5-сурет – 2012 және 2014 жылдарға экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өнімдер көлемі, % және млн. теңге
Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Өнеркәсіптік өнімдердің көлемі бойынша абсолютті көшбасы Ақтөбе облысының тау өңдеуші өнеркәсібі болып табылады, бұл саланың өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі меншікті салмағы 2012 жылы 77,8% және 2014 жылы – 72,1% құрайды. Сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп көрсеткштерінің 2012 жылғы 16,6%-дан 2014 жылы 20,8%-ға дейін елеусіз ұлғаюын белгілеуге болады.
2014 жылдың қорытындылары бойынша өндірістің облыстық көлеміндегі аудандардың үлесі келесідей.
Өндірістің ең үлкен көлемдеріне аудандар аумақтарындағы көмірсутек шикізатының кен орындары есебінен қол жеткізілді: Мұғалжар ауданында – 31,4% (2012 жылы –40,3%), Ақтөбе қаласында – 20,7% (2012 жылы - 17,7%), Байғанин ауданында – 15,7% (2012 жыл –12,8%), Хромтау ауданында – 15,5% (2012 жылы –13,2%), Темір ауданында – 13,8% (2012 жылы –14,1%).
Ең төмен үлес Шалқар ауданында – 1,2% (2012 жылы –1,0%), Алға ауданында – 0,5% (2012 жылы –0,3%), Әйтеке би ауданында – 0,4% (2012 жылы –0,2%), Мартөк ауданында – 0,2% (2012 жылы –0,1%) және т.б.
2012-2014 жылдары аудандар кесіндісінде өнеркәсіп өнімі НКИ төмендеуі кен өндіру көлемдерінің төмендеуіне, Ақтөбе қаласындағы рельстік-арқалық зауыттың және Мұғалжар ауданы Жаңажол ауылында газды дайындау және кәдеге жарату кешенінің құрылысы бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарының азаюына, сондай-ақ жеке инвестициялардың есебінен құрылыс жұмыстарының көлемінің төмендеуіне байланысты.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің негізін мынадай ішкі салалар құрайды: мұнай өндіру – 64,4%, металл кендерді өндіру - 21,6%, түсті металл кендерін өндіру – 21,4%, тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер – 12,2%.
Мұнай және газ салаларындағы негізгі кәсіпорындар: «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «КМК Мұнай» АҚ, «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС, «Фирма Ада Ойл» ЖШС, «Алтиес Петролеум Капитал» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС және т.б.
Тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі НКИ 2014 жылы 95,6%-ды немесе 896,5 млрд. теңгені құрды.Жалпы, өнеркәсіп өндірістері көрсеткіштерінің және салада теріс индекстің қалыптасуына негізінен, мұнай өндіру көлемдерінің төмендеуі әсер етті.
Осылай, мұнай өндіру көлемдері 12,1%-ға немесе 1001,2 мың тоннаға азайды (2013 жылғы 8,2 млн. тоннаға қарсы іс жүзінде 2014ж. – 7,3 млн. тонна), оның ішінде «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 4959,7 мың тонна немесе 2013 жылға қарағанда 84,7% мұнай өндірді (-894,2 мың тонна), «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС - 838,0 мың тонна немесе 72,9% (-312 мың тонна).
3-кесте – 2012-2014 жылдар ішіндегі экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өнімінің меншікті салмағы және өсу көлемі мен қарқыны
Көрсеткіштің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2012
|
2013
|
2014
|
ҚР-мен салыстырғанда (2014)
|
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі
|
млн. теңге
|
1 316 170, 8
|
1 285 681, 6
|
1 243 377
|
республикалық көлемнің 6,7%-ы
|
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру НКИ
|
%
|
107,0
|
102,5
|
96,7
|
100,3% республика НКИ
|
ЖӨӨ құрылымындағы өнеркәсіп үлесі
|
%
|
44,1
|
38,3
|
67,2
|
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және кеніштер әзірлеу
|
млн.теңге
|
1 024 467
|
984 788
|
896 516
|
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ
|
%
|
108,3
|
100,6
|
95,6
|
|
Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі мұнай-газ өнеркәсібінің үлесі
|
%
|
55,3
|
54,6
|
48,3
|
|
Шикі мұнай өндіру көлемі
|
мың тонна
|
8591,0
|
8267,6
|
7312,8
|
республикалық көлемнің 10,8%-ы
|
Табиғи газ өндіру көлемі
|
|
4344,2
|
4264,3
|
4497,5
|
|
Металл кендерін өндіру
|
мың тонна
|
15528,5
|
16259
|
17099,2
|
республикалық көлемнің 11,6%-ы
|
Темір кенін өндіру
|
мың тонна
|
296,2
|
123,0
|
814,5
|
республикалық көлемнің 1,6%-ы
|
Түсті металдар кенін өндіру
|
мың тонна
|
5759,2
|
6358,2
|
6122,4
|
республикалық көлемнің 7,5%-ы
|
ТӨӨ басқа салалары
|
млн.теңге
|
10909
|
11890
|
16138
|
|
ТӨӨ саласында көрсетілетін техникалық қызметтер
|
млн.теңге
|
107290
|
91243
|
109753
|
|
Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Осылайша, 2012-2014 жылдары ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде мұнай-газ өнеркәсібінің үлесі 55,3%-дан бастап 46,4%-ға дейін төмендеді.
Металл кені өндірісінің көлемі 2012 жылғы 15528,5 мың тоннадан 2014 жылы 17099,2 мың тоннаға дейін немесе 10,1%-ға өсті. Темір кені және түсті металдар өндірісі осы кезеңде 2,7 есе және сәйкесінше 6,3%-ға өсті.
Металл кенін өндіруші негізгі кәсіпорындар: «Қазхром» ТҰҚ» ДТБК АҚ, «Восход-Ориел» ЖШС (хром кені), «Қазхром» ТҰҚ» ДТБК АҚ, «Восход-Хром» ЖШС (хром концентраты), «Коппер Текнолоджи» ЖШС (мыс кені, мыс-мырыш кені), «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС (мыс концентраты, мырыш концентраты), «Ақтөбе-Темір-ВС» ДП» ЖШС(темір кені), «AltynEx Company» ЖШС (алтын құрамды руда), «Вертекс Холдинг» ЖШС (темір кені), «AktobeSteelProduction ЖШС (темір кені)». Металл кендерін өдірудің даму динамикасы 4-кестеде көрсетілген.
4-кесте – 2012-2014 жылдардағы металл кендерін өдірудің негізгі номенклатурасы
Атауы
|
2012ж.
|
2013ж.
|
2014ж.
|
2014 ж. 2013 ж. қарағанда өсу қарқыны,%
|
Хром кендері (мың тонна)
|
5223,1
|
5255,1
|
5410,7
|
103,0
|
Хром концентраттары
(мың тонна)
|
3945,6
|
4192,7
|
4476,0
|
106,8
|
Мыс кені (мың тонна)
|
4733,5
|
4684,4
|
4379,7
|
93,5
|
Мыс концентраты (мың тонна)
|
345,1
|
355,1
|
390,2
|
109,9
|
Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Талданатын кезеңде мыс кенін өндіру көлемінің төмендеу үрдісі байқалады. НКИ төмендеуіне мыс кенін өндіру көлемінің құлауы әсер етті. Мыс кенін өндіру көлемі 4379,3 мың тоннаны құрады немесе 2013 жылғыдан 304,5 мың тоннаға аз, бұл кен орындарындағы кен қорларының азаюымен байланысты болып отыр.
Өңдеу өнеркәсібі
2014 жылғы өңдеу өнеркәсібінің НКИ 99,8%-ды құрды, бұл ретте өнім 258,8 млрд. теңгеге өндірілді немесе 2013 жылғыдан 30,7 млрд. теңгеге артығырақ өндірілді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің жалпы көлемінде 20,8%-ды құрайды (5-кесте).
5-кесте – 2012-2014 жылдар ішіндегі өңдеу өнеркәсібінің даму динамикасы
Наименование показателя
|
Өлшем бірлігі
|
2012
|
2013
|
2014
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
млн.тенге
|
217 885,8
|
228030,1
|
258758
|
Өңдеу өнеркәсібінің НКИ
|
%
|
105,0
|
108,9
|
99,8
|
Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі
|
%
|
16,5
|
17,7
|
20,8
|
Машина жасау
|
млн. тенге
|
18 214
|
21 897
|
32 114
|
Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі машина жасау үлесі
|
%
|
8,2
|
9,7
|
12,1
|
Химиялық өнеркәсіп
|
млн. тенге
|
26 543
|
27 573
|
29 223
|
Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі химиялық өнеркәсіп үлесі
|
%
|
12,1
|
12,0
|
11,6
|
Коксты және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
|
млн. тенге
|
24 769
|
78 330
|
27 702
|
Коксты және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру үлесі
|
%
|
11,4
|
28
|
11,0
|
Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру
|
млн. тенге
|
19 807
|
102 717
|
39 348
|
Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру үлесі
|
%
|
0,05
|
0,03
|
0,02
|
Өзге бейметалл минералды өнімдерді өндіру
|
млн. тенге
|
20 914
|
29 898
|
24 492
|
Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі өзге бейметалл минералды өнімдердің үлесі
|
%
|
10,5
|
11,0
|
10,2
|
Металл өнеркәсібі
|
млн. тенге
|
77 190
|
71 093
|
79 360
|
Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі металл өнеркәсібінің үлесі
|
%
|
35,4
|
31,1
|
31,0
|
Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі қара металлургияның үлесі
|
%
|
35,1
|
30,5
|
30,5
|
Негізгі асыл және түсті металды өндірудің үлесі
|
%
|
0,3
|
0,7
|
0,5
|
Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Еңбек өндірімділігі өңдеу өнеркәсібінде бір жұмыспен қамтылушыға есептегенде 32,6 мың АҚШ долларын құрды, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 5,1 мың АҚШ долларына жоғары.
Жалпы республикалық көлемдегі өнеркәсіптің меншікті салмағы 6,7%-ды құрды.
ҮИИДМБ іске асыру аясындағы белгілі бір нәтижелерге қарамастан, облысты әртараптандыру және инновациялық дамыту саясаты толық көлемде іске асырылған жоқ. Нәтижесінде экономика құрылымы шикізаттық бағытты сақтап отыр.
Өңдеу өнеркәсібінің негізін мынадай ішкі салалар құрайды: металлургия өнеркәсібі және саладағы меншікті салмағы 31,0% болатын дайын металл бұйымдарын өндіру, тамақ өнімдерін өндіру –13,8%, химия өнеркәсібі –11,6%, кокс, мұнай өнімдерін өндіру – 11,0%, өзге бейметалл минералдық өнімдер өндіру – 10,2%, және т.с.с.
Металлургия өнеркәсібі үлесі 31%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібі саласының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Ферроқорытпалардың табиғи мәндегі өндіріс көлемі 2012 жылы 379,3 мың тоннаны құрады. 2013 жылы – 376,0 мың тонна, 2014 жылы – 375 мың тонна, нақты көлем индексі 2013 жылы 98,2% құрады.
Металлургия өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары: «Қазхром» ТҰК» АҚ АФЗ филиалы (ферроқорытпалар), «Ақтөбе рельстік-арқалық зауыты» ЖШС (125 м рельстері, сұрыптамалық прокат), «Ақтөбе металл құрылымдары зауыты» ЖШС (металл құрылымдары, сэндвич-жаяужолдары, блок-бокстер).
«Каспий плюс» ЖШС (металөңдеу, бекіткіш бұйымдар), «Энерго Альянс» ЖШС (мелющие шары), «Улан компаниясы» ЖШС (металқұрылғылар және метал бұйымдар).
Металлургияны өңірде көлемі қазақстандық ферроқорытпаның 22,1%-ын құрайтын «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ұсынады. Компания өнімдерінің номенклатурасы бүгінде ферроқорытпаларды (феррохром, ферросилихром, ферросилиций, ферромарганец, ферросилликомарганец), сондай-ақ хром кені мен металл хромды қамтиды. Ішкі нарықта ферроқорытпаларға сұраныс көп емес, сондықтан «Қазхром» өнімдерінің 90%-дан артығы алыс шетелге экспортталады (АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері).
Қазақстанда алғаш рет Ақтөбе ферроқорытпа зауытында металл хром, түйіршіктелген ферросилиция, ферротитан өндірісі игерілді, феррованадий шығару технологиясы жасалды.
Республикада темір жолдарын дамыту және жаңғыртуға, Ресей мен Украинадағы бар кәсіпорындардың өндіру қуаты шектеулі болуына, сондай-ақ ресейлік және украиналық өндірушілерден рельстерді жеткізудің айтарлықтай тапшылығына байланысты «Ақтөбе рельстік-арқалық зауыты» ЖШС Ақтөбе қаласында рельстік-арқалық зауытын салу жобасы іске асырылуда.
Жалпы, металлургия өнеркәсібінде 2014 жыл ішінде ферроқорытпалар өндіру көлемі 374,8 мың тоннаны құрады немесе 2013 жылғыдан 1,2 мыңға аз.
