Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega


ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет52/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   147

ҚОҒАМДЫҚ  ҚҰРЫЛЫМ  ЖӘНЕ  ӘЛЕУМЕТТІК  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
121
паққа  берілген.  Шын  мәнінде,  қарын  тойдыру  экономикасының  ең 
басты  ерекшелігі -  бұл  қоғам  мүшелерінің жас және жыныс  ерекше- 
ліктерінен басқа айырмашылықтары болмаған.
Адамзаттың  барлық  қоғамдары  аңшылық-терімшілік  қоғамдар 
ретінде пайда болды, бірақ бүгінгі уақытта мұндай қоғамдар аз. Мұн- 
дай адамдар Аустралияның Үлкен Виктория шөлі, Амазон ормандары 
сияқты  жерлерде  кездеседі.  Бұлардың  аман  қалған  себебі -   осы  тұм- 
са  табиғаттың  барлық  ресурстарын  пайдалану  жолдарын  ғасырлар 
бойы  меңгерген,  оның  үстіне  адам  аяғы  жетпейтін  жерлерді  басып 
алуға сырттағылардың да онша ықыласы болмаған.
Бағбаншылық қоғам дар
Бүкіл  әлемде  аңшылық-терімшілік  қоғам  сатысынан  жоғары  көте- 
рілу  процесі  ауыл  шаруашылығын  дамытудан  басталды.  Ауыл  ша- 
руашылығындағы  «бірінші революция» кезінде адамдар табиғаттың 
бергенін жай теріп алудың орнына өсімдік өсіріп, оны баптауды мең- 
герді. Бұл соқасыз, жер жыртатын жануарсыз, кішігірім фермалардан 
тұратын бағбаншылық қауымдардың қалыптасуына ыңпал етті. Бағ- 
баншылық  қоғамдар  тек таяқтың,  кетпеннің көмегімен  көп  тагам 
өсіре  алмады.  Бірақ  аңшылық-терімшілік  қоғамдардан  айырмашы- 
лығы -  олар артық азық жинайтындай көбірек өнім өндіре бастады.
Қауымдар күнкөріс қажеттігін өтеумен шектелмей, онан жоғары 
деңгейде дамыған соң түбірімен өзгерді. Шаруалар азық өндіру үшін 
әлі де күні бойы жүмыс істеуге мәжбүр болды, ал жаңа пайда болған 
таптық  иерархияның  жоғары  бөлігіндегілер  шаруалар  өндірген  ар- 
тық азықты  пайдаланды.  Артықшылыққа  ие  бұл  топ  енді  күнкөріс 
жүмыстарынан  босап өнер, дін,  жазу және  анда-санда  соғыс  сияқты 
басқа мақсаттарға көңіл боле бастады.
Біршама  молшылыққа  кенеліп,  тұрмысы  реттелгендіктен  бағ- 
баншылық қоғамдарда отбасынан өзге күрделі де түрақты институт- 
тар дами бастады.  Кейбір  экономикалық іс-әрекеттер  отбасынан тыс 
жерде жүретін болғандықтан, бар уақытын осы салаға арнайтын дін- 
дарлары бар діни құрылымдар қалыптасты, оның үстіне бюрократия- 
сы,  салық  жинаушылары  және  мұрагерлікпен  берілетін  билеушісі 
бар  басқару жүйесі  пайда  болды.  Кейде  мұндай  қоғамдар  өте  үлкен 
болған.  Мәселен,  Инк  империясында  шамамен  4  миллионная  астам 
адам тұрған.
Егінш ілік қоғам дар
Шамамен 5-6 мың жыл бүрын екінші ауылшаруашылық революция- 
сы  болып,  жаңа  технологияның  арқасында  азық-түлік  өндірісінің 
өнімділігі  еселеп  артты  (Diamond,  1997).  Соқа  мен  ірі  жануарларды 
пайдалану арқылы экономикасы азық өндіруге негізделген қоғамдар- 
ды егінш ілік қоғамдар деп атаймыз.
Егіншілік қоғамға өту кезінде металл қүралдары мен дөңгелекті 
пайдалану технологиясы жетіліп, суарудың, ұрықтандырудың үздік 
әдістері қолданылды. Бұл өзгерістер әлеуметтік институттарды түбе- 
гейлі  өзгертті.  Ең  бастысы,  бұл  өзгерістердің  арқасында  азық-түлік 
өндіруге аз ғана адам қажет болды. Нәтижесінде, басқалар қалаларға 
қоныс аударып, саны артып келе жатқан жаңа кәсіп түрлерімен айна- 
лыса бастады. Адамдар күннен-күнге бір салаға толық бейімделе бас- 
тағандықтан технология, сауда, оқу, жазу, ғылым және өнер салалары 
жылдам дамыды.
Бағбаншылық қоғамдар -  соқа 
сияқты өңдеу құралдары жоқ, 
кішігірім, қарапайым шаруа 
қожалықтары.
Егіншілік қоғамдар - соқаның 
және ірі жануарлардың көмегімен 
ауылшаруашылық өнімін 
өндіруге негізделген.


122
4 -ТА РА У
Сонымен  бірге  түрлі  кәсіптердің  пайда  болуы  теңсіздікті  үл- 
ғайтты.  Бағбаншылық  қоғамдағы  қарапайым  жүйенің  орнына  сау- 
дагерлер мен сарбаздардан, ғалымдар мен патшалардан және еңбек 
күші  басқа  барша  жұртты  асырайтын,  халықтың  қомақты  бөлігін 
қүрайтын  кедей  шаруалардан  тұратын  күрделі  таптық  жүйе  қа- 
лыптасты.
Қауымдарда  бос уақыт пен технологияны қолданатын жаңа  бір 
сала -  соғыс саласы болды. Жылқыны қолға үйретіп (атты әскер), дөң- 
гелекті  (әскери арба)  игерудің арқасында  әскери техника  әлдеқайда 
озық және тиімді бола бастады. Әскери әлеует басқа халықтарды жау- 
лап алу арқылы артық табыс табудың құралы ретінде пайдаланылды. 
Бұл  салада  римдіктердің  жетістікке  жеткені  сондай,  олар  Жерорта 
теңізі маңындағы бүкіл халықты Италиядағы билеуші элигаға бағы- 
нышты шаруа табына айналдырды.
И ндустриялы ң қоғам дар
200  жыл  бұрын  Батыс  Еуропада  өндірістегі  үшінші  ірі  төңкеріс  жү- 
зеге  асырылып,  индустрияландыру  өмірге  келді.  Индустриялық 
қоғам  -  экономикасы  механикалық,  электр  қуатын  немесе  қазба 
отын  энергиясын  пайдалана  отырып,  ауыл  шаруашылығына  емес, 
тауарлардың  жаппай  өндірісіне  негізделген  қоғам.  Жануарлар  мен 
адам еңбегінен жаппай өндіріске ойысу қалаларды өркендетіп, саяси, 
әлеуметтік  және  экономикалық  институттарды  өзгертті.  Білім  беру 
сияқты  ескі  институттар  қанат жайып,  ғылым,  медицина  және  заң 
сияқты жаңа институттар пайда болды.
Индустриялық  қоғамға  ауысу  gemeinschaft-тан  gesellschaft-қа 
ойысу процесімен  қатар  жүрді  (Brint,  2001).  Gemeinschaft -   адамдар 
айналасындағы  жұрттың  көпшілігімен  тығыз  жеке  байланыс  орна- 
татын қоғам. Ал gesellschaft кезінде жүрт бір-бірімен адами тұрғыда 
емес, тек  қажеттілік тұрғысынан  байланыс  орнатады.  Бүл  бетбұрыс 
ауылшаруашылық  қоғамдарынан  бастау  алған;  фермалардан  фабри- 
каға,  қалаларға  ауысу қарқыны  артқан  сайын бүл тенденция да  кең 
қанат жая түсті.
Индустриялық қоғамдар -
ауылшаруашылық өнімдеріне 
жатпайтын тауарларды жаппай 
өндірумен сипатталады.
Gemeinschaft -  адамдар өзара тығыз 
жеке байланыс орнататын қоғам.
Gesellschaft -  адамдар өзара 
адами тұрғыда емес, қажеттілік 
тұргысынан байланыс орнататын 
қоғам.
Постиндустриялық қоғамда
ақпарат шығару мен қызмет 
көрсетуге баса назар аударылады.
П остиндустриялы қ қоғам дар
Соңғы  бірер жылдың көлемінде АҚШ  сияқты  бақуатты  мемлекеттер 
постиндустрнялық қоғамға жылдам ауысты.  Индустриялық қоғам 
киім-кешек,  көлік,  компьютер  сияқты  заттарды  жаппай  өндірумен 
әйгілі  болса,  постиндустриялық  қоғамдар  ақпарат  шығару  мен  қыз- 
мет  көрсетуге  баса  назар  аударады.  Постиндустриялық  жұмыстарға 
ғалым,  дәрігер,  бағдарлама  жасаушы,  сондай-ақ үй  қызметшісі,  Wal- 
Mart дүкенінің  кіреберісіндегі қарсы  алушы  жатады.  Ал индустрия- 
лык; өнім  өндіру (киім  тігу және  компьютер  өндірісі)  біртіндеп  Банг­
ладеш, Перу сияқты кедей елдерге көшті.
Постиндустриялық  қоғамға  көшу  әлеуметтік  институттардың 
салыстырмалы  түрде  ықпалын  өзгертті.  Постиндустриалдық  әлем- 
де жүмыс орындары көп жалақы төленетін жұмыс (торт немесе одан 
да  көпжылдық жоғары  білімі барларды алатын) пен аз жалақы төле- 
нетін  жұмыс  (жоғары  білімі жоқтарды  алатын)  болып  екіге  бөлінді. 
Сондықтан білімніңмаңызы артты. Соныменқатар қазір ақпараттық 
технологиялар барлық әлеуметтік институттарға зор ықпал етеді. Ол 
біздің отбасымызбен арадағы байланысымызға, дінді ұстануымызға, 
білім алуымызға және т.б. көп өзгеріс енгізіп жатыр.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау