Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет54/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   147

ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
125
Сөйтіп, мұндағы өндіріс көлемі тіпті құлдырады.  Осы өзгерістердің 
кесірінен  бұл  қауым  өздерін  асырап,  бір-біріне тәуелді  болудың  ор- 
нына түгелімен үкіметтен келетін көмекке қарап қалды.
Соның  салдарынан  шаруашылықты  үйымдастырудың  бүкіл 
тәртібі, әлеуметтік рөлдер, мәртебелер,  институттар бұзылды.  Ерлі- 
зайыптылар  арасындағы  қарым-қатынас  бүрынғыдай  айқын  бол- 
май қалды. Екеуара бірлескен экономикалық өнім өндіру жойылған 
соң  олардың  ендігі  құқықтары  мен  міндеттері  не  болмақ?  Ешкім 
ертеңін  ойламайтын  күн  туды,  енді  олардың  балалар  алдындағы 
құқықтары мен жауапкершіліктері қандай болуы керек?
Оджибуейдің болашағы
1985  жылы  үкіметтің  саясаты  мен  қағаз  фабрикасының  кесірінен 
өмір  салты  өзгеруінің  өтемі  ретінде  оджибуей  қауымдастығы  16,7 
миллион доллар  өтемақы алу жөнінде соттан тыс келісімге  келген. 
Алайда арада 20 жыл өтсе де әлі күнге табиғаттың ластануы -  денсау- 
лық сақтау мен  экономика  салаларының  басты  проблемасы  болып 
отыр (Envirowatch, 2006). Оның үстіне, сырттағы корпорациялардың 
кен  өндіру,  ағаш  кесу  әрекеттері  тайпа  өміріне  және  қоршаған  ор- 
таға жаңа  қауіп-қатер төндірді.  Соған қарамастан оджибуей қауым- 
дастығы  бас  көтеріп,  жарақаттарын  жаза  бастады.  Олар  балаларға 
оджибуей тілін үйрететін мектеп  бағдарламаларын әзірледі,  резер- 
вацияның ақшасын пайдаланып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік 
беретін жаңа өнеркәсіп орындарын ашты, оған қоса олар табиғатқа 
төнген  жаңа  қатерлерге  төтеп  беру  үшін  саяси  тұрғыда  жұмылып 
келеді  (Envirowatch,  2006).  Олар  ескі қоғамдық институттарды  қал- 
пына келтіріп, жаңаларын қалыптастырып жатыр.
Әлеуметтану ғылымының жауабы
Өкінішке қарай,  Оджибуей қасіреті -  сирек кездесетін жағдай  емес. 
Солтүстік  Америкадағы  тайпалардың  барлығы  осы  тағдырды  бас- 
тан  кешірді.  Байырғы  америкалықтар  арасында  алкоголь  не  есірт- 
кіге тәуелділік әдеттен тыс көп кездеседі. Соның кесірінен, олардың 
арасында  бауыр  ауруынан, бүйрек циррозынан, төтенше  оқиғалар- 
дан, кісі қолынан, суицидтен қаза табатындар саны әлдеқайда көп. 
(Денсаулық сақтау статистикасының 2011 жылғы Ұлттық орталығы, 
Wagner, 2006).
Байырғы  америкалықтардың алкоголь  мен  есірткіге тәуелділі- 
гін азайтуға әлеуметтанулық тұрғыдан үлес қосу ісі «алкогольді ша- 
мадан  тыс  ішуге  қандай  қоғамдық  құрылымдар  итермелейді?  Қо- 
ғамдық қүрылымдар  салынып  ішпейтіндерді неге  ішімдікті қоюға 
ынталандырмайды?» деген сұрақтардан басталады.
Мүның  жауабы  теориялық  жұмыс  ауқымына  байланысты.  Қү- 
рылымдық  функцияшылдар  үндістердің  институттарының  жо- 
йылуына,  олардың қалған институттары  мен ақ  нәсілді қоғамның 
арасындағы  үйлесімсіздіктерге  назар  аударуы  мүмкін.  Конфликт 
теориясының  өкілдері  ақ  нәсілділердің  үндістерді  зорлықтың  кү- 
шімен,  жүйелі  түрде  мәдениеттерінен,  тіршілік  етіп,  нәпақа  табу 
мумкіндіктерінен айырып,  олардың қоғамын қалай күл-талқан ет- 
кеніне баса көңіл бөледі. Дегенмен екі тарап та үндістердің кедейлік 
салдарынан қырылғанын мойындайды.  Нәтижесінде,  екі жақ  өкіл- 
дері  үндістерді  жұмыспен  толық  қамту  үшін  олардың  экономика- 
лык;  және  қоғамдық  институттарына  өзгеріс  енгізіп,  екінші  жағы- 
нан,  олардың  мәдениетін  дамытып,  қадір-қасиетін  арттыру  керек 
деген тоқтамға келген.


126
4 -ТА РАУ
Алкоголь  не  есірткіні  шектен  тыс  пайдалануға  қарсы  күрес 
көбінесе  қызылша  дертімен  күреске  ұқсайды.  Дертке  шалдыққан 
адамды емдеу арқылы проблеманы түбірімен жоя алмаймыз, әу бас- 
тағы  себептерге  тосқауыл  қою  керек.  Араққа  салыну  тегіс  қоғамға 
індет  болып  жайылса  бүкіл  қоғам  деңгейінде  алдын  алған  жөн. 
Адамдарды арақ пен есірткіге үйір болудан тыятын себептер болуы 
үшін  мәртебелер,  рөлдер  және  институттар  қайта  қалпына  келтірі- 
луі тиіс.
Әлеуметтік қарым-қатынас 
және күнделікті өмір
Адамдар  іс-әрекетті  не  үшін  істейді?  Мүның  жауабы  тек  олардың 
әлеуметтік  рөлдеріне  ғана  емес,  сондай-ақ  жалпы  жағдайға,  олар- 
дың  қоғамдық  мәртебесіне,  ресурстарына,  жеке  қасиеттеріне  және 
өмір тәжірибесіне  байланысты  болады. Дәрігер  рөлін  ойнап  жүрген 
екі  адам  екі  түрлі әрекет етуі мүмкін,  тіпті  бір дәрігердің  өзі әр  нау- 
қаспен  арадағы  рөлдерін  әр  жағдайда  әртүрлі  ойнайды.  Әлеуметтік 
құрылым  біздің  өзіміз  ісгеп  жүрген  іс-әрекетті  не  себепті  жасайты- 
нымызды  жалпы  түрде  түсіндіреді,  бірақ  жекелеген  жағдайларды 
нақты қарастырмайды. Күнделікті өмір әлеуметтануын зерттейтін 
ғалымдар  біздің қарапайым жүзбе-жүз  байланыстарымызды қалып- 
тастыратын әлеуметтік процестерге иазар салады.
К үнделікті өм ір ді басқару
Күнделікті өмірдің 
әлеуметтануы біздің қарапайым, 
бетпе-бет байланыстарымызды 
қалыптастыратын процестерге 
назар аударады.
Күнделікті  өміріміздің  көп  бөлігі  күйбең  тіршіліктен  тұрады.  Мы- 
салы,  күн  сайын  жұртпен  әңгімелесу  арқылы  түрлі  қарапайым 
нәрселерді  үйренеміз  және  сол  үйренгендерді  орын-орнымен  пай- 
даланамыз.  Біреу «Сәлем, халің қалай?» деп сұраса, оған «Жақсы, өз 
халің қалай?» деп жауап  беретін қарапайым рәсімдерді күніне сан 
қайтара  орындаймыз.  Бұл рәсімдерге  «Рақмет/ Шүкіршілік» немесе 
«Кешіріңіз/  Ештеңе  етпейді» деген  сияқты  бірер  стандартты жауап- 
тарды қосыңыз.
Дегенмен эр кездесу проблема тудыруы ықтимал.  Мәселен, қара- 
пайым қоғамдық рәсімді орындап, әлдекімнен:  «Сәлем, хал қалай», - 
деп сұрасаңыз ол сізге 20 минут бойы басындағы тауқыметін айтып 
тұрып алса қайтер едіңіз? Әкеңіз «көліктің кілті қайда» деп сұраса, ал 
оны ағаңыз рұқсатсыз алып кеткен болса не істейсіз? Екінші тарауда 
әр  мәдениеттің  бізге  күнделікті рәсімдерге  қажетті құралдар жиын- 
тыгын ұсынатынын айттық, олардың қайсысын қалай, қашан, қайда 
қолдану керектігін өзіңіз шешесіз.
Әр  кездесудің  алдында  адам  екі  проблеманы  шешіп  алуы  керек: 
1) қазір не болып жатыр, бүл әрекеттің сипаты қандай? 2) болмыстары- 
мыз қандай, яғни актерлар кімдер? Барлық әрекеттеріміз осы сұрақтар- 
ға  берілетін жауаптарға  байланысты  болмақ. Тіпті дәлізде  кетіп  бара 
жатқан бейтаныс адамды елемеу туралы шешімнің де осы сұрақтарға 
қатысы бар. Мұны қалай орындаймыз?
Қалыптар
Біреумен кездескендегі ең алғашқы әрекетіміз -  «Мұнда не болып жа­
тыр?»  деген  сұраққа  жауап  іздейміз.  Осы  жауаптың  арқасында  бұл


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау