Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет143/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147

ОТБАСЫ_329_I'>ОТБАСЫ_327_11.1-КАРТА._21_жасқа_дейінгі_қыэдар_менәйелдердіңбалатууыныңпайыздықкөрсеткіші.'>ОТБАСЫ
327
11.1-КАРТА. 21  жасқа дейінгі қыэдар менәйелдердіңбалатууыныңпайыздықкөрсеткіші.
Жасөспірім аналар бақуатты штаттарда, сонымен қатар мормондартығыз орналасқан Ютада аз. Ал елдіңоңтүстігінде, кедей 
тұратын афроамерикалықтар мен латынамерикалық иммигранттар басым аудандарда көп 
Дереккөз: U.S. Bureau of the Census (20011c).
МОНТАНА
NORTH DAKOTA
MINNESOTA
SOUTH DAKOTA
W ISCONSIN
WYOMING
NEBRASKA
pO***
ILLINOIS 
INOIANA  t
COLORADO
MISSOURI
KENTUCKY
NO
*™1
ARKANSAS  -Г
ALABAMA
ЕЭІЖоғары  >12% 
ЕЗОрта  8 12% 
ІШТөмен  <8%
Асырап алу
Балалы  болуды  қалайтын,  бірақ  жалгыз  басты,  лесбиян,  гомосексу- 
ал  немесе  бала  көтере  алмайтындар  үшін  (көбінесе  әйелдің жасына 
байланысты)  ата-ана  атанудың  бір  жолы  -   бала  асырап  алу.  Асырап 
алушылардың  біразы  (бірқатарының  балалары  бар)  мұндай  қадамға 
мүқтаж балаға отбасын сыйлағысы келгендіктен барады. Асырап алу- 
шылардың жартысы -  бала тәрбиелегісі келетін өгей ата-аналар неме­
се өзге туыстар (Fisher, 2003).
Дегенмен дені сау «ақ»  немесе азиат нәсілді нәрестені (АҚШ-та- 
ғы асырап алушы отбасылардың қалауы) асырап алу оңай емес. 1963 
жылы баланы алдырту заңға қарсы, ал жалғыз басты ана болу «ақ» 
америкалықтар  үшін  ар  саналған  кезде  тәжірибесіз  «ақ»  аналар- 
дан туған балалардың 40 пайызы асырап алуға  берілген  еді (Fisher,
2003).  Қазіргі таңда  бүл  көрсеткіш  1  пайызға  да  жетпейді  (Жалғыз- 
басты  ана  болу  -   афроамерикалықтар  үшін  қалыпты  және  кең  та- 
ралған  жағдай).  Нәтижесінде,  асырап  алу қиын да  қымбат  іске  ай- 
налды. Сол себепті көптеген отбасылар бала асырап алу үшін шетел 
асуға мәжбүр.
Бала  асырап алу,  отбасын  құру үшін -  жақсы  тәсіл  болуы  мүм- 
кін. Ұзақ уақыт зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, асырап алу ата- 
аналар үшін де, балалар үшін де -  тіпті балалар бірнеше жыл жетім- 
дер үйінде өскен болса да -  пайдалы екені анықталды (Fisher, 2003). 
Бірақ  асырап  алу  бір  жағынан  отбасының  бұзылуын  білдіреді.  Бір


328
11-ТАРАУ
отбасы  басқа  отбасы  үшін  баласын  тастап  кетуге  мәжбүр  болады. 
Аналар баласын асырауға мүмкіндігі болмағандықтан, некесіз бала 
тапқаны үшін ұятқа  қалудан қорыққандықтан немесе баланы тәр- 
биелеу жолында әлеу метті к қолдау таппағандықтан жетімдер үйіне 
өткізеді. Міне, осының салдарынан АҚШ-та балалардың әл-ауқатын 
қамтамасыз  ету жүйесі  жылына  50  000  бала  қабылдайды.  Ал  Шве- 
цияда аналар (тұрмыс құрған я қүрмағанына қарамастан) көптеген 
әлеуметтік қызмет пен қолдауға ие болады және асырап алушы от- 
басыларға жыл сайын он шақты бала беріледі (Rothman, 2005 ).
Шетелден бала  асырап алу да 
б а л а   к о м м о д и ф и к а ц и я с ы  
бойын- 
ша  көптеген  мәселелер  туындатады.  Ерлі-зайыптылар  бала  асырап 
алу үшін 35 000 $ төлеуге дайындығын білдірген кезде кедей елдердің 
балалары -  сату мен ұрлауға ыңғайлы тауарға айналады. Балалар ком­
модификациясы -  балаларды тауар ретінде сатып алуға мүмкіндік бе- 
ретін процесс.
Батыс  тұрғындарының  кедей  елдерден  асырап  алған  балалары 
көп жағдайда туған ата-аналарынан сатып, тартып не ұрлап алынға-
Д ер е кте р ге ден  қр й с ақ
Кедейлік ж ән е жалғызбасты 
ана болу
АҚШ-та  жалғызбасты  ана  болу  кедейлікке  алып  келеді.  Ал  Еуро- 
пада олай  емес.  Өйткені жалғызбасты аналарға үкімет тарапынан 
берілетін көмектің айырмашылығы үлкен.
Ш веция
Нидерланды
АҚШ
Жалғызбасты аналар 
тәрбиелеп отырган 
мектеп жасына дейінгі 
балалар үлесі
11%
6%
28%
Жұмыспеи қамтылған 
жалгызбасты 
аналардың улесі
89
24
66
Жалғызбасты аналар
6
8
53
Балалар коммодификациясы -
балаларды тауар ретінде сатып 
алуға мүмкіндік беретін үдеріс.
М э л і м е т т і   т у с і н д і р у :
  швед елінде аналар  голландиялық немесе 
америкалық  аналарға  қарағанда,  жұмыспен  көбірек  қамтылған. 
Қалай  ойлайсыз,  швед  елінде  аналарға  жүмыс  істеу  үшін  қандай 
мүмкіндіктер беріледі?
Голландиялық  аналар  швед  немесе  америкалық  аналар  сияқты 
жүмыспен қамтылмаған, дегенмен оларда жалғызбасты ана кедей- 
лікте  өмір  сүрмейді.  Олар  Нидерланды  үкіметінен  қандай  көмек 
алып отыр? Америкалық жалғызбасты аналар кедейлікте өмір сүр- 
меуі үшін оларға қандай ресурстар қажег?
Америкалық арман идеологиясы Швеция, Нидерланды және АҚШ- 
тағы жағдайдың әртүрлілігін қалай түсіндіре алады?
ДЕРЕККӨЗ: Custafsson & Stafford (2009).


ОТБАСЫ
329
I
  Бала тууға қатысты бақылау артып, 
жасанды түсік көбейген сайын 
қажетсіз бала саны азайды. Бұл бала 
асырап алуды қиындатып жіберді. 
Соның нәтижесінде халықаралық 
деңгейде бала асырау қанат жайды.
ны туралы мәліметтер белгілі болыи жатыр, ал асырап алушылар бұ- 
дан бейхабар болған (Graff, 2008; Smolin, 2006). Бұл мәселе әсіресе АҚШ 
соңғы уақытта асырап алған, шетелдік балалардың 17 пайызы әкелін- 
ген -  Гватемала елінде ушығып тұр.
Баласыз өмір
Көптеген  ерлер  мен  әйелдер  балалы  болуды  қалағанымен,  соңғы 
жылдары  баласыз  өмірді  таңдайтын  адамдар  қатары  көбейді  (Pew 
Social Trends Staff, 2010).  1976 жылдың көрсегкішімен салыстырған- 
да, 45 жасында бала таппаған әйелдердің көрсеткіші екі есе артып, 
18%-ға  жеткен.  Алайда  олардың  қаншасы  баласыз  өмірді  әдейі 
таңдағаны  белгісіз.  Бала  таппай  өмір  сүру  басқа  этникалық  және 
нәсілдік топтарға  қарағанда,  «ақ»  америкалықтардың және табыс- 
ты әйелдердің арасында кең тараған (Livingston & Cohn, 2010).
Балалы  болмау туралы шешім,  әрине, сақтанудың тиімді жол- 
дарының қолжетімділігімен байланысты. Сонымен қатар әлеумет- 
тік  өзгерісті де көрсетеді.  Қалыпты  өмірін  қанағат тұтатын,  бақыт 
үшін  баланың  қажеті  жоқ  деп  санайтын  және  жұмыс  пен  өзге  де 
қызығушылығына  бала  тек  кедергі  болады деп  білетін  ер  адамдар 
әр  уақытта  болған.  Бірақ  қазіргі  кезде  көптеген  әйелдер  жұмысы- 
на  және  өмірдегі  өзге  мудделеріне  әбден  берілген.  Сондықтан  да 
осындай шешімге келуі мүмкін (Park, 2005). Бүл пікірлерді зерттеу- 
шілердің  тұжырымдары  да  қуаттайды.  Олардың  айтуынша,  жұ- 
байлардың  отбасылық өмірге қанағаттануы  үшін  баланың қажеті 
жоқ  және  бала  -   орта  немесе  егде  жаста  аз  ғана  бақыт  сыйлайды 
(Umberson et al, 2005).
Ж үмыс пен отбасы н қатар алы п ж үр у
20  жыл  бұрынғы  жағдаймен  салыстырғанда,  қазіргі  жұбайлар  ба- 
лалары  болсын, болмасын бір-бірімен  өте аз уақыт өткізеді (Amato  et


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау