Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет124/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   147

284
10-ТАРАУ
бастады  (Weitz,  2012).  Мұндай  сынға  «Науқас  рөлі  моделінің  әлсіз 
тұстары» тұжырымдамасының қысқаша сипаттамасында баса мән 
беріледі.
Біріншіден,  кейбір  жағдайларда  науқас  адамдар  Парсонстың 
талдауындай емес, өзіміз күткеніміздей, қалыпты әлеуметтік қыз- 
меттерін  атқара  беруі  мүмкін.  Солай  бола  тұра  қатерлі  ісігі  бар 
науқас әрі қарай жұмыс істеуін жалғастырады деген тұжырым еш- 
кімнің  ойына  келмейді.  Керісінше,  буын  ауруы  бар  науқастардан 
немесе дәрігерлер нақты диагнозын анықтай  алмағаннан бізге си­
мулянт немесе ипохондрик ретінде көрінетін адамдардан осындай 
іс-әрекеттерді күтеміз.
Екіншіден,  адамдар  ауырып  қалғаны  үшін  жауап  беретін  кез- 
дері  болады.  Ауырып  қалган  кезде  сізді  уақтылы  С  дәруменін  қа- 
былдамады,  жеткілікті  мөлшерде  ұйықтамады  және  құнарлы 
тамақ ішпеді деп айыптады ма? Дәл осылай бұқаралық ақпарат құ- 
ралдары өкпенің қатерлі ісігімен ауыратын адамдарды көп шылым 
шеккені үшін, қант диабетіне шалдыққан адамдарды көп тәтті же- 
гені үшін және т.б. жағдайларда айыптап жатады.
Үшіншіден, науқас адам айығу үшін бар күшін салу керек деген 
пікір -  созылмалы ауруға шалдыққан, дәрі-дәрмектер эсер етпейтін 
адамдарға  қатысты  емес.  Сонымен  бірге  ауру  адамдар  дәрігерлер- 
дің  барлық  нұсқауын  сақтау  керек  дегеи  ұстаным  медициналық 
қызметке  қол  жеткізе  алмайтын  немесе  медициналық  қызметке 
жүгінбейтін адамдардың жағдайын елемейді.
Конфликт теориясы: 
медикализация
Құрылымдық  функцияшылдар  секілді  Парсонс  та  ауру  жайлы 
әлеуметтік  идея  (бұл жағдайда  -  науқас  адам  рөлі)  қоғамның кіді- 
ріссіз  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  деп  санайды. 
Ал  конфликт  теориясы  бойынша,  керісінше,  ауру  жайлы  идея  қо- 
ғамдық  өмірдің  басқа  бөліктері  секілді  әлеуметтік топтар  арасын- 
дағы бәсекелес мүдделерді бейнелейді.
Ауру  жөніндегі  түсінігіміздің  қалыптасуына  конфликт  тео- 
риясының  қосқан  маңызды  үлесі  -   медикализация  тұжырымда- 
масы.  Алтыншы  тарауда  байқағанымыздай,  медикализация  қан- 
дай  да  бір  жағдай  немесе  іс-әрекет  медициналық  мәселе  ретінде 
анықталып, медициналық шешімді талап ететін процеске жатады 
(Conrad, 2007).  Ғасырлар  бұрын мастурбация, гомосексуализм және 
бойжеткен  қыздардың  оқуға  құштарлығы  аурудың  белгісі  деп  са- 
налатын. Қазір ондай жағдайлар ауру деп саналмайды, себебі олар 
жайлы әлеуметтік ой өзгерді. Дәл осы сияқты ғасырлар бұрын көп- 
теген  әйелдер  акушерлердің  қатысуымен  үйде  босанатын,  кейбір 
балалар  үйде  сүндетке  отырғызылатын,  ал шаш түсіп,  таз  болу ер 
адамдардың  қартаюының  қалыпты  белгісі  болатын.  Қазіргі  таңда 
аяғы ауыр әйелдер медициналық көмекке жүгінеді, дүниеге келген 
ұл балалардың көбі дәрігерлердің көмегімен сүндетке отырғызыла- 
ды, ал шашы түсе бастаған ер адамдар  оны  емдеу жолдарын қарас- 
тырып,  хирургтің қызметін  пайдалана  алады.  Мұның  бәрі  -  меди- 
кализацияның көрінісі.
Медикализация  жаппай  іске  асу  үшін  бір  немесе  бірнеше 
ұйымдасқан  әлеуметтік  топ  өзгелердің  ойын  өзгертіп,  жаңа  жағ- 
дайды  қабылдау  үшін  әрекет  етіп,  бар  күшін  салуы  тиіс.  Медика- 
лизацияға  ықпал  етіп  отырған  қазіргі үлкен  күш  -  өзінің  өнімдер 
нарығын кеңейтуге қаржы жағынан мүдделі фармацевтикалық өн-


ДЕНСАУЛЫҚ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ
285
діріс  саласы  (Conrad,  2007).  Мысалы,  тек  Виаграмен  емделетін  «ер- 
лердің жыныстық дисфункциясын» ауру ретінде анықтауда фарма- 
цевгикалық өндіріс  саласы  негізгі күш  болды  (Loe,  2004).  Сонымен 
қатар медикализацияга  өз нарықтарын  кеңейтуден  үмітті дәрігер- 
лер тарапынан да маскүнемдік немесе фибромиалгия секілді қилы 
жағдайлардан құтылуды немесе зерттеу жүмыстарына қолдау көр- 
сетуді көздеген  түтынушылар тарапынан да  қысым  болуы  мүмкін 
(Barker 2005; Conrad, 2007).
Кейде  дәрігерлер  де  медикализацияга  қарсы  шыгады,  өйтке- 
ні  жағдайды  түзеу  үшін  (мысалы,  әйелін  соққыға  жығу)  жауап- 
ты  болғысы  келмейді.  Түтынушылар  да  медикализацияны  қол- 
дамайды,  өйткені  белгілі  бір  күйді  (мысалы,  менопауза)  өмірдің 
қалыпты жағдайы деп санайды. Сақтандырушылар да өзінің пай- 
дасына  қарай  м едикализацияны   қолдауы  немесе  қарсы  шыгуы 
мүмкін.  Мысалы,  сақтандырушылар  алгаш  артық  салмагы  бар 
емделушіге  асқазанды  шунттау  секілді қымбат отаға  төлем  беру- 
дің  орнына  артық  салмақ  ауру  болып  саналмайды  деп  өтініш ін 
қабылдамаган.
Ендігі  жерде  ота  ұзаққа  созылагын  шығындарды  азайтатыны 
дәлелденген кезде қамсыздандырушылардың көбі артық салмақты 
ауру деп танып,  оган хирургиялық көмек  көрсетілгенін  қолдайды 
(Conrad,  2007).  Қандай жағдай  болмасын  медикализация  үшін тар- 
тыста мол қаржысы, ықпалы және басқа билігі бар топ ұтады.
I  Виаграның м аркетинг!-дәр інід е,
I   импотенция «эректильді қызметтің 
бузы луы» атты аурудың белгісі деген 
ойды да «сатты».


286
10-ТАРАУ
Н азар
а у д а р ы ң ы з
Ғал ам тор ж ә н е  
д е н с а у л ы қ
Ғ
апамтордың  дамуы  дәрігерлердің, 
укім еттің,  фармацевтика  өнеркәсі- 
бінің  және  қоғам ны ң аурулармен  күре- 
суіне  қатты   эсер  етті.  Ең  маңызды  өз- 
герістердіңбірі -  онлайн-медициналық 
жазбаларга  көшу  Мундай  жәэбалар 
кептеген  дәрігерлерге,  медбикелерге, 
фармацевтерге және басқа тулғаларға 
қай  жерде  болмасын  емделушінің  ем- 
жазбаларын  еш  қиы нды қсы з  «.apayfa 
мум кіндік  береді  Осы  іспетті  онлайн 
жазбалардын  болуы  науқастар  ара- 
сында  әр  дәрігер  тағайындаган.  өзара 
әрекеттесуі  денсаулыққа  қауіпті  дә- 
рі-дәрмектерді  қабылдаудың  ж иілігін 
азайтып,  дәрігерлердің  науқас  денсау- 
лығын  кеңінен  түсіну  м үм кінд ігін  арт- 
тырады  Алайда  онлайн  медициналық 
жазбалар  емделушінің  қупиялыгы н 
сақтау  м үм кіндігін  азайтады  (Alpert, 
2003;  Freudenheim  &  Pear.  2006)  Мыса- 
лы.  емделушінің  м аскүнем дікке  қар- 
сы  ем  қабылдагэны  жайлы  жазылса, 
адамдар  заңды  түрде  бул  жазбалар- 
мен  таныса  алады  және  компыотерді 
буза  алатын  адам  да  бүл  мәліметтер- 
мен  эаңсыз  ганысуы  м үм кін  Нәтиже- 
сінде,  емделушілер  уятқа  қалып  неме- 
се 
тіпті
 
