320
11-ТАРАУ
11.2-СЫЗБА. 2008 жылы үйленгендер
арасындағы аралас некеніңпайыздық
көрсеткіші.
«Ақ» және латынамерикалықәйелдер
мен ерлер бірдей деңгейде экзогамды
отбасын қүрған (яғни өз тобынан бөлек
жұбай таңдаған).
Ал афроамерикалықтар мен азиат
нәсілді америкалықтар арасында
жағдай мүлде басқа.
ДЕРЕККӨЗ: Passel. Wang. & Taylor (2010)
I
Аралас неке соңғы кездері әсіресе
I
«ақ»ерадам мен азиат нәсілді
америкалықәйел арасында көбейіп
келеді
Орта жас
Ересек өмірдің ең қауырт кезеңі - 20-дан 45 жасқа дейінгі аралық. Көп
жағдайда үйде балалар бар, отбасы, мансап - осының бәріне үлгеру ке-
рек. Керісінше, орта жас (шамамен 45-тен 65-ке дейін), негізінен, ты-
ныш кезең. Зерттеулер көрсегкендей, ерлер де, әйелдер де отбасының
босап қалуына кейігеннен гөрі, қуанады (Umberson et al., 2005).
Дегенмен қазір үйлері босамайтын орта жастағы ерлі-зайыптылар
қатары аргып келеді. Біріншіден, иммигранттардың отбасында бала
лар үйленгенге дейін әке-шешелерімен, ал қартайған ата-аналар орта
жастағы балаларымен бірге тұруы керек деп саналады. Бұл жағдайда
кеңейтілген отбасы дұрыс болып көрінеді, ал бос үй жалғыздыққа бала-
нады. Екіншіден, өмір сүру ұзақтығы артқан сайын орта жастағы тұрғын-
дар қазір егде тартқан ата-аналарына қамқорлық көрсете бастаған. Үшін-
ОТБАСЫ
321
шіден, бүгінде орта жастағы адамдар ересек балаларымен бірге тұрады,
өйткені олар ата-аналарына қаржылай тәуелді. Сондай-ақ жастар ажы-
расып, қаржы жагынан қиналған кездері үйлеріне қайтып келіп жатады.
Сондықтан ересек балаларымен бірге тұратын ата-аналар саны артып ке-
леді (Umberson et al., 2005).
Керісінше, орта жастағы адамдар ересек балаларыныцқолына көшіп
баруға мәжбүр болатын жатдайлар да жиілеп кеткен. Бүган олардың қа-
рыздарын өтей алмай үйлерінен айырылып қалуы себеп болып жатыр.
65 жас және одан жоғары
Кәрілік кезеңде де отбасылық рөлдер мацызды болып қала береді.
Зайыбы, балалары, немерелері, ага-інілері мен әпке-сіңлілері болта
ны үй ішінің амандығына оң эсер етеді. Неке - жогары табысты, ті-
келей көмекті және қарым-қатынасты қамтамасыз ететін маңызды
байланыс. Алайда ерлер өзінен жасы кіші әйелдерге үйленегіндік-
тен және ерте қайтыс болагындықтан егде жастағы ерлер әйелдерге
Караганда жиірек отбасын қүрады: 65 пен 74 жас аралыгындаты ер
адамдардың 78 пайызы, ал сол жастагы әйелдердің тек S7 пайызы
ғана отбасылы.
Зайыбы бар болса да, жоқ болса да қарттар балаларымен және
немерелерімен қарым-қатынасты жоғары багалайды. Балалар ата-
әжелерімен аптасына кем дегенде екі рет кездеседі (Du Toit, Bachtell
& Haggerty, 2011). Ата-әжелер қажет жағдайда бала күтуші қызметін
атқара алады, сонымен қатар эмоционалдық және қаржылай қолдау
көрсетеді. Көпгеген ата-әжелер немерелерімен бірге болғанда өздерін
бақытты сезінеді (Allen, Blieszner, & Roberto, 2000).
Әке-шешелері мүгедектікке ұшыраған немесе бас бостандығынан
айырылтан тіптен мүлдем ата-анасыз қалып, қамқорлықсыз қалган
балалар үшін ата-әженің қадірі артады. Осындай ата-әжелер мен не-
мерелерден түратын, арадағы үрпақтан айырылған огбасылардың
кедейлікке үшырау қаупі жотары болады (Newman & Massengill, 2006).
Ал балаларды патронатты тәрбиелеуге жіберу бүдан да жаман, ол көп
қиындық тудыратын жүйе болып саналады.
I
Адамдар қарттардың қатарына
I өткен кезде кутушінің немесе
қызының көмегіне зәру болады. Бүл
жағдай қыздарына ауыр тиеді, өйткені
олар ата-анасы мен балалары үідін
жауапкершілікті сезеді.
21
251
322
11-ТАРА У
Ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас әр буын өкілдерінің жас
мөлшеріне тікелей байланысты. Кәрі адамдар «жастардың» арасына
түскенде (шамамен 65-тен 80-ге дейінгі жас аралығында) балаларына
көп көмегін тигізеді (Hogan, Eggebeen, & Clogg, 1993). Олар ипотекалық
несие алуға, немерелерінің оқуын төлеуге көмектесуі мүмкін неме-
се жұмысынан айырылған ересек балаларына баспанасын уақытша
үсына алады.
Алайда адамдар сексеннен асып, «өте кәрілер» қатарына енген
соң бұрынғы өмір салтын әрі қарай сақтай алмайды. Олардың көбі ке-
мелденген, өзіне сенімді адамдар болғанымен уақыт өте көмекке зәру
болады. 85 жастан асқан адамдардың 50 пайызында есте сақтау және
ойлау қабілетінің нашарлауы байқалады (Jacoby 2011; Gross, 2011).
Некедегі рөлдер мен
қарым-қатынас
Ерлі-зайыпты болу - ересек өмірге жетелейтін маңызды рөлдердің
бірі, кез келген адам өмірінде бір рет болсын некесін қидырады. Көр-
кем шығармада хикая үйленуге ұласып, жұбайлар ұзақ әрі бақытты
гұмыр кешті деп аяқталады. Ал шынайы өмірде бәрі үйленуден кейін
ғана басталады.
Ерлі-зайыпты болу- парыз бен міндеттің, сонымен қатар бірнеше
құқықтың жаңа жиынтығына ие болу. Ол қандай жиынтық және неке
дегеніміз не?
Некедегі гендерлік рөлдер
Неке - күрделі гендерлік қатынас. Нормативтік-қүқықтық және
практикалық тұрғыдан алғанда күйеулер мен әйелдерге, аналар
мен әкелерге әртүрлі міндеттер жүктеледі. Көптеген өзгерістер бол-
ғанымен, америкалық нормалар бойынша күйеуі үйден тыс жұмыс
істеуі тиіс. Ол - отбасының негізгі асыраушысы. Үй шаруашылығын
ерлі-зайыптылар қатар жүргізген күннің өзінде әйелдердің мін-
деті басым болады (Winkler, McBride & Andrews, 2005). Америкалык
азаматтар да күйеуі мен әйелі үй шаруасын бірдей бөлісуі керек деп
ойлағанымен, әйелі көп міндеттерді өзіне алады деп күтеді. Шын мэ-
нінде, қазір әйелдер үй шаруасының үштен екі бөлігін орындайды
және күнделікті ас әзірлеп, үй жинайды. Ер адамдар үйдегі шаруага
аз уақыт жүмсағанымен қоймай, баламен ойнау, үй жөндеу сияқты
мейлінше оңтайлы жоспарланатын міндеттерді ғана алады (Amato et
al., 2007; Ridgeway, 2011). Онымен қоса әйелдердің үйдегі тірлігі оның
табыс көлеміне, біліміне, жұмыс уақытына және т.б. ерекшеліктері-
не қарай ыңғайланбайды (Ridgeway, 2011). Ал енді бір қызығы, ерлер
үй шаруасымен неғұрлым аз айналысқан сайын өздерін бақыттырақ
сезінеді, ал олар үй шаруасын атқарса, әйелдер мәз болады. Демек, от-
басы өміріне разы болу үшін, ер мен әйел үй шаруасын теңдей бөлісуі
қажет (Amato et al., 2007).
Әйел адам үшін жұмыс пен үй шаруасы арасындағы шиеленісті
шешудің ең оңтайлы жолы - үй шаруасын жүргізетін басқа әйел
жалдау. Осылайша, үй шаруасы әйелдің жүмысы болып қала бе-
реді. Сонымен қатар жүмыс берушілердің басым бөлігі «ақ» және
орта таптың өкілі болса, жалданушылар жұмысшы таптан және
Достарыңызбен бөлісу: |