Кокстың және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі
2013 жылы осы сала өсудің жоғары деңгейін көрсетті, яғни өндіріс көлемі 22,3 млрд. теңгені құрды немесе 2012 жылға қатысты 108,4,5%-ға өсті. Коксты және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 100,7%-ға төмендеу үрдісіне ие. Сондықтан 2013-2014 жылдар ішіндегі өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі коксты және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру үлесі 11,0%-дан 9,8%-ға дейін төмендеді.
Саланың негізі кәсіпорындары: «Ақтөбемұнайөңдеу» ЖШС (бензин – еріткіш, дизельдік жанармай, мазут, тазартылған кеме жанармайы, жермай), «Вернал Ойл» ЖШС (мазут, орташа мұнай дистилляты, жеңіл көмірсутекті фракция, дизельдік жанармай).
Саланың перспективалық жобалары: «КазИнРусс-трейдинг» ЖШС (дизель отыны, мазут), «КазОйлГрупп 2009» ЖШС (дизель отыны және мұнай қалдықтары қоспасынан мазут), «Женис Мунай» ЖШС (Газды сұйық отынға өңдеу).
«Ақтөбемұнайөңдеу» ЖШС мұнай өнімдері өндірісін айтарлықай арттыруды жоспарлап отыр, бұл «Вернал Ойл» ЖШС тоқтауынан болған шығындардың орнын толтырады (Қандыағаш қаласы).
Мұнай өнімдерін өндіру көлемі «АқтөбеМұнайөңдеу» ЖШС-нде одан әрі өңдеу үшін мұнай шикізатының жетіспеушілігіне байланысты 2%-ға төмендеді. Өндіріс көлемі 39,8 мың тоннаны құрады немесе 2013 жылғыдан 47,3 мың тоннаға төмен (87,1 мың тонна).
«Вернал ойл Ақтөбе» қалыпты қызмет ету үшін жалпы көлемі 400 мың тоннаға қайта өңдеу үшін 200 мың тонна шикі мұнай ұсынуға квота сұрап отыр.
Химия өнеркәсібі
Химия өнеркәсібі өнімінің өндірісі 2014 жылы 30,0 млрд. теңгені құрды немесе 2013 жылмен салыстырғанда 98,7%-ға төмендеді. 2012 жылы химия өнеркәсібінің өндірген өнімі 26,5 млрд. теңге құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 16,5%-ға төмендеген. 2013 жылы өндіріс көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға өскен және 27,5 млрд. теңгені құрады
Өңдеу өнеркәсібінің көлемінде химия өнеркәсібінің үлесі 11,6%-ды құрды.
Хром тұздарын өндіру көлемі 3,3%-ға төмендеді және 2013 жылға қарай 98,2 мың тоннаны немесе 98,2 % құрды.
Саланың негізі кәсіпорындары: «АХҚЗ» АҚ (хром тұздары), «ҚазЦКУБНитрохим» ЖШС, «БВР орталығы» ЖШС (жарылғыш заттар), «Темір Сервис» ЖШС (фосфоритті ұн), «Аманат» ЖШС (химиялық реагенттер).
«Chilisai Chemicals» ЖШС (ДАФ/МАФ түріндегі күрделі минералды тыңайтқыштар)
Химия өнеркәсібінде облыс хром тұздарын жалғыз өндіруші және экспорттаушы болып табылады («АХҚЗ» АҚ).
2014 жыл ішінде хром тұздары өндірісінің көлемі 98,2 мың тоннаны құрды, 2013 жылы – 101,5 мың тонна, 2012 жылы – 97,9 мың тонна және хром тұздарының нақты көлем индексі 2013 жылы 98,2% құрады. Хром тұздары өндірісінің көлемінің төмендеуінің негізгі себептері Еуропаға (сұраныстың төмендеуі) және Ресейге (рубль бағамының төмендеуі) өнім жеткізуді тоқтата тұру болып табылады.
Облыстың химия саласында патрондалған жәе патрондалмаған майшыт жарылғыш заттар өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарының өндірісі ұйымдастырылды. Осы өнім түрінің өндірісі Хромтау қаласында орналасқан. 2014 жылы ішкі және Қостанай облысының нарығына, кейін ҚР көршілес өңірлеріне шығаруға бағытталған өнім өндірілді және іске асырылды.
Перспективада мынадай жобаларды іске асыру жоспарланып отыр: МАФ/ДАФ типіндегі күрделі минералдық тыңайтқыштар өндіру, Жылыой калий тұздары кен орындары базасында минералдық тыңайтқыштар өндіру, жарылғыш заттар өндірісін жаңғырту, патрондалған және патрондалмаған майшыт жарылғыш заттар шығару.
Өзге бейметалл минералды өнім өндірісі
2014 жыл ішінде бейметалл минералды өнім өндірісінің көлемі 26350,0 млн. теңгені құрды немесе 108,7%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі өзге бейметалл минералды өнімдердің үлесі 10,2%-ды құрды.
Құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру саласында 50-ден астам кәсіпорын іске қосылды. Өндірістің негізі түрлері – кірпіш, қиыршық тас және темір-бетон бұйымдары.
Саланың негізгі кәсіпорындары: «ЖБИ зауыты» ЖШС, «Көктас – Ақтобе» АҚ, «Хромтау кірпіш зауыты» ЖШС, «Ақтөбе кенді емес материалдар комбинаты» ЖШС, «Құрылыс бөлшек» ЖШС, «ЭКОТОН Батыс» ЖШС, «Ақтөбеқұрылысхиммонтаж» ЖШС, «Қазжылуэнергомонтаж» ПТ, «Көктас – Ақтөбе» АҚ, «Тау-Кен» ЖШС және т.б.
Саланың перспективалық жобалары: «ASBI SAT GROUP» ЖШС, «Игданит» ЖШС, ЖК «Дингалиев К.Е.» және т.б.
Өңірдің шығаратын құрылыс өнімінің ассортименті құрылыс материалдарының, цемент, табақ шыны, гранит, мәрмәр, ілмекті арматура, болат және шойын құбыр өндірісінен басқа, барлық дерлік түрлерімен ұсынылған. Қазіргі уақытта облыс Қазақстанның Батыс өңірінде көптеген позициялар бойынша құрылыс материалдарын негізі жеткізуші болып табылады.
Индустриаландыру картасы 12,7 мың тұрақты жұмыс орындарын құрумен 800,1 млрд. теңге 91 жобаны қосады.
ҮИИДМБ бірінші бесжылдығы шеңберінде 552,7 млрд. теңгеге 71 жоба жүзеге асырылды, 6,6 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды.
2015-2019 жылдарға арналған индустриаландыру картасы 6,1 мың тұрақты жұмыс орындарын құрумен 247,2 млрд. теңгеге 20 жобаны қосады.
2015 жылы 558 жұмыс орнын құрумен 6,3 млрд. теңгеге 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Облыста «қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы ауқымында үй құрылыс комбинатын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалға, 2013 жылы «Строидеталь» ЖШС қуаттылығы 52,5 мың тонна құны 916,0 млн. теңге Weiler фирма технологиясы бойынша қуысты плиталар шығаратын кешені пайдалануға берілді.
ТОО «Үй құрылысы комбинаты» ведется строительствосовременного домостроительного комбината по германской технологии компании «Weckenmann», мощностью 50,0 тыс. кв.м. жилья в год. Объем инвестиции – 2,2 млрд. тенге. Будет создано более 100 новых рабочих мест. Ввод в эксплуатацию – 2016 год.
«Үй құрылысы комбинаты» ЖШС «Weckenmann» компаниясының германия технологиясы бойынша қуаттылығы жылына 50,0 мың ш.м. тұрғын үй заманауи үй құрылыс комбинатының құрылысын жүргізуде. Инвестиция көлемі 2,2 млрд. теңге. 100 ден астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады. 2016 жылы пайдалануға беріледі.
Машина жасау
2014 жылы машина жасау өнімінің көлемі 32 114 млн. теңгені құрды немесе 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда 36,5%-ға өскен. 2013 жылы өндіріс көлемі 21 897 млн. теңге құрады немесе 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 11,6%-ға өскен. 2012 жылы өндіріс көлемі 18 214 млн. теңге құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 7,2%-ға төмендеген.
Саланың негізгі кәсіпорындары: «Ақтөберентген» АҚ (медициналық техника), «Ақтөбе мұнай құрал-жабдығы зауыты» АҚ (сорғы қарнақ, қарнақ муфта, НКТ құбыры).
Сонымен қатар, 2016 жылы «Технодом-СТKZ» ЖШС (Nazar Treiler) қуаттылығы жылына 120 тіркеме шығаратын тіркеме дөңгелекті техникасын жасау бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 80 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.
Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі машина жасаудың үлесі 12,1%. Алайда, басқа категорияларға енгізілмеген машина жасау және құрал-жабдық өндірісінің 98,9%-ға төмендеді немесе 6,0 млрд. теңгені құрды.
Достарыңызбен бөлісу: |