ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
119
ел экономикасы тұрақтылығын сақтап қалды. Ал Оңтүстік Африка
Республикасының үкіметі бұл дертке заманауи тұрғыда баға беруден,
оның алдын алудан бас тартты. Соның кесірінен, СПИД инфекциясын
жұқтырғандар көбейіп, отбасылар, мектептер және экономика құр-
дымға кетіп жатыр.
Институттардыңөзара тәуелділігі
Қоғамның әрбір институтын тәуелсіз әлеуметтік құрылым деуге бо-
лады, бірақ олардың ешқайсысы жалғыз тұра алмайды. Керісінше,
институттар бір-біріне тәуелді, олардың әрқайсысы басқаларына эсер
етеді және басқа институттар да оларға эсер етеді.
Әдетте тұрақты қоғамда бір институтгың рөліне кіретін норма-
лар мен құндылықтар басқа институттармен үйлесімде болады. Мы-
салға, еркектердің үстемдігін мойындайтын, отбасында үлкендердің
айтқанына бағынатын қоғамның діни, экономикалық және саяси
жүйелерінде де осы нормалар жұмыс істейді. Олай болса, өзара тәуел-
ділік нормалар мен құндылықтарды орнықтырады және әлеуметтік
тұрақтылықты арттырады.
Алайда, кейде өзара тәуелділік әлеуметтік өзгерістерге септесетін
маңызды механизм бола алады. Әрбір мекеме бір-біріне эсер ететін-
діктен біреуінің өзгерісі басқалардың да өзгеруіне әкеледі. Экономи-
кадағы өзгерістер отбасының өзгеруіне, діндегі өзгерістер үкіметтің
өзгеруіне әкеледі. Мысалы, ерлер жүмыс табу үшін басқа елге көшуге
мәжбүр болса, мұның өзі елде қалған отбасының құрылымына көп
әсерінтигізеді.
І
Дін - негізгі әлеуметтік
институттардыңбірі. Ілімдері
мен әдет-ғұрыптары әртүрлі
болғанымен, барлық мәдениеттер
мен қоғамдарда өздерінің
басқаруынан тыс оқиғалар мен
құбылыстарды тусіндіруге мүмкіндік
беретін наным-сенімдербар.
Институттардың тұрақты лы қ немесе
теңсіздік агенттері ретіндегі сипаты
Әлеуметтанушылар әлеуметтік қүрылымдарды зерттеу үшін құры-
лымдық функционализм және конфликтология сияқты екі негізгі
теорияны қолданады. Біріншісі, институттардың әлеуметтік және
жеке түрақтылықты қалыптастырудағы рөлін қарастырса, екіншісі,
институттардың теңсіздікті заңдастырудағы рөліне назар аударады.
Әрбір жүйе тұрақтылық пен тәртіпті әртүрлі қүндылықтар негізінде
бағалайтындықтан, әрқайсысы әлеуметтік құрылымдар туралы әр-
келкі сұрақтар қоюға итермелейді.
Құрылымдық-функциялық теорияны жақтаушылар институт-
тардың қоғамды тұрақтандыруға қалай көмектесетінін сұраудан
бастайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін олар күнделікті мәселелерді
шешу мақсатында институттар ұсынатын заңдылықтарға баса назар
аударады. Әр жаңа оқиға сайын немесе әр буын өсіп-жетілген сайын
дөңгелектің жаңа баламасын ойлап таппас үшін құрылымдық функ-
цияшылдар «бұларға негіз болып тұрған әрбір заңдылық пен инс
титут қоғам өмірінің біртіндеп дамуына мүмкіндік береді» деп қа-
райды. Оның үстіне, дәстүрдің арқасында бұл заңдылықтар қасиетті
болып саналатындықтан, біз оларды моральдық тұрғыдан дұрыс деп
есептеуге бейімбіз. Соның арқасында, әлеуметтік институттар біздің
қажеттілігімізді қанағаттандырып, қауіпсіздігімізді қамтамасыз
етеді.
Конфликт теориясы қүрылымдық функцияшылдардың «инсти
туттар адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмекте-
седі» дейтін пікірімен келіседі. Бірақ олар: «Қоғам институттары неге
бұл заңдылықтардың негізінде қүрылды?» «Бұл заңдылықтарды кім
қалыптастырды?», «Бұлардан ең көп пайда көретін кім?» деген сауал-
120
4-ТАРАУ
дарга көбірек көңіл бөледі. Олардың жауаптарынан институттардың
әдетте биліктегілердің мүдделерін қорғайтынын байқаймыз.
Институттар ертеден келе жатқандықтан біз отбасылық, діни
және саяси жүйелерді тек белгілі бір қажеттіліктерді қамтамасыз
етудің тәсілі ретінде ғана емес, жалғыз қолайлы жол ретінде қарас-
тырамыз. Он бірінші ғасырдағы христиан «Сиқыршыларды, әрине,
өртеу керек» деп ойлайтын болса, біз «Әрине, әйелдер бала тәрибесі
жолында мансаптарын құрбан етуі тиіс» деп ойлауға бейімбіз. Екі
жағдайда да конфликт теориясы дәстүрлі формадағы теңсіздікті қа-
лыпты, тіпті болуы тиіс жағдай етіп көрсетеді және соның арқасында,
қажетті әлеуметтік өзгерістерді кідіртіп қояды.
Әлеуметтік эволюция және
ыдырау
Аңшылық-терімшілік
қоғамдарда - адамдар көбіне
жабайы аңдарды өлтіріп, етін
жеген және тағамдық өсімдіктерді
теріп жеу арқылы күнелткен.
I
Кунг Бушмен сияқтыаңшылық-
I терімшілікқоғамдарда міндеттер
гендерлік принцип бойынша
бөлінеді. Жеке адамдар дүние-
мүлікті өте аз жинайды, себебі табыс
аз әрі оларды тасып жүру қиын.
Институттар қоғамға ерекше сипат береді. Кейбір қоғамдарда шіркеу,
басқаларында отбасы немесе экономика басым институт болып табы-
лады. Қандай жатдай болмасын, қоғамның қалай жүмыс істейтінін
түсінуден бүрын оның институттық негізін танып алуымыз керек.
Мұның алдында да айтқанымыздай, қазіргі қоғамдарда көптеген
күрделі институттар бар. Ал салыстырып қарайтын болсақ, ежелгі
қауымдарда жалғыз әлеуметтік институт - отбасы ғана болтан. Қазір-
гі замандагы күрделі қоғамдарда онта тарта институт бар. Институт-
тардың бұлайша ұлғаюына не себеп болды? Бұған қозгау салған басты
оқиға экономикалық өзгерістер сияқты. Технологиядағы, физикалық
ортадағы, ресурстарға қол жеткізудегі және әлеуметтік тәртіптегі өз-
герістер экономиканы қарқынды дамытады, сөйтіп, институттар да
кеңейе түседі (Diamond 1997). Бұл тарауда біз инсгитуттардың өндіріс-
тегі төрт революциямен бірге жүрген эволюциясына шолу жасаймыз.
А ң ш ы лы қ-терім ш ілік қоғам дар
Аңш ылық-терімш ілік қоғамдар - жабайы аңдарды аулап, жеуге жа-
рамды жемістерді, көкөністер мен дәндерді т.с.с. теріп жеп қана тамақ
табатын қотамдар (Lee & Daly, 2005). Бұл қоғамдар қарын тойдыру эко-
номикасына негізделген, яғни адамдар өздері жей алатын тағамнан
артық азық таппаған әрі оны сақтамаған. Анда-санда аң-құс аулап,
жеміс мол шығып тұрғанымен олар көбінесе жоқшылықта, ашқұрсақ
ғұмыр кешкен.
Аңшылық-терімшілік қоғамда әлеуметтік үйымдасудың негізгі
формасы туыстыққа негізделген отбасылық және жергілікті топтар
болтан. Аңшылық-терімшілік қоғамдардың көбі осы формада үйымдас-
қан. Бұлардагы адам саны 50 кісіден аспаган және олар көшпелі я жар-
тылай көшпелі гұмыр кешкен. Үнемі көшіп-қонып жүретіндіктен до
гам мүшелерінің жекеменшігінде аз-маз заттан басқа мүлкі болмаган.
Еңбек бөлінісі жасына және жынысына қарай өте қарапайым не-
гізде қалыптасқан (Lee & Daly, 1999). Ер жеткен үлдар мен ерлер (қарт-
тардан басқа) аң аулап, теңіз тереңінен балық ауласа, бойжеткен қыз-
дар мен әйелдер жеміс-жидек теріп, жагалауда балық аулауга және
оларды сақтауға қатысқан. Қарын тойдыру экономикасында жас пен
жыныс негізіндегі мәртебе теңсіздігінен басқа аз-маз құрылымдық
теңсіздік те кездескен. Ton мүшелерінің азгантай байлыгы болтан,
анда-санда кездесетін артықшылықтар мүрагерлікпен кейінгі үр-
Достарыңызбен бөлісу: |