284
10-ТАРАУ
бастады (Weitz, 2012). Мұндай сынға «Науқас рөлі моделінің әлсіз
тұстары» тұжырымдамасының қысқаша сипаттамасында баса мән
беріледі.
Біріншіден, кейбір жағдайларда науқас адамдар Парсонстың
талдауындай емес, өзіміз күткеніміздей, қалыпты әлеуметтік қыз-
меттерін атқара беруі мүмкін. Солай бола тұра қатерлі ісігі бар
науқас әрі қарай жұмыс істеуін жалғастырады деген тұжырым еш-
кімнің ойына келмейді. Керісінше, буын ауруы бар науқастардан
немесе дәрігерлер нақты диагнозын анықтай алмағаннан бізге си
мулянт немесе ипохондрик ретінде көрінетін адамдардан осындай
іс-әрекеттерді күтеміз.
Екіншіден, адамдар ауырып қалғаны үшін жауап беретін кез-
дері болады. Ауырып қалган кезде сізді уақтылы С дәруменін қа-
былдамады, жеткілікті мөлшерде ұйықтамады және құнарлы
тамақ ішпеді деп айыптады ма? Дәл осылай бұқаралық ақпарат құ-
ралдары өкпенің қатерлі ісігімен ауыратын адамдарды көп шылым
шеккені үшін, қант диабетіне шалдыққан адамдарды көп тәтті же-
гені үшін және т.б. жағдайларда айыптап жатады.
Үшіншіден, науқас адам айығу үшін бар күшін салу керек деген
пікір - созылмалы ауруға шалдыққан, дәрі-дәрмектер эсер етпейтін
адамдарға қатысты емес. Сонымен бірге ауру адамдар дәрігерлер-
дің барлық нұсқауын сақтау керек дегеи ұстаным медициналық
қызметке қол жеткізе алмайтын немесе медициналық қызметке
жүгінбейтін адамдардың жағдайын елемейді.
Конфликт теориясы:
медикализация
Құрылымдық функцияшылдар секілді Парсонс та ауру жайлы
әлеуметтік идея (бұл жағдайда - науқас адам рөлі) қоғамның кіді-
ріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған деп санайды.
Ал конфликт теориясы бойынша, керісінше, ауру жайлы идея қо-
ғамдық өмірдің басқа бөліктері секілді әлеуметтік топтар арасын-
дағы бәсекелес мүдделерді бейнелейді.
Ауру жөніндегі түсінігіміздің қалыптасуына конфликт тео-
риясының қосқан маңызды үлесі - медикализация тұжырымда-
масы. Алтыншы тарауда байқағанымыздай, медикализация қан-
дай да бір жағдай немесе іс-әрекет медициналық мәселе ретінде
анықталып, медициналық шешімді талап ететін процеске жатады
(Conrad, 2007). Ғасырлар бұрын мастурбация, гомосексуализм және
бойжеткен қыздардың оқуға құштарлығы аурудың белгісі деп са-
налатын. Қазір ондай жағдайлар ауру деп саналмайды, себебі олар
жайлы әлеуметтік ой өзгерді. Дәл осы сияқты ғасырлар бұрын көп-
теген әйелдер акушерлердің қатысуымен үйде босанатын, кейбір
балалар үйде сүндетке отырғызылатын, ал шаш түсіп, таз болу ер
адамдардың қартаюының қалыпты белгісі болатын. Қазіргі таңда
аяғы ауыр әйелдер медициналық көмекке жүгінеді, дүниеге келген
ұл балалардың көбі дәрігерлердің көмегімен сүндетке отырғызыла-
ды, ал шашы түсе бастаған ер адамдар оны емдеу жолдарын қарас-
тырып, хирургтің қызметін пайдалана алады. Мұның бәрі - меди-
кализацияның көрінісі.
Медикализация жаппай іске асу үшін бір немесе бірнеше
ұйымдасқан әлеуметтік топ өзгелердің ойын өзгертіп, жаңа жағ-
дайды қабылдау үшін әрекет етіп, бар күшін салуы тиіс. Медика-
лизацияға ықпал етіп отырған қазіргі үлкен күш - өзінің өнімдер
нарығын кеңейтуге қаржы жағынан мүдделі фармацевтикалық өн-