жүмы сы   мен  сақтандыруынан 
айырылуы  мүмкін.  Осылайша,  мүндай 
өэгеріс  биліктің  осы  жаэбаларға  қол- 
ж етімділігі  бар  кеэ келген  топқа  ауысу 
м үм кіндігін арттырады
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН МӘДЕНИЕТ
Тағы  бір  маңыэды  өзгеріс  -   фарма- 
цевтикалық  дәрі дәрмектердің  онлайн 
сатылымының өсуі (Eckholm,  2008)  Мун­
дай  сәйттар  гутынушылардың  керек 
дәрілерін  төмен  бағамен  сатып  алуына 
жағдай  жасайды  Өзге  жағынан,  бул 
сайт тар  кез  келген  адамға.  кез  келген 
жерде  қауіпті  дәрі  дармектерді  руқсат- 
сыз  сатып  алуга  жол  ашады  Валиум 
және 
Викодин 
секілді 
есірткілерді 
заңсыэ  сатып  алып.  денсаулыгын  қа 
терге  тігеді  Осылайша,  мундай  сайт- 
тарды  қолданушылар  мен  дәрілерді 
жеткізушілердің  мумкіндігін  арттырып, 
есірткі  қабылдауды  бәңылауда  устауға 
тырысатын  дәрігерлер  мен  үюметтің 
мумкіндіпн шектеп отыр
Натижесінде,  ғаламтор  ауру  тәжі- 
рибесіне  толықтай  ықпал  етуде  (Barker. 
2005)  Бугінде  кептеген  адам  өзін  жай- 
сыз сезінсе. дәрігер  шақыртудан бурын 
галамторға  жүгінеді 
Шын  мәнісінде, 
галамтор  суы қ  тию  мен  тумаудың  бел- 
гілерін  ажырату  ушін  мәлімет  Іэдегенге 
жақсы  әдіс  бола  алады.  Сонымен  бірге 
ғаламтор стигм атизмге ушыраған. диаг­
ноз  қою   қиын  болатын  аурулар  немесе 
соэылмалы  шаршау синдромы,  зәр  шы- 
гару  жолдарыныц  ауруы  және  склероз 
сияқты  ауруларга  шалдыққандар  үшін 
де  пайдалы  бола  алады  Көбі  өздерінің 
ауруларын  (нақты  немесе  нақты  емес) 
анықтайды,  сайттардан,  блог  және  он­
лайн 
хабарландырулардан 
кеңесгер 
алып  (бул  кеңестер  тексерілмеген  бо­
луы  да  мумкін).  улкен  эмоционалды
қолдау табады (Sulik & Eich-Krohm. 2008. 
Seale,  Ziebland  &  Charteris  -Блок  2006; 
Berger. Wagner & Baker. 2005). Алган аппа­
раты  мен  кеңесгерін  дәрігердің диагно 
зына  қарсы  қолдана  алады  Осылайша. 
галамтор  емделуші  мен  дәрігердщ  ара- 
сындагы арақатынасты өзгертуі мумкін.
Милкидің  қол  жеткізген  нәтижеле- 
рі:  1)  жеке  тулғалар  буқаралық  ақпарат 
қуралдарының  белсенді  тутынушылары 
болып  саналады,  (2)  турлі  аудитория 
бірдей  медиахабарларды  эртурлі  қабыл 
дайды және (3) буқаралықақпарат қурал- 
дары  мәдениетті.  жеке  көзкарастарды, 
іс-арекеттерді  қалыптастыруга  аздап 
болса да улес қосады, себебі 
адамдар 
оздерін  басқа  адамдардың  «буқаралық 
ақпарат  қүралдарымен  нақтыланған» 
көэқарастары арқылы бэгалайды
Символдық интеракционизм теориясы: 
ауру тәжірибесі
Науқас адам рөлінің моделі ауруға шалдыққан адамдар өзін қалай ұс- 
тау  керек және  өзгелермен  қандай  қатынаста  болуы қажет деген  мә- 
дени ұсыныс гарды түсінуге көмектеседі. Конфликт теориясы адамдар 
өзін  «науқас»  деп  қалай  анықтайтынын  түсіндіреді.  Ал  символдық 
интеракционизм теориясы әр күнді науқаспен өткізген қалай болаты- 
нын,  емделушілер  мен дәрігерлердіц жалпы  ахуалды дербес,  өзінше 
айқындаған кезінде не болатынын түсінуге көмектеседі.
Дәрігерлер  медициналық  көмекке  жүгінбейтін  кез  келген  емде- 
лушіні тәртіп бүзушы деп қабылдайды. Дәрігерлер ауруды қалай ем- 
деу керегін жақсырақ біледі. Сол себепті дәрігердің нүсқауын орын-


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау