімсіз  және  тексерілмеген  деп 
тапқан  жаңа  емханалық  қызметтерді  тоқгату  туралы  талап  қоя 
алады.
Бірыңғай төлем жүйесінің кемшілігі сол -  дәрігерлер мен тұты- 
нушының  мүмкіндігін  азайтады.  Дәрігерлер  қандай  толем  қа- 
былдай  алатынын  шеше  алмайды,  ал  тұтынушылар тек мемлекет 
бекіткен ем шараларды ғана қабылдай алады. Таңдау мүмкіндігі аз.
Төмен бағамен жақсы күтім
Қазіргі  заманғы  медициналық  технологиялар  біздің  мүмкіндігі- 
мізді  кеңейтіп,  құтқару  қабілетін  арттырды.  Бұл  алайда  өте  қым- 
бат.  Ал  кейбір  нашар  дамыған  елдер  халқының  денсаулығын  сақ- 
тауға қалай көмектеседі?
Арзан әрі тиімді денсаулық сақтау саласында көрсегілетін қыз- 
меттің  үлгісі  ретінде  Қытайды  айта  аламыз.  Қытайда  батыстық 
үлгідегі  емдеу  шаралары  тек  аурудың алдын  алу мақсатында  ғана 
қолданылады.  Негізінен медбике және акушер  сияқты  арзан меди- 
циналық  қызмет  ұсынушыларға;  санитарлық  жағдайға,  түрғын 
үй  және  азық-түлік  сапасын  жақсартуға;  табысты  арттыру  үшін 
білім  сапасын  көтеруге;  дәстүрлі  емдеу әдістеріне  баса  назар  ауда- 
рылады.
Мұндай әдістің арқасында Қытайдағы өмір жасының ұзақтығы 
АҚШ-тан  төрт-ақ  жылға  аз,  алайда  Қытай  денсаулық  сақтау  сала­
сында әлдеқайда аз ақша жұмсайды (АҚШ санақ бюросы, 2009). Кос­
та-Рика,  Шри-Ланка,  Куба  және  Вьетнам  сияқты  дамуы  томен  ел- 
дердің тәжірибесі аурудың алдын алу, білім сапасын арттыру және 
өмір  сүру жағдайын  жақсарту, денсаулық сақтау саласына  жоғары 
технологиялық қүрылғылар алғаннан гөрі пайдалырақ екенін көр- 
сетті (Weitz, 2012).
Бұл бізге не береді?
Әлеуметтік  талдау  -   денсаулық  пен  аурудың  әлеуметтік  қүрылымы 
бар  екенін көрсетеді.  С.  Райт Миллс айтқандай,  бір  адам күйзелістен 
немесе  зиянды  әдеттерден  немесе  сапасыз  медициналық  қызметтен 
қайтыс  болса,  бұл  оның жеке  мәселесі, сондықтан  біз жеке  адамның 
мінез-құлқын қарастыруымыз керек. Ал таптар, нәсіл немесе жыныс- 
тар  үнемі  денсаулық  пен  денсаулық  сақтауда  елеулі  кемшіліктер-


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау