Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет129/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   147

296
10-ТАРАУ
10.3-КЕСТЕ.  1000 дені сау балаға шаққандағы нәресте өлімініңкөрсеткіші
Гонконг
1.6
АҚШ (ақ н әсілді ам ер и к ал ы қ тар )
5.6
Сингапур
2.0
Канада
5.1
Ш веция
2.5
Венгрия
5.3
Ж апония
2.6
Словакия
5.7
Дания
3.4
АҚШ (барлық нәсілдер)
6.7
Испания
3.5
Чили
7.8
Германия
3.6
Ресей
8.1
Франция
3.7
Коста  Рика
8.8
Италия
3.8
Болгария
9.4
Ш вейцария
3.8
Румыния
9.9
Нидерланды
3.9
Уругвай
10.6
Австралия
3.9
АҚШ (афроамерикалықгар)
12.9
Үлыбритания
4.5
Тайланд
12.0
Куба
4.8
Мексика
14.0
Польша
5.0
ДЕРЕККӨЗ: Халықтың анықтамалық бюросы (2011а); Денсаулық сақтау статистикасы ұлттық 
орталыгы (2011).
Case-study: бұрынғы Кеңес Одағындағы 
халықтардың өмір жасының қысқаруы
Өлім-жітім деңгейі ең маңызды әлеуметтік факторлардың бірі болып са- 
налатын  өмір  сүру деңгейіне, яғни жақсы  тамақтануға  қолжетімділік, 
таза  ауызсу және  экологиялық  апаттардан  аулақ жайлы  тұрғын үйдің 
болуына байланысты. Өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтың ықпа- 
лынан АҚШ-та бір жасқа дейінгі нәрестелер арасында афроамерикалық 
балалардың  қайтыс  болуы  ақ  нәсілді  балаларға  қарағанда  екі  есе  көп. 
Ересек афроамерикалық ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы ақ нәсілді 
америкалықтарға қарағанда алты жылға кем. Америкалықтардың өмір 
СҮРУ ұзақтығы  орта  есеппен Сьерра-Леоне түрғындарынан 25 жылға ар- 
тык; болуын өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтар арқылы түсіндіру- 
ге болады. (Халықтың анықтамалық бюросы, 2011а).
Өмір  сүру  деңгейінің  жақсаруы  өмір  жасының  ұзаруынан  көрі- 
неді. 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Ресейде өмір сүрудің орташа 
ұзақтығының қысқаруы әлемдік сахнадағы таңғаларлық оқиға болды. 
Қазіргі кезде Ресейде ерлердің орта жас шамасы -  63 жас, бүл көрсеткіш 
1991  жылга  дейінгі  көрсеткіштен  және  басқа дамыған  елдердің орта 
жас  шамасынан төмен.  Алайда  алдыңғы жылдармен  салыстырғанда 
жоғары (Халықтың анықтамалық бюросы, 2011а).
Өмір  сүру  ұзақтығының төмендеуін  қалай  түсіндіруге  болады?  Бі- 
ріншіден,  Кеңес  өкіметі  қоршаған  ортаны  қорғау  қағидаларын  елемей,


ДЕНСАУЛЫҚ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ
297
Назар
аударыңыз
АМЕРИКАДАҒЫ  ӘРКЕЛКІЛІК
Халықтыңөзгеруі. 
Денсаулықтың өзгеруі.
Ж
ыл  сайын  АҚШ-та  дүниеге  бала 
әкелу  азайып,  65  жастан  асқан 
түрғындар  көбеюде.  Сонымен  қатар  ис- 
пантілді емес түрғындардың саны кеміп 
барады,  ал  латынамерикалықтар  мен 
ақ нәсілді  емес үлттардың саны  артуда. 
Мундай  екі  демографиялық  қүбылыс- 
тың  салдары  Американың  денсаулық 
және денсаулықсақтау саласына қәлай 
эсер етеді?
Ең  айқын  болжам  -   болашақта 
жасы  үлкен  жэне  ақ  нәсілді  емес  аме- 
рикалықтардың  басым  болуы.  Соңғы 
жылдары  нәсілдік  ерекшеліктерге  қа- 
рамастан, қарттар арасында денсаулық 
сақтау  шығындарының  өсуіне  байла- 
нысты  кедейлік  өршіген  (Short,  2011). 
Бірақ  аз  үлттардың  егде  жастағы  аза- 
маттары ақ нәсілділерге қарағанда, көп 
жағдайда  кедейлікке  душар  болады. 
Себебі  -   олар  үшін  кезінде  ең  төменгі 
күнкөріс  деңгейінде  табыс  үсынатын 
немесе  жақсы   зейнетақымен  қамта- 
масыз  ететін  жүмы с орындарына  орна- 
ласу  да  мүмкін  болмаған  еді.  Сонымен 
қатар  аз  үлттардыц  егде  азаматтары 
еңбек еткен жұмы с орны -  олар ауырып 
қалғанда  жәрдемақымен  немесе  зей- 
неткерлерге  арналған  медициналық 
сақтандырумен  қамсыздандырмайтын. 
Сол  себепті  олардың  медициналық сақ-
тандыруды  рәсімдеуге  м үм кіндігі  бол- 
мады  да  медициналық көмексіз  қалуға 
мәжбүр болды.
Бірақ  бүл  тек  кедейлікте  өмір  сү- 
ретіндерге  ғана  тән  қиы нды қ  емес 
Тіпті  табысы  тиісті  шамада  болғанына, 
білімі,  жасы,  жынысы,  отбасылық  жағ- 
дайының  жаман  еместігіне  және  қала 
түрғыны болғанына  қарамастан, аз үлт- 
тардың  қарттары  әлі  де  медициналық 
сақтандыруға  қол  жеткізе  алмайды. 
Нәтижесінде  оларға  қаж етті  медицина- 
лы к  ем  алу  мүмкін  болмаған  соң,  ауру- 
лары  асқынып,  келешекте емделу одан 
сайын  қиындатады  (немесе  қымбатқа 
түседі)
Дәрігер  мен  емделушілер  бір  тілде 
сөйлемегендіктен  немесе  мәдени  және 
субмәдени  тегі  әртүрлі  болуына  бай- 
ланысты  бір-бірін  түсінбеуі  де  мүмкін. 
Мундай  жагщайда  емделушілер  дәрі- 
герге  разы  болмай,  оның  нүсқауларын 
сақтамауы  немесе  келесі  жолы  қара- 
луға  келмеуі  мүмкін.  Ал  дәрігерлер  ем- 
делушілердің  ем  қабылдауға  ниеті  ж оқ 
деген ойға  келеді  АҚШ-та дәрігерлердің 
көбі ақнәсілділер және ағылшын тілінде 
жақсы сөйлейді. Ал емделушілердің көбі 
«басқа  нәсілдер»  және  ағылшын  тіліне 
жетік емес екенін ескерсек, бүл -  күрделі 
мәселеболып саналады  Қарттар үйінде 
түратын  ақ  нәсілді  қарттардың  қызмет- 
керлермен  тіл  тзбысуы  қиын  болады. 
Дәрігерлердің  көпшілігі  «ақ»  болғанмен
І
Аз ұлттар қатарында қарт адамдар 
көбейген сайын медициналық
сақтандыруы жоқ, денсаулықсақтау 
қызметкерлерімен қарым-қатынас 
жасауда мәдени кедергілерге 
кезігетін кедей қарттардыңкөбеюіне 
куәболамыз.
қарттар  үйінде  күндіз  еңбекақысы  аз 
медбикелер  көмек  көрсетеді  Олардың 
көбі  -   ағылшын  тілінде  таза  сөйлей  ал- 
майтын  иммигранттар.  Қүлағы  естімей- 
тін  қарт  емделушілер  оларды  түсіне  ал­
майды  Сол себепті директивті органдар 
осы өзгерістерге көңіл бөлу керек.
өндіріс саласын дамытты. Нәтижесінде, бұрынғы КСРО елдері қоршаған 
ортаның ластануынан  зардап шегуде.  Соның  әсерінен  өндіріс  дамыған 
аймақтарда қатерлі ісік ауруы және тыныс алу жүйесі ауруларының көр- 
сеткіші жоғары  (Cockerham,  1997;  Feshbach,  1999).  Екіншіден, КСРО  ыды- 
рағаннан кейін табыс деңгейі күрт төмендеді, қоғамдық қызметтер жұ- 
мысын тоқтатты, саяси тұрақсыздық және жемқорлықтың артуы осыған 
дейін қалыптасқан өмір салтын келмеске кетірді.
Күйзеліс деңгейінің артуы -  өлімнің тікелей себепшісі. Сонымен 
қатар  күйзеліс  темекі  тарту  мен  ішімдік  ішуді  көбейтті.  Нәтижесін- 
де  ауру,  зорлық және  оқыс  жағдайдан  көп  адам  қайтыс  болды.  КСРО 
қазіргі таңдағы өлімнің басты себепшісі болған жүрек аурулары сияқ- 
ты  созылмалы  ауруларды  емдеуге  ешқашан  ақша  бөлген  емес.  Ал 
Кеңес өкіметі құлағаннан кейін денсаулық сақтау саласы одан әрі на- 
шарлады.
2000  жылдан  бері  жағдай  жақсарғанына  қарамастан,  экология- 
лық  зардап,  әлеуметтік  құлдырау  және  өмір  сүру  жағдайының  на-
і
і
і


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау