40
1-ТАРАУ
Ү ғы м д а р д ы ң қоры ты нды сы
Негізгі теориялың көзқарастар
Қ үры лы м ды қ-
ф у н к ц и я л ы қ
теори я
К онф ликт
теори ясы
С им волды қ
и н тер ак ц и о н и зм
Қоғам
таб и ғаты
Біріккен
түтасты қты
қалы птасты ру
үш ін бір-бірімен
үйлесетін
қүрылы мдар
Бәсекелес
мүдделер, олардың
әрқайсысы өз
мақсаттарына
ж етуге үмты лады
Жеке түлғалар мен
топтарды ң өзара
әрекетке түсуі
Өзара
әрекет
н егізі
Консенсус
жэне ортақ
қүнды лы қтар
Шектеу, күш және
бәсеке
Ортақ символдық
мәндер
Н егізгі
сү р ақ тар ы
Элеуметтік
қүрылы мдар
дегеніміз не?
Олар әлеуметтік
ту р ақ ты л ы қ қ а үлес
қоса ма?
Кім үтады? Бұл
жеңіс қалай
келеді?
Әлеуметтік
қүрылы мдардың
субъективті
тәжірибеге қатысы
қандай?
Талдау
дең геи і
Әлеуметгік
қүрылы м
Әлеуметтік
қүры лы м
Түлғалардың
арасындагы өзара
әрекет
Қурыл ымдық-функциялық теорияның
негізіндегі болжамдар
Барлық әлеуметтанушылар қоғамның қалай жұмыс істейтінін
зерттеуге мүдделі. Алайда құрылымдық-функциялық көзқарасты
жақтайтындар негізгі үш тұжырымды басшылыққа алады.
1. Тұрақтылық: кез келген әлеуметтік үлгіні бағалаудың басты кри
терий! - оның қоғамды сақтауға қосатын үлесі.
2. Үйлесімділік: ағзаның бөліктері секілді, қоғамның бөліктері де
әдетте тұтастық үшін үйлесімді түрде жұмыс істейді.
І
Басқа әлеуметтік институттар секілді,
мектеп бітіру кеші анықта айқын
функцияларды (мысалы, топтағы
ынтымақты нығайту) және кейде
астыртын функцияларды атқарады
(мысалы, кімнің мықты екенін көрсету).
ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
41
3. Эволюция: өзгеріс, ең алдымен, эволюция арқылы жүзеге асыры-
лады, бұл дегеніміз - әлеуметтік құрылымдардың жаңа қажет-
тіліктер мен талаптарға, негізінен, бейбіт түрде бейімделуі және
қажетсіз, я ескірген құрылымдардың жойылуы.
Құрылымдық-функциялықтеорияны қолдану
Құрылымдық-функциялық теорияны қолданатын әлеуметтанушылар
әлеуметтік құрылымдардың табиғатын және салдарын зерттеумен шұ-
ғылданады. Құрылымдық-функциялық теория ғалымдары әлеуметтік
құрылымдардың жағымды (пайдалы) нәтижелерін функция ретінде, ал
әлеуметтік қүрылымдардың теріс (зиянды) салдарын дисфункция ре-
тінде сипаттайды. Олар сондай-ақ айқын (танылған және жоспарлашан)
салдарлар мен астыртын (кейін дамитын және жоспарланбаған) салдар-
лар арасындағы айырмашылықтарды қарастырады. Маңызы зор болған-
дықтан құрылымдық-функциялық теория ұғымдарын басқа көзқараста-
ғы әлеуметтанушылар да қолданады.
Мысалы, жоғары сынып оқушыларының сауық кешін алайық. Мек-
теп бітіру кештері мектеп рухын қалыптастыру және оқушылар арасын-
да әлеуметтік байланыстарды нығайту сияқты бірнеше айқын функция-
ларды атқаруға арналған. Олар сондай-ақ кейде оқушылардың өзіне
беймәлім астыртын функцияларды ашуына себепші болады. Мысалы,
осы кешті ұйымдастыру барысында бірігіп жүмыс істеп, тіпті бір-біріне
шағымданудың өзі мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүм-
кіндік береді. Бітіру кештері айқын және астыртын дисфункцияларды да
атқарады. Көпшілік байқай алатын айқын дисфункцияныц бірі - мектеп
бітіру кештері оқушылар арасында экономикалық жіктерді көрсетіп бе-
ретіндігі. Мысалы, жаңа киім сатып ала алмайтын оқушылар ұялғаннан
келмей қалуы мүмкін. Астыртын дисфункция - студенттердің кейбірі
үялудың орнына ашу-ызасы қозып, соның салдарынан вандализмге бар-
уы ықтимал (1.1-кесте).
Бұл мысалға орай байқайтынымыз - қоғамды сақтауіа үлес қоса-
тын әлеуметтік құрылым кейбір топтарға басқалардан артық пайда
әкелуі мүмкін. Үлгі функционалды бола алады яғни ол статус-квоны
сақтауға көмектеседі, бірақ ол қалаулы немесе әділ болмайды. Алай-
да құрылымдық функцияшылдар, тұтастай алғанда, әлеуметтік
қүрылымдардың бірқалыпты жұмыс істейтін қоғамды қүру үшін
қызмет ететінін атап көрсетеді.
Қүрылымдық-функциялық талдау әлеуметтік құрылымдардың
жоспарланған және жоспарланбаған қарекетінің салдарын қарасты-
рады. Сондай-ақ салдардың оң (функциялық) немесе теріс (дисфунк-
циялы) екендігін бағалайды. Нәтижені оң деп бағалайтын моральдық
өлшем жоқ; бұл нәтиже тек қоғамның тұрақтылығына ықпал етеді
дегенді білдіреді.
1.1-КЕСТЕ.
Мектеп бітіру кештерініңқурылымдық-функциялықталдамасы
А ны қтам асы
А йқы н
А сты рты н
Ф ункция
Мектеп рухын
қалы птасты рады
Мүғалімдер арасындағы
баиланысты нығайтады
Дисфункция
Оқушылар
арасындағы
экономикалық
ж іктерді көрсетеді
Ж ағдайы төмен оқуш ыларды
ы заланды руы м үм кін,
соның салдары нан кейбірі
ваидализм ге бет бұруы
ы қти м ал
Функция - әлеуметтік
тұрақтылықты арттыратын
әлеуметтік құрылымдардыц
жегістіктері.
Дисфункция - әлеуметтік
тұрақтылықты төмендететін
әлеуметтік құрылымдар
қарекеттерінің салдарлары.
Айқын функциялар немесе
дисфункциялар- бұл
жоспарланған немесе танылған
әлеуметтік құрылымдар
қарекеттерінің нәтижелері.
Астыртын функциялар немесе
дисфункциялар - жоспарланбаған
немесе кейін дамитын әлеуметтік
құрылымдар қарекеттерінің
салдарлары.
42
1-ТАРАУ
І
Конфликтологтер - эйелді
сабау ерлердің үстемдік етуіне
қаншалықты ықпал ететінін және
әртүрлі әлеуметтік күштердің
(мәселен, әйелдерге күйеуінің
қалауына көнуді үйрететін діндер
және әйел сабауды отбасындағы
болмашы мәселе деп санайтын
полицейлер) мүны қалай қалыпты
жағдайға айналдырғанын зерттейді.
Конфликт теориясы
Құрылымдық-функциялық теория әлемді ымыраға келу (консен
сус) және тұрақтылық тұрғысынан қарастырса, конфликт теориясы
оны қақтығыстар мен өзгерістер негізінде сипаттайды (Ритзер, 2003).
Конфликтологтер қоғамды толық түсіну үшін ондағы бәсеке мен шие-
леністерді, әсіресе біреулер жеңіп, екіншілері жеңіліске ұшырайтын
процестерді сыни түрғыдан зерттеу керек деп санайды. Демек конф
ликт теориясы қоғамдағы күйзеліс пен шиеленістерді, осыған орай,
қоғамды әлеуметтік өзгерістерге бастайтын жолдарды қарасгырады.
Конфликт теориясының негізіндегі
болжамдар
Конфликт теориясы Маркс идеяларынантуындайды. Қазіргі конфликт
теориясы негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады:
1.
Бәсеке. Жеткіліксіз ресурстарға (ақша, бос уақыт, жыныстық қатынас-
тағы әріптестер және т.б.) қол жеткізу жолындағы бәсеке барлық әлеу-
меттік қатынастың негізі болып саналады. Адамдар арасындағы қа-
рым-қатынас табиғатына консенсустан гөрі бәсеке жақынырақ тұрады.
2. Құрылымдық теңсіздік. Әлеуметтік құрылымдардың барлығын-
да билікті және сый-қүрметті бөлісуде теңсіздік бар. Кез келген
нақты құрылымның шапағатын көрген адамдар мен топтар осы
теңсіздікті сақтап қалуға тырысады.
3. Әлеуметтік өзгеріс. Өзгеріс - бейімделудің емес, бәсекелес мүдде-
лер арасындағы шиеленістің нәтижесі. Бұл эволюциялық емес,
көбіне кенеттен немесе революциялық жолмен келеді, оның үсті-
не, зиянына қарағанда пайдасы көбірек болады.
Конфликт теориясын пайдалану
Құрылымдық функцияшылдар секілді конфликтологтар де әлеумет-
тік құрылымдарды зерттейді. Алайда конфликт теориясының ғалым-
дары қазіргі әлеуметтік қүрылымдардан қандай топтардың көп пайда
көріп отырғанын және олардың бұл артықшылықтарын қалай сақтап
отырғанына баса мән береді.
Мәселен, тұрмыстағы зорлық-зомбылықты зерттегенде әйелдер-
дің еркектерге қарағанда әлдеқайда жиі және қатты зәбір көретінін
айтамыз, бірақ бұл шындық «түрмыстық зорлық-зомбылық» термині-
нің тасасында қалады. Конфликтологтар: «Бұл кімге пайдалы?» деген
сұраққа «Әйелдерге қол жұмсау арқылы ерлер үйдегі үстемдігін сақтап
қалады», - деп жауап береді. Мұнан соң теорияшылар: «Бұл жағдай не-
ден болды?», «Осы қалпында қалай түр?», - деген сауалға жауап іздейді.
Сондай-ақ ғалымдар: «Неге кейбір діндер әйелдерді күйеулерінің қа-
лауына бағынуға, тіпті қол көтергеніне де мойынсұнуға шақырады?»,
«Неге соңғы уақытқа дейін әйелді сабау қылмыс болып саналмай кел-
ді?», «Неге кейбір полицейлер әлі күнге дейін әйел сабауды онша маңы-
зы жоқ отбасылық проблема деп санайды?», - деген сұрақтар төңірегін-
де ойланады.
Символдық интеракционизм теориясы
Құрылымдық-функциялық теория да, конфликт теориясы да элеумет-
тік құрылымдарды және олардың арасындагы байланыстарды зерт-
Достарыңызбен бөлісу: |