Тарау тағылымы
Осы тарауды оқығаннан
кейін студенттер:
әлемдегі мұқтаж отбасылардың
негізгі әлеуметтік
қажеттіліктерімен, сондай-
ақ дүниежүзінде кездесетін
отбасы және неке түрлерімен
танысады;
отбасындағы және ауқымды
экономикалық жүйедегі
өзгерістердің балалық шаққа,
ересек өмірге өтер кезеңге,
ерлі-зайыптылардың қарым-
қатынасы мен некедегі
гендерліктің рөлдеріне
қаншалықты эсер ететінін
ұғынады;
■ некелесуге, ажырасуға және
түрмыстық зорлық-зомбылыққа
әкелетін алеуметтік
факторларды сипаттайды,
отбасы институтының
ыдырауын пайымдайды. Бала
туу көрсеткішінің төмендеуі,
некесіз туған бала санының
артуы және халықаралық
деңгейде бала асырап алу
деңгейінің өсуі себептерін
түсінеді.
ОТБАСЫ
311
Дүниежүзіндегі неке және
отбасы
Соңғы онжылдықтарда америкалық отбасылар көптеген өзгеріске
ұшырады. Ажырасу мен жалғыз басты ата-аналар көбейді. Кішкентай
баламен қалған әйелдердің дені жұмыс істеп, ақша табуға мәжбүр. Ал
асыранды балалардың көпшілігі туған ата-анасы туралы біле алатын
болды. Сонымен қатар бір жынысты неке, үйленбей түрып жыныс-
тық қатынасқа түсу және нәсіларалық отбасылар, бүрынғыдай емес,
қалыпты жағдайға айналды.
Бұл өзгерістер бәрімізге тікелей немесе жанама түрде эсер етті.
Осы тарауда аталған өзгерістердің әлеуметтік сараптамасы мен салда-
ры қарастырылған. Біз негізгі әлеуметтік институттар ретіндегі неке
мен отбасын кеңінен сипаттаудан бастаймыз.
АҚШ отбасыларының болашақтағы өзгерісін болжау үшін дүние-
жүзінде кездесетін отбасы түрлеріне мән берген абзал. Осы арқылы
отбасында неніц маңызды екенін түсінеміз.
Жалпыға ортақ жайттар
Қай халықта да отбасына бөлінген белгілі міндеттер бар, олар әдетте ке-
лесі құндылықтарды қамтиды (Seccombe & Warner 2004):
•
көбею арқылы халық санын сақтап тұру;
•
жыныстық мінез-қүлықты реттеу;
•
асырауындағы балаларға, қарттарға, науқастарға және мүгедек-
терге қамқорлық көрсету;
•
жастарды әлеуметтендіру;
•
достық, қамқорлық және эмоционалдық қолдау көрсету.
Аталған әрекеттер тек бір адам үшін ғана емес, қоғам үшін маңыз-
ды. Сондықтан да әлеуметтік құрылымдар осы мақсаттарға жету үшін
жұмыс істейді. Ешбір қоғам мұны жеке адамның талпынысы күйінде
қалдырмайды. Теориялық түрғыда бұл міндеттерді діни немесе білім
беру мекемелері орындай алады. Бірақ қоғам бұл міндеттерді отбасы-
ның еншісіне берді.
Басқа әлеуметтік құрылымдарға қарағанда, отбасы - биология-
лық және әлеуметтік топ. Отбасы - қаны бір болу немесе некеге тұру,
бала асырап алу, болмаса неке тектес міндеттемелер арқылы байла-
нысатын адамдар тобы. Бүл түсінік өте ауқымды. Ол баласымен бір-
ге тұратын жалғызбасты ана немесе бірнеше әйелмен өмір сүретін ер
адам болуы мүмкін. Қалай болғанда да, әлеуметтік қағидалар бойын-
ша отбасы мүшелері бір-бірі үшін жауапты болуы тиіс
Отбасының негізі, іргетасы - неке. Неке дегеніміз - екі адамның
ресми, әлеуметтік немесе заңды түрде мойындаған одағы. Бұл - дүние-
ге бала әкелу мен жыныстық қатынасты реттеуді қамтамасыз ететін
институционалдық әлеуметтік құрылым. Қазіргі кезде некеге дейін-
гі некеден тыс немесе бір жынысты қатынасқа көп елдер төзімділік
танытып отыр. Дегенмен баланың некесіз тууына қарсылық басым.
Кей елдерде некесіз қатынас пен некесіз баланы дүниеге әкелу қатаң
жазаланады, ал енді бірінде жаза тым жеңіл.
Сонымен бірге неке деген - ерлі-зайыптылардың міндетін заң
жүзінде анықтайтын келісім. 1960 жылдары отбасылық міндеттер ер
мен әйел арасында қатаң бөлінген болатын. Мысалы, ер адамдар әйел-
дерін қаржылай қамтамасыз етуі керек еді. Ал әйелдерге үй шаруасы
Отбасы - қаны бір болу немесе
некеге тұру, бала асырап алу,
неке тектес міндеттемелер
арқылы байланысатын адамдар
тобы.
Неке дегеніміз - екі адамның
ресми, әлеуметтік немесе заңды
түрде мойындаған одағы.
312
11-ТАРАУ
және күйеулеріне жыныстық қызмет көрсету міндеттелді. Еркек пен
әйел арасындағы мұндай міндеттер 1970 жылы феминисток қозғалыс
пайда болған соң, өзгере бастады.
Неке - бала тәрбиесі үшін өте маңызды, өйткені ата-аналарға және
өзге туыстарға әлеуметтік қадағалаушы рөлі беріледі. Некелі жұптар
балалы болған кезде ата-аналары, ата-әжелері және аға-әпкелері сә-
бидің жақсы өсуі үшін өздеріне жауапкершілік алады. Ал некесіз дү-
ниеге келген бала бұл жағынан әлсіз. Балаға қамқорлық көрсететін
адамдар аз болады, ал қамқор болмаған адамдарды әлеуметтік немесе
заңды тұрғыдан жазалай алмайсыз. Сондықтан некесіз дүниеге кел
ген балалардың өлім-жітімі жиі кездеседі.
Әулет - ерлі-зайыптылар
мен олардың балалары өзге
туыстарымен, яғни ердің не
әйелдің ата-анасымен немесе
бауырларымен бірге өмір сүретін
отбасы.
Нуклеар отбасы - ата-анасы мен
балалары өзге туыстардан бөлек
үйде түратын, тәуелсіз отбасы.
Аралас отбасы - ерлі-
зайыптылардың бірінің немесе
екеуінің де алдыңгы некесінен
баласы бар отбасы.
Мәдениетаралық өзгешеліктер
Бұған дейін біз отбасылардың көбіне өзара үқсас келетінін айтқанбыз.
Бірақ әлемдегі отбасылардың елеулі айырмашылықтары да бар.
Отбасы түрлері
Тарихқа көз жүгіртсек, қай елде болмасын, қай жерде болмасын
адамдар әдеттегідей туыстарымен, айталық, күйеуі, бір немесе бір-
неше әйелі, олардың балалары, ата-әжелері, аға-әпкелері, іні-қарын-
дастары, бөлелері, жиендері т.б. бәрі бірге тұрған. Отбасының мүндай
түрін кеңейтілген отбасы деп атайды.
Ә у л е т т ің
ұтымды түстары көп:
әңгімелесетін, жаныңды үғып, құшағын жаятын адам әрдайым жа-
ныңнан табылады, кішкентай балаң қараусыз қалмайды, үйдегі қарт
немесе мүгедек адамдар жалғызсырамайды, шығындарды бөлісіп тө-
леуге болады. АҚШ-та кеңейтілген отбасы көлемі шамамен 12 пайыз
және бұл көрсеткіш жыл санап өсуде. Мұның екі себебі бар (Du Toit,
Bachtell, & Haggerty 2011). Біріншіден, экономикалық мәселелердің
салдарынан адамдар ақша үнемдеу үшін туыстарымен бірге тұруға
мәжбүр бола бастады. Екіншіден, соңғы жылдары АҚШ-қа кеңейтіл-
ген отбасы құндылықтарын ұстанатын елдерден иммигранттардың
келуі көбейген. Олар жаңа қоныстарында да осы тенденцияны жал-
ғастырып жатыр.
Дегенмен америкалықтардың басым бөлігі (ауқатты қоғамда өмір
сүретін басқа адамдар секілді) нуклеар отбасында тұруды қалайды.
Н у к л е а р о т б а с ы н ы ң
құрамында ата-анасы мен олардын, кәмелетке
толмаған балалары ғана болады. Нуклеар отбасын-тәуелсіз өмір сүргісі
келетіндер және ата-анасын немесе туысқандарын асырағысы келмей-
тіндер таңдайды. Сонымен бірге көптеген адамдар жұмыс орнының не
мектебінің қашық болуына байланысты нуклеар отбасында тұрады.
Дәстүрлі нуклеар отбасы (ата-ана мен жасы 18-ге толмаған ба
лалары) АҚШ-та қазір бұрынғымен салыстырғанда сирек кездеседі.
Отбасылардың 30 пайызы және үй шаруашылығының 21 пайызы
ғана осы үлгіні ұстанады (U.S. Bureau of the Census 2011d). Оның op-
нына ересектердің өмірлік серігі болмаса, туыстарымен емес, не жал-
ғыз, не достарымен, не сүйгендерімен, не балаларымен бірге тұруы
көбейген.
АҚШ-та кең таралып келе жатқан отбасы үлгісі -
а р а л а с отбасы .
Аралас отбасында ерлі-зайыптылардың біреуінен ғана туған, яғни ар-
тынан еріп келген балалары болады. Мысалы, Джим мен Мисаконың
отбасын алайық. Джимнің бүдан бұрынғы отбасынан екі баласы, Ми-
саконың бірінші некесінен бір бала, екінші некесінен тағы бір баласы
бар делік және Джим мен Мисаконың ортақ бір баласы болсын. Осы
адамдардың барлығын бірге алганда аралас отбасы шығады. 11.1-сызба
Достарыңызбен бөлісу: |