Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет127/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   147

термен айналысады.  Бұлай ойлайтындар әсіресе әлеуметтік жүйенің 
төменгі тобының арасында кең тараған.
Саулық пен науқастықтың 
әлеуметтік таралуы
Жақсы  денсаулық  тек  жақсы  дағдыларға  я  тұқымның  жақсы  бо- 
луына  ғана  байланысты  емес.  Алайда  бұлардың да  рөлі  маңызды. 
Денсаулық  -   жынысы,  әлеуметтік  табы  және  нәсілі  немесе  этнос- 
тық тегі сияқты әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты. Бұл 
бөлімде  біз осы жайттардың АҚШ-та денсаулыққа  әсерін қысқаша 
шолып  өтеміз,  одан  кейін  КСРО-дағы  әлеуметтік  қүрылымның өз- 
герісі  өмір  сүру ұзақтығына  қалай  эсер  еткеніне қысқаша  зерттеу 
жүргіземіз.
АҚШ-та дүниеге  жаңа  келген  нәресте  шамамен  78  жыл  өмір  сү- 
руі  мүмкін  (Денсаулық  сақтау  саласының  статистикасының  ұлт- 
тық орталығы, 2001 ж.). Жастай қайтыс болу да кездеседі, бірақ АҚШ 
азаматтары,  орташа  алғанда,  қартайғанша  өмір  сүреді.  XX  ғасыр- 
дың басында өмір сүру ұзақтығы 50 жасқа дейін болғанын ескерсек, 
бүл -  өте  үлкен  жетістік. Дегенмен  мұндай  мүмкіндік бәріне  бірдей 
берілмеген:  қара  нәсілді  ер  адамдар  және  кедейлер,  ақ нәсілді әйел- 
дер мен байларға қарағанда ерте қайтыс болады (10.2 кесте).
Әрине, бұл жерде өлімді айналып өту айласынан гөрі денсаулық 
сақтау маңыздырақ. Халықтың жалпы хал-ахуалын анықтауда ауру 
мен  мүгедектіктің  таралуы  өлім-жітім  көрсеткішіне  үлкен  ықпал 
етеді.  Белгілі  бір  жылы  қайтыс  болғандардың жан  басына  шаққан- 
дағы  санынан  көптеген  ауруға  шалдыққандардың  немесе  мүгедек 
болғандардың саны басым. Келесі бөлімдерде біз жыныс, әлеуметтік 
тап және нәсілдік/этностық ерекшеліктің ауруға және өлімге қанша- 
лықты байланысты екенін анықтаймыз.
Гендер
Орта есеппен АҚШ-та әйелдер ер азаматтарға қарағанда бес жыл ұзақ 
өмір сүреді (10.2-кестені қараңыз). Алайда әйелдер үзағырақ өмір сүр- 
генмен,  денсаулығына  байланысты,  ерлерге  қарағанда  жиі  шағым 
айтады.  Оларды  артрит,  астма,  диабет,  катаракта  және  т.б.  аурулар 
көбірек мазалайды (Lane 8с Cibula, 2000; Bird 8с Rieker, 2008).
Мүндай  айырмашылық  әйел  адамдар  ерлерге  қарағанда,  мүге- 
дектікке  жиі  ұшырап,  қартаю  кезінде  өздерін  жайсыз  сезінетінін 
білдіреді.  Қарттар  үйіне  түсетін  жасы  егде  тартқан  және  көп  ауруға 
шалдыққан әйелдердің саны ерлерге қарағанда басым.
«Әйелдер қартая бастағанша, ер адамдар ерте қайтыс болады» де­
ген сөзді қалай түсіндіруге болады?  Бұл сүрақтың жауабын биология 
мен  қоғамнан  іздеу  қажет.  Әйел  заты  өзінің  ерекше  гормондарына 
байланысты табиғатынан ер адамға қарағанда төзімдірек. Әйел адам- 
ның  қажетті  деңгейде  азығы  болып,  қамқорлықты  сезсе,  ұзақ  өмір 
сүру мүмкіндігі ер адамнан әлдеқайда жоғары (Bird 8с Rieker, 2008).
Сонымен қатар әлеуметтік нормалар әйел затын жарақаттар мен 
өмірге  қауіп  төндіретін  аурулардан  қорғайды  (Bird  8с  Rieker,  2008). 
Басқалармен  ерегесіп,  спиртті  ішімдік  ішетін,  жылдам  көлік  айдау- 
ды  жақсы  көретін  және  батылдық  қасиеті  бар  таныстарыңыз  ер 
адам  болар. Өйткені мүндай қауіпті, тіпті өлімге  әкеліп соқтыратын


ДЕНСАУЛЫҚ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ
293
10.2-КЕСТЕ. Жыныс, нәсіл жәнеотбасылықтабыстыңденсаулыққа әсері.
Орта есеппен алғандағы жайттар. Америкалықазиаттар ақамерикалықтармен 
салыстырғанда, ұзағырақ өмір сүреді, ал ақ америкалықтар афроамерикалықтардан 
үзағырақ өмір сүреді. Латынамерикалықтар ақ америкалықтардан немесе 
афроамерикалықтардан ұзақөмір сүреді. Осы мәліметтерге қарай бірқатар мәселе 
шығады. Ал бай адамдардың кедейлерге қарағанда, үзағырақөмір сүретіні анық. 
Ақыр соңында, әйелдермен тең дәрежеде денсаулығына көңіл бөліп, медициналық 
көмекке жүгінсе де ер адамдар әйелдерге қарағанда аз өмір сүреді,.
Топтар
Ж асы
у з а қ т ы ғ ы н ы ң  
б о л ж ал д ы  ш ам асы
П ай ы зд ы қ  есеп 
к ө р сеткіш і немесе 
н аш ар д ен саулы қ
Ж ы ны сы
Ер
75
9%
Әйел
80
10
Н эс ілі
Ақ ам ерикалы қтар
78
9
Афроамерикалықтар
73
14
Л аты нам ерикалы қтар
81
13
Азиялық
84
7
О т басы   т абы сы
Кедей
N/A
20
Кедейлік шегінде
N/A
14
Кедей емес
N/A
6
ДЕРЕККӨЗ: Денсаулықсәқтаустатистикасыүлттықорталығы (2011) және (2010).
мінез-қулық  ер  адамдарға  тән  және  олардың  тарапынан  қалыпты 
жағдай ретінде қабылданады. Ал  әйелдерді мұндай кейіпте  елестету 
мүмкін емес. Ер адамдар әйелдермен салыстырғанда заң бұзып, есірт- 
кіні жиі қолданады және қауіпті істермен айналысады. Сонымен бірге 
әйел  адамдар  еркектерге  қарағанда,  денсаулығын  мазалайтын  бол- 
машы нәрсе болса да дәрігерге жиірек қаралады.
Әйелдердің  өмір  жасы  ұзақ  болғанмен  ауруға  шалдығу деңгейі 
ерлерге қарағанда жоғарырақ, осы жайт әлі де түсініксіз болып отыр 
(Barker,  200S).  Әйелдердің  жиі  ауырып  қалу  себебі  олардың  гормон- 
дарынан  және  күнделікті  күйзелісті  сезінуінен.  Әйел  адамдар  ер­
лерге  қарағанда  күйзеліске  көп түседі.  Бірақ  бүл күйзелістің  негізгі 
себептерін  бақылай  алмайды  (Bird  &  Rieker,  2008).  Күйзеліс  иммун- 
ды  жүйенің  жұмысына  кедергі  келтіреді,  сол  себептен  денсаулық 
нашарлайды.
Әлеуметтік тап
Табыс  артқан  сайын  өмір  сүру ұзақтығы  да  артады  және  денсаулық 
жақсарады  (10.2-кестені  қараңыз).  Ауқатты  адамдар  орта  тапқа  қа- 
рағанда  ұзағырақ  өмір  сүреді,  ал  орта  таптың  кедейлерге  қарағанда 
өмір  жасы  үзақ  болады  (Marmot,  2004).  Бұл  жағдайды  бәріне  бірдей


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау