Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет60/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   147

ТОПТАР,  ЖЕЛІЛЕР  ЖӘНЕ  ҰЙЫМДАР
139
қарауға  болмайды»  деген  норма),  бұл  нормалар,  керісінше,  олардың 
өзара әрекетке түсуін 
а з а й т у г а
 арналған.
Ton жақсы әрекет еткен жағдайда оның мүшелері жеке және эмо- 
ционалдық  қажеттіктерін  қанағаттандыратын  мәселелерді  шешу 
және жәрдемдесу сияқты жетістіктерге жетеді. Ал, керісінше, топтар 
нашар жүмыс істесе, бұл топтың ішінде қобалжу, келіспеушілік неме- 
се әлеуметтік күйзеліс болады.
Топтың ауқымы
Топтың ықпалы  бір жағынан оның ауқымына  байланысты. Екі адам 
революцияны  жоспарлай  алады,  200  адам  жеткілікті  партизан  ша- 
буылдарын  ұйымдастырып,  үкіметті  үрейлендіреді,  ал  2  мың  адам 
әскердің  негізін  құрады.  Сондай-ақ  5  адам  әр  бейсенбі  сайын  сыра 
ішіп тұрамыз деп келісу арқылы көңіл көтереді, ал 5  мың адам Джас­
тин  Бибердің концертіне  бірге  қатысып,  концерттен  бірге  эсер  алып,
Бибердің фанаты ретінде ортақ сезімге бөленеді.
Осының  барлығы  топтың  ауқымы  оның  мүшелері  арасындағы 
әрекеттестіктің формасына да  эсер  ететінін аңғартады. Бүл тақырып 
көп  жылдан  бері  әлеуметтік  зерттеуге  арқау  болып  келеді.  Бұл  зерт- 
теулер алғаш болып диадалар мен триадалар туралы жазған Джордж 
Зиммелден (1950) басталады.
Диадалар
Диадалар -  тек екі мүшесі бар топтар. Яғни күйеуі мен әйелінің,  бас- 
тық пен қызметкердің, дос пен достың, яғни екі адамның жұп құрып, 
әрекеттесуі. Диада  өте  шағын  болғандықтан,  мұнда  екі адамның өза- 
ра қарым-қатынасы бір-біріне ерекше ынтызарлыққа құрылуы қажет.
Сондықтан диадалық байланыстар өте берік болады.
Дегенмен шағын болғандықтан, диадалар тым нәзік болып келеді.
Егер  екі  адамның  біреуі  топтан  шығамын  десе,  онда  диаданың  күні 
бітеді  (Simmel,  1950;  Miller,  2007).  Бірақ  диадалар  өзінше  оқшау  өмір 
сүрмейді. Достықтан шығу ортақ балалары  бар  ерлі-зайыптылардың 
ажырасуына  қарағанда  оңайырақ.  Ажырасқанда  балалар  аңырап, 
ата-аналар қиналып, шым-шытырық қаржылық мәселелер мезі етеді.
Сондықтан қоғамның дайындығы мен құрылымдары диадаларды өз- 
дері қалағаннан да ұзақ мерзім жүп болып тұруға мәжбүр етеді.
Триадалар
Триада  -  үш  мүшесі  бар  топ.  Триада  диададан  мүлде  өзгеше  әрекет 
етеді. Бүл топ үш адамнан тұратындықтан олардың бірі кетіп қалған 
не қуылған күннің өзінде  қалған екеуі топ ретінде  әрекет ете  береді.
Сондықтан триадада  барлық мүшені қанағаттандырудың көп қажет- 
тігі жоқ. Оның үстіне, мұнда диададағыдай өте жақын қарым-қатынас 
бола  бермейді,  себебі  жаңалықтар  мен  көзқарастарды  үшеуі  бөлісіп 
отыруы да  мүмкін  (бүл  оның құпиялылығын және  ерекшелігін  кемі- 
теді) немесе біреуінен жасырып қалуы да ғажап емес, ал бүл триадада- 
ғы байланысты нашарлатады.
Триаданың  табиғаты  ерекше  әрекеттесу  формасын  қажет  етеді 
(Simmel,  1950;  Miller,  2007).  Бір  адам  қалған  екі  адамның арасындағы 
шиеленістің пайдасын көруі мүмкін немесе өзінің жеке мақсаты үшін
оларды  жанжалға  итермелеуі  ықтимал.  Айталық,  Джон,  Мануэль 
Диада -  екі мүшесі бар топ. 
және Эми үшеуі бір жобаны бірге жасауы керек болды делік. Джонның
Эмимен көбірек бірге болғысы келеді. Сондықтан ол Эмиге:  «Мануэль- 
т РиаДа - Үш мүшесі бар  гоп


140
5-ТА РАУ
Эталон топтар -  адамдар өздерін 
үнемі салыстырып жүретін топтар.
І
Панктер, спортшылар әлде жағажайда 
қыздырынуды ұнататындар сияқты 
топ болсын, әйтеуір қандай топтың 
мүшесі болсақ та, біз топтың басқа 
мүшелері секілді киініп, солар секілді 
әрекет етуге бейім түрамыз, сол арқылы 
бір-бірімізбен жақындығымызды 
арттыратүсеміз.
дің қыздарға қырындайтыны бар», -  деп өтірік айтады. Немесе ол Эми 
мен  Мануэльдің  әлденеге  келіспей  қалғанын  күтіп,  сол  сәт туғанда 
оны өзіне қаратып алуы ықтимал.  Екіншіден, триадалар көбіне асси- 
метриялы болып келеді. Олардың арасында екеуі өте тығыз араласады 
да  үшіншісі  үнемі  шеттетіліп  жүреді.  Үш  адамнан  тұратын  кез  кел- 
ген достар тобында екеуі үшіншісіне қарағанда, бір-біріне өте жақын 
болады, үшіншісі осыны біліп, ренжіп жүруі ықтимал.
Топтың түрлері
Біздің әрқайсысымыз әулет, әйелдер клубы, спорттық команда, «Әлеу- 
меттану»  тобының студен гтері, Библияны  оқу сыныбы, жұмыс тобы 
сияқты  түрлі  топтарға  мүшеміз.  Бұл  тарауда  біз 
э т а л о н   т оп,  н е гізгі 
т оп ,  қ о с ы м ш а  т о п
 деген үш түрлі топ туралы айтамыз.
Эталон топтар
Егер  Демарио  студенттердің  бауырластық  тобының  (АҚШ-тағы  жас- 
тар  бас  қосатын  өзара  бауырластыққа  негізделген  құпия  топтар  - 
ред.)  мүшесі  болса,  онда  жүріс-тұрысы,  алған  бағасы және  спорттық 
шеберлігі  топтағы  достарының  қалауына  сай  болуын  қадағалайды. 
Егер Нэнси үшін өзі қатысатын діни ұйымның маңызы өте зор болса, 
онда  ол  өзін  сол  ұйымға  барып  жүрген  басқа  құрбы-құрдастарымен 
салыстырады.  Яғни студенттердің бауырластық тобы -  Демарионың, 
ал діни үйым -  Нэнсидің эталон тобы. Эталон топ -  адамдар  өздерін 
үнемі  салыстырып  отыратын  топ.  Эдетте  адамдар  өздеріне  ұқсас 
адамдар  кіретін  топтарды  эталон  топ  ретінде  таңдайды.  Сөйте  түра, 
кейде  олар  өздері  қосылғысы  келетін  топтарды  да  эталон  топ  етіп 
алады.  Мэселен,  Демарио  бауырластық  тобына  кірерден  бұрын  сол 
топтың мүшелері қалай киінетініне  көз  салып  жүреді,  содан  соң то- 
лығымен оларга ұқсас болу үшін киіміне аз-маз өзгеріс енгізеді.
Эталон  топ  біздің  өмірізге  үлкен  ықпал  етеді.  Мәселен,  ондаған 
жылдар бойғы зерттеу нәтижелері дәлелдегендей, өзімізді жақсырақ 
өмір сүретін басқалармен салыстыра берсек, онда біздің бақыттылық 
деңгейіміз төмендейді екен. Бұл қүбылыс салыстырмалы депривация 
(әлеуметтік  мұқтажын  өтеу  мүмкіндігінен  айырылу)  деп  аталады.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау