ҚОҒАМ ТУРАЛЫ ІЛІМ
45
мұндай кәсіппен айналыса жүріп өздеріне деген
сенімін қалай жоғалтып алмагандығын зерттейді.
Әлеуметтанушы Вэнди Чапкис (1997) жезөкшелер-
мен, «ересектерге арналған» фильмдерге түскен
әртістермен, жалпы «жыныстық ләззат саудасын-
дағы» 50 шақты адаммен сұхбат жүргізді. Сұхбат-
тасқан көп әйел өз кәсіптерін мақтан тұтатынын
айтқан. Олар бұл кәсіптің кісі күтуші, психотера
певт сияқты қызмет көрсетіп, клиенттеріне қам-
қорлық жасайтын басқа кәсіптерден еш айырма-
шылығы жоқ деп санайды. Чапкистің айтуынша,
жезөкшелер сезім мен жұмыстың арасындағы
арақашықгықты сақтауға қаншалықты қабілетті
болса, олардың өзін-өзі бағалап, психикалық ден-
саулығына көңіл бөлуге де соншалықты мүмкін-
дігі болады. Сұхбатқа қатысқан әйелдердің бірі:
«Бүл - оңай жұмыс емес, мұнда көп қиындық көр-
дім. Дегенмен бұл кәсіпті толық меңгергенімді тү-
сінемін. Эмоциялық қашықтықты қалай ұстау ке-
ректігін жақсы білемін. Мәселен, өрт сөндіруші, ми
хирургі немесе психиатр өте қиын жұмыспен айна-
лысады әрі олар белгілі бір деңгейде сезімдерін те-
жей алады. Жұмысыңды атқару үшін солай жасауға
тура келеді», - деп сырын айтқан (Чапкис, 79).
Бұл мысалдар көрсеткендей, көп проблема үш
теория тұрғысынан да нәтижелі зерттелуі мүмкін.
Әрбір әлеуметтанушы зерттеу жұмысына қандай
теориялық көзқарас сәйкес келетінін өзі шешуі керек.
І
Қурылымдықфункцияшылдар-
жезөкшеліктіңер адамдарға төсек
рақатын сыйлау арқылы қоғамды қалай
тұрақтандыра алатынын зерттейді.
Конфликт теориясын қолданушылар -
кедей, маргинал адамдардың
жезөкшелік жолға түсуге мәжбүр
болатынын, ал интеракционистер
жезөкшелердің өз-өзін құрметтеуін
қалай сақтай алатынын қарастырады.
Бейресми дерек - бұл кездейсоқ
алынған және аз адамға немесе
мардымсыз оқиғаларға негізделген
дәлел.
Қоғамды зерттеу
Мәселен, әлеуметтанушылар зертгейтін нашақор-
лық, отбасы бақыты, жоқшылық сияқты проблемалар сізді
де бұрын-
нан алаңдатып жүруі мүмкін. Неге біреулер отбасы бақытына кенелсе,
екіншілері бақытсыз болып жатады? Неге кейбіреулер заң бұзады, ал
басқалары заңға бағынады? Бұл сұрақтарға қатысты өзіндік пікіріңіз
де қалыптасқан шығар. Әлеуметтану - адамның әлеуметтік мінез-
құлқы туралы түсініктемелерді сыни тұрғыдан зерттейтін академия-
лық ғылым. Ол нақты болған жайттарды бақылап, межелеу арқылы
қоғамдық орта туралы түсінігімізді жақсартуға бағытталған. Әлбетте,
әлеуметтанулық зерттеулер - білім алудың бірден-бір құралы емес.
Кейбір адамдар керекті нәрселерін Библиядан, Құраннан немесе «Мор
мон кітабынан» алады. Басқалары жауаптарын ата-аналарынан, теле-
дидардан немесе интернеттен табады. Мұндай адамдардан: «Осының
шындық екенін қалай білесіз?» - деп сұрасаңыз, «Анам айтты», «Дей
ли Шоу» бағдарламасынан көрдім» немесе «Уикипедиядан оқыдым», -
деп оңай жауап қайырады.
Білім алудың бұл тәсілдерінен әлеуметтанудың ерекшелігі сонда,
ол - эмпирикалық дәлелдерді қажег етеді әрі оны басқа бақылаушы-
лар қарапайым сезім мүшелерінің көмегімен растауға міндетті. Біз
оны көріп, естіп, иісін сезіне алуымыз керек әрі ол осы кітаптың ке-
лесі тарауында айтылатын объективті дәлелдің ғылыми критерий-
леріне сай келуі тиіс. Ал күнделікті өмірде біз бейресми деректерге
сүйенеміз, яғни жүйесіз, кездейсоқ дәлелдерге немесе өзіміз көрген
немесе естіген оқиғаларға негізделген мәліметтерге сенеміз. Мысалы,
әкеңіз - Пуэрто-Рико азаматы, ал анаңыз ағылшын делік, олар жиі
үрсысып қала беретін болса, сіз «үлтаралық некелер сәтсіз болады»