Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет20/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   147

ҚОҒАМ  ТУРАЛЫ  ІЛІМ
47
Бірінші қадам: мәселенің қойылуы
Зерттеу барысындағы  алғашқы  қадам -  зерттелетін проблеманы анық- 
тау. Біз тақырыпты өз тәжірибеміз бен бақылауымызға байланысты таң- 
дай аламыз. Мысалы, «афроамерикалықтар ақнәсілді америкалықтарға 
қарағанда, жұмыссыздық пен кедейлікке көбірек ұшырайды» деген тұ- 
жырымды алайық. Немесе осы тұжырымды негізге ала отырып, «мектеп 
пен жұмыстағы кемсітушілік салдарынан ақ нәсілді америкалықтарға 
қарағанда,  афроамерикалықтар  арасында  жұмыссыздық  пен  кедейлік 
деңгейі жоғары» деген болжамнан бастауымызға болады.
Қандай  жағдайда  да  алдымен  зерттегіміз  келетін  нәрсе  жайлы 
көбірек  білу  үшін  басқа  ғалымдардың  зерттеулерін  шолудан  бастау 
керек. Егер сол проблема бойынша жақсы зерттеулер жүргізілсе және 
кейбір проблемалар жөнінде теориялық түсіндірмелер жасалған бол- 
са,  онда  зерттеуден  күтілетін  нәтижені  гипотеза  түрінде  сипаттауға 
болады. Гипотеза дегеніміз -  теория дұрыс болған жағдайда шығатын 
қорытынды жайлы тұжырым. Гипотеза сынамалы болуы керек, яғни 
қандай  да  бір  түсіндірменің  дұрыс  я  бұрыстығын  деректер  арқылы 
анықтау жолдары  болуы тиіс.  Мысалы, «афроамерикалықтардан гөрі 
ақ нәсілділер жақсы жұмысқа  лайық» деген пікірді сынап көру мүм- 
кінемес.алайда «ақнәсілділержақсыжұмысқа афроамерикалықтарға 
қарағанда көбірек орналасады» деген болжамды сынап көруге болады.
Екінші қадам: негіз әзірлеу
Дерекжинауды бастамас бұрын, алдымен, айнымалы шамаларды  гаң- 
дап,  шарттарды  анықтап,  қай  адамдарды  (немесе  нысандарды)  зерт- 
тейтінімізді нақтылауымыз керек.
Айнымалы шамаларды түсіну
Проблеманың ауқымын зерттей алатындай етіп тарылту үшін ғалым- 
дар  адамдарға  емес,  айнымалы  шамаларга  зер  салады.  Айнымалы 
шамалар адамдар, жағдайлар я топтар арасында әркелкі болып келеді 
(Бабби,  2010).  Егер  афроамерикалықтар  мен  ақ нәсілділер  арасындағы 
жұмыссыздық деңгейін талдағымыз  келсе, нәсіл және жұмыссыздық 
деген екі айнымалы шама туралы ақпарат жинауымыз керек.
Бүл  айнымалы  екі  шаманың  себеп-салдарлық  байланысына  бол- 
жам жасаған кезде, себеп -  тәуелсіз айны малы  шама, ал  салдар -  тә- 
уелді  айнымалы  шама  болады.  Біздің  мысалда:  нәсіл  -   тәуелсіз  ай­
нымалы  шама,  ал жұмыссыздық -  тәуелді айнымалы шама,  яғни  біз 
жұмыссыздықтың нәсілге тәуелді екенін болжаймыз.
Айнымалы шамаларды анықтау
Ерекшелікті  сипаттап,  гипотезаны  тексеру  үшін  әрбір  айнымалы 
шама дәл анықталуы тиіс.  Мысалы, нәсілдер арасындағы жүмыссыз- 
дық деңгейінің айырмашылықтарын сипаттамас бұрын адамның жұ- 
мыссыз екеніне көз жеткізіп алуымыз керек. Айнымалы мәнді қалай 
өлшеуге болатынын анықтау процесі операцияландыру деп аталады, 
ал  айнымалы  мәнді  пайдалану  үшін  қолданылатын  нақты  анықта- 
ма  оның  операциялық  анықтамасы  болып  табылады.  Осы  анықта- 
малар туралы ортақ бір тоқтамға келу қиын болуы мүмкін.  Мысалы, 
АҚШ  үкіметі  белсенді  түрде  жұмыс  іздеп,  бірақ  таба  алмай  жүрген 
адамдарды «жұмыссыз» деп атайды. Ал жұмыс іздеуден шаршап, оны
Гипотеза -  теорияның 
дүрыстығына көз жеткізген кезде 
жасалатын қарым-қатынас туралы 
тұжырым.
Айнымалы шамалар - адамдар 
я топтар арасында әркелкі 
болып келетін, өлшеуге болатын 
сипаттар.
Тәуелді айнымалы шама - себеп- 
салдарлық қатынастың салдар 
тарабы. Тәуелсіз айнымалы 
шаманың әрекеттеріне тәуелді 
болады.
Операцияландыру - айнымалы 
шаманы өлшеудің әдістерін 
анықтау процесі.
Операциялық анықтама - 
айнымалы шаманы өлшеудің 
жолдарын сипаттайтын нақты 
іс-амал.


48
1-ТАРАУ
Сынамаларды таңдау- көпшілік 
арасынан белгілі бір кейстерді 
жүйелі түрде таңдау процесі.
Кездейсоқ іріктеу -  сол топтың 
әрбір мүшесінің таңдалуына тең 
мүмкіндік беретіндей кездейсоқ 
процедуралар бойынша іріктеу.
Корреляция - екі айнымалы 
шаманың арасындағы 
эмпирикалық байланыс (мысалы, 
білімі артқан адамның табысы 
артады).
іздеуден бас тартқан адамдар бұл санатқа енбей қалады. Әлбетте, бұл 
анықтамаға жүмыс іздеуден бас тартқан адамдарды кіргізсек жұмыс- 
сыздықтың басқа да сипаттамаларын келтіруге тура келер еді.
Сынамаларды таңдау
Әрбір  ересек  америкалықтың  нәсілі  және  жүмысы  туралы  ақпарат 
жинау мүмкін емес, бұл өте ұзақ уақытты қажет етеді және тым қым- 
батқа соғады. Мұның қажеті де жоқ.
Сынамаларды таңдау -  көпшілік арасынан белгілі бір кейстерді 
жүйелі  түрде  таңдау  процесі.  Осы  процесс  арқылы  біз  барлық  ықти- 
мал  кейстерді  зерттегеннен  әлдеқайда  аз  шығынданып,  эмпирика- 
лық  мәліметтер  аламыз.  Сынамаларды  таңдау  1)  зерттегіңіз  келетін 
халықтың тізімін алу және 2) сол тізімнен өкілдерді немесе үлгілерді 
таңдау  сияқты  екі  әрекеттен тұрады.  Ең жақсы таңдау түрі -  кездей- 
соқ іріктеу. Кездейсоқ іріктелген адамдар сол топтың әрбір мүшесінің 
таңдалуына тең мүмкіндік беретіндей кездейсоқ процедуралар (мәсе- 
лен, жеребе тастау) бойынша екшеледі.
Халықтың  тізімін  алғаннан  кейін  кездейсоқ  сынама  таңдау  оп- 
оңай.  Бірақ  тізімнің  өзін  алу  өте  қиын,  кейде  тіпті  мүмкін  болмай 
қалады.  Жалпы,  сынама  тек  өзіміз  жасаған  тізімнің  ішінен  алына- 
ды. Егер телефон каталогіндегі адамдардың тізімін алсақ, сынамалар 
тек  каталогке  кірген  отбасыларды  сипаттау  үшін  ғана  қолданылуы 
мүмкін.  Ал тізімге  енбеген  нөмірлер,  телефондары жоқтар, тек үялы 
телефондарды  пайдаланатындар  және  каталог  шыққан  уақыттан 
бері  көшіп  келген  адамдар  ескерілмей  қалады.  Ең жақсы  сауалнама 
таңдаған аймақтағы немесе топтағы барлық отбасылардың, адамдар- 
дың немесе телефон нөмірлерініңтізімінен басталады.
Үшінші қадам: мәлімет жинау
Әлеуметтанулық  дерек  жинаудың  тәжірибе  жүргізу,  сауалнама  жа- 
сау,  топтарды  әрекет  барысында  бақылау  сияқты  әдістері  өте  көп. 
Бұл - күрделі іс болғандықтан, мүны осы тараудың соңында егжей-тег- 
жейлі қарастырамыз.
Төртінші қадам: үлгісін табу
Зерттеу  процесіндегі төртінші  қадам  - деректерден  үлгілер  іздеу.  Егер 
жүмыссыздықты  зерттеген  болсақ,  мәселен,  афроамерикалықтар  ара- 
сындағы жұмыссыздық ақ нәсілділерге қарағанда  екі есе көп  (АҚШ  Ең- 
бек статистикасы  бюросы  2011b)  екенін  анықтаймыз.  Бұл нәтиже - екі 
айнымалы шаманыц арасындағы эмпирикалық қатынас (бұл жагдайда 
нәсіл мен жұмыссыздық) -  корреляция (тығыз байланыс) деп аталады.
Бесінші қадам: теория түзу
Үлгі табылғаннан кейін зерттеу процесінің келесі қадамы -  оны тусінді- 
ру болмақ. Екі айнымалы шаманыц арасында корреляция табылса, бұл 
бір айнымалы шама екіншісіне эсер етті дегенді білдірмейді (бұл туралы 
келесі  тарауда  кеңінен  талқылаймыз).  Мысалы,  нәсіл  мен  жүмыссыз- 
дықтың арасында байланыс бар десек те ақ нәсілділер арасында жұмыс- 
сыз қалғандар көп, ал афроамерикалықтардың ішінде жақсы қызметте 
жүргендер де баршылық. Дегенмен егер қара нәсіл өкілі болсаң жұмыс-


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау