34
1-ТАРАУ
де көре білу қабілеті. Осы қиялды дамытқаннан кейін жеке мінез-құ-
лық адамның жеке тұлғасына ғана байланысты емес екенін түсінеміз.
Оның орнына біз әлеуметтік құрылымдардың адам мінез-құлқына қа-
лай эсер ететінін қарастырамыз. Сол сияқты, әлеуметтік проблемалар-
ды шешу үшін жеке тұлгаларды ғана емес, әлеуметтік құрылымдарды
да өзгерту керек екенін түсінеміз. Кедейлік, ажырасу және нәсілшіл-
дік жеке адамдардың басындағы ауыртпалық болғанымен, бұл проб-
лемаларды жеке адамдарға көмектесу арқылы жоюға немесе шешуге
болмайды. Әлеуметтік қиял - адам өмірінде кездесетін қиындықтарға
басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілін ұсынады.
Әлеуметтік қиял «адамда таңдаудың ешқандай мүмкіндігі жоқ»,
немесе «олардың ешқандай жауапкершілігі жоқ» дегенді білдірмейді.
Тіпті құлдар да сылбыр жұмыс істеп, қожайынын сыртынан мазақтай-
ды немесе өзіне-өзі қол жұмсай алады. Бұл да - таңдау. Дегенмен әлеу-
меттік қиял әлеуметтік күштердің әсерін адамның жеке таңдауымен
бірге қарастырудың маңызын көрсетеді.
I
Әлеуметтік қиял - жұмыссыздық
I деңгейініңжоғары болуы,
адамның жеке бас ерекшеліктерімен
салыстырғанда әлеуметтік
жағдайларға көбірек байланысты
екенін көрсете алады.
Эмпирикалық зерттеулер -
дәлелдемелерді жүйелі түрде
сараптауға негізделген ғылым
саласы.
Әлеуметтану - ңоғам туралы гылым
Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке гүсуін, сон-
дай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерт-
тейді. Бүл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аудары-
лады - бүл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады
және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады.
Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану,
экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен
тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінез-
қүлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа,
бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде
ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелер-
ді жүйелі түрде сараптауға негізделген эм пирикалы қ зерттеулерге
сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай түрып зерттеуші-
лердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық
ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа сала-
лардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдардан өз ерекше-
лігі бар. Антропологтер, ең алдымен, адам (немесе адамдық емес)
мәдениетіне ден қояды. Мәселен, антропологтар кей мәдениетте
зорлық-зомбылықтың басқаларға қарағанда неге көп таралғанын
және мектеп бітіру кештері, Марди Гра мерекесі және Киньсеаньера
(
Q u in c e a fie r a s )
сияқты мейрамдардың қандай мақсаттарда жасала-
тынын зерттейді. Психологтар адамның жеке мінез-қүлқына және
ойлау ерекшеліктеріне назар аударады, мысалы, «Неге кей адамдар
күйгелек болып келеді?» немесе «Неге кей адамдар басқаларға қа-
рағанда, әлденеге көбірек құмар болады?» деген сұрақтарға жауап
іздейді. Саясаттанушылар саяси жүйе мен мінез-құлықты, мысалы,
диктаторлықтың өсуі мен құлдырауы сияқты проблемаларды зерт-
тесе, экономистер тауарлардың қалай өндіріліп, қалай таратыла-
тынын және қызмет көрсету түрлерінің қалай пайда болып, қалай
қолданылатынын зерттейді, мәселен, «Жүрттың көбі неге камерасы
бар ұялы телефон алады?» деген сияқты сұрақтардың жауабын қа-
растырады. Әлеуметтанушылар мәдениетті, жеке мінез-құлық, сая-
сат пен экономиканы зерттесе де осы және басқа проблемалардың
әлеуметтік топтар мен әлеуметтік өзара әрекеттерге қалай эсер ете-
тінін басты назарда ұстайды.