ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ___________________________________________________________________
Жоғары кәсіптік бiлiм бакалавриат
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
5В091000 – «КІТАПХАНА ІСІ »
мамандығына арналған
[«Қызмет көрсету» мамандықтарының тобы]
базалық және кәсіптік пәндер
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Шымкент
2016
АЛҒЫ СӨЗ
1. М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде ӘЗIРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНЫЛҒАН
2. Республикалық оқу-әдістемелік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру кеңесінің 2016жылғы 30 маусымдағы №2 мәжіліс хаттамасының шешімімен БЕКIТIЛДI ЖӘНЕ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің 2016 жылғы 07 шілдедегі №14-4/1134 хатымен ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГIЗIЛГЕН
3. Үлгі оқу бағдарламасы 23.08.2012ж. №1080 (13.05.16ж. №292 ҚР ҮҚ-мен толықтырылған) ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандартына және 5В091000-«Кітапхана ісі» мамандығы бойынша 2016 ж. үлгі оқу жоспарына сәйкес әзірленген.
4. М.Әуезов атындағы ОҚМУ Республикалық Оқу-әдістемелік кеңесінің білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтар бойынша ОӘС отырысында ҚАРАЛҒАН, 27.05.2016 жылғы №3 хаттама
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
_________________________________________________________________________________________
БФТ 2201 - Библиографиятану
5В091000 – «Кітапхана ісі»
мамандығы бойынша
Көлемі: 4 кредит
Шымкент, 2016
МАЗМҰНЫ
|
|
Алғы сөз
|
2
|
Мазмұны
|
3
|
Түсіндірме жазба
|
4
|
Пән мазмұны
|
5
|
Кіріспе
|
5
|
1 Библиографиялық ақпараттың қазіргі теориясы
|
5
|
2 Библиографиялық ақпарат – құжаттық коммуникациялар жүйесіндегі байланысшы
|
5
|
3 Библиографиялық ақпараттың өмір сүру болмыстары
|
5
|
4 Библиографиялық ақпараттың негізгі қоғамдық функциялары
|
5
|
5 Библиографиялық ақпараттың анықтамасы, оның құрылымы және қасиеттері
|
5
|
6 Библиографиялық іс-әрекет – библиографиятанудың бас категориясы
|
5
|
7 Библиографиялық іс-әрекетінің негізгі компоненттері
|
5
|
8 Библиографияның іс-әрекет саласы ретіндегі түрлік құрылымы
|
6
|
9 Библиографиятанудың құрылымы және мазмұны
|
6
|
10 Библиография тарихы библиографиятанудың бөлігі ретінде
|
6
|
11 Библиография және библиографиятану туыстас білім салалары және тәжірибелік сала жүйесінде
|
6
|
12 Библиографиятану саласында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны
|
7
|
13 Ұлттық библиография ұғым және термин ретінде
|
7
|
14 Шетелде библиография теориясы мәселелерін қарастыру
бағыттары
|
7
|
15 Библиографиялық іс-әрекетінің халықаралық аспектілері
|
7
|
Семинар сабақтардың үлгі тақырыптары
|
7
|
Студенттердің СӨЖ және ОСӨЖ үлгі тақырыптары
|
8
|
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
8
|
Автор
|
9
| ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Библиографиятану жалпы кәсіптік курсы библиографиялық пәндер циклын ашады. Ол библиографиялық іс-әрекетінің теориялық тұжырымдамаларын айқындайды.
Пән мақсаты – библиографияның қоғамдық құбылыс ретіндегі мән-мағынасын, оның негізгі заңдылықтарын, құрылымы және туыстас әрекет саласы жүйесінде алатын орнын, библиографиятанудың даму бағыттары бойынша теориялық түсініктерін студенттерге меңгерту.
Пән міндеттері:
библиографиятанудың негізгі категорияларын (библиографиялық ақпарат, оның функциялары және қасиеттері, өмір сүру болмыстары; библиографиялық іс-әрекет және оның құрылымы) және библиографиялық іс-әрекетін тануда басты әдіснамалық негіздерін игеру;
библиографиялық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтары және ерекшелігі бойынша түсінік алу;
тиісті мәселелерді және библиографиялық іс-әрекетінің болашағын талдай білуін дамыту;
отандық библиографиятанудың және шетелдік библиография теориясы негізінің қазіргі жағдайын және даму бағыттарын білу;
Пән кітапханатану, құжат және кітаптың жалпы теориясы, информатика туыстас оқу пәндерімен тығыз байланысты.
Пәнді игеру нәтижесінде студент міндетті:
білуге:
- библиографиялық іс-әрекетінің негізгі міндеттерін, ерекшеліктерін;
- библиографиялық іс-әрекетінің заңдылықтарын, сабақтас пәндерімен өзара қатынастарын;
- библиографиятанудың қалыптасу кезеңдерін, концепцияларын, құрылымын.
дағдылануына:
арнайы терминологиямен пайдалануға;
библиографиятанулық мәселелері бойынша әдебиеттерінде хабардар болуға;
библиографиялық құбылыстарын бағалауда негізгі теориялық тұжырымдамаларын игеруге.
меңгеруге:
библиографиятанудың арнайы пәндер қатарында алатын орнын;
теориялық тұжырымдамалардың тәжірибеге берер әсерін;
стандарттық терминдерді;
библиографияның және библиографиялық өнімдердің түрлерін.
Бағдарлама бойынша дәрістік, семинарлық және зертханалық сабақтар, бақылау жұмысын орындау, СӨЖ және ОСӨЖ қарастырылған. Курстық және дипломдық жұмыстар жазылуы мүмкін.
ПӘН МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Курстың пәні, құрылымы және міндеттері. Студенттерді кәсіби дайындау жүйесінде пәннің алар орны. Оның жалпығылымилық, кітапханатанулық және библиографиятанулық, құжат және кітаптың жалпы теориясы, информатика пәндерімен байланысы. Пән бойынша оқу жұмысының негізгі болмыстары.
1 Библиографиялық ақпараттың қазіргі теориясы
«Библиография» терминінің шығу тегі. Оның алғашқы мағынасы. «Библиография» терминінің тарихи қалыптасқан көп мағыналылығы. Оның қазіргі тұжырымдамалары. Библиографияның негізгі концепциялары.
2 Библиографиялық ақпарат – құжаттық коммуникациялар жүйесіндегі байланысшы
Құжаттық коммуникация жүйесінің негізгі ұғымдары. Құжаттық коммуникациялар жүйесіндегі ақпараттық кедергілер. Олардың көрініс алудағы негізгі болмыстары. Құжаттық қатынас жүйесіндегі қарама-қайшылықты жою және сәйкестікті жүзеге асырудың ерекше құралы ретінде библиографиялық ақпарат туралы жалпы ұғым.
3 Библиографиялық ақпараттың өмір сүру формалары
Библиографиялық ақпараттың өмір сүруіндегі алуан түрлік формалары. Библиографиялық хабарлама - библиографиялық ақпараттың элементі. Библиографиялық жазба, оның негізгі элементтері. Библиографиялық құралдардың формалары, типтері, жанрлары, түрлері. Библиографиялық өнім жалпы жинақтық ұғым ретінде.
Ақпараттық және библиографиялық ресурстар ұғымдары.
4 Библиографиялық ақпараттың негізгі
қоғамдық функциялары
Құжаттық және библиографиялық ақпараттық тұтынымдар, олардың ара қатынасы.
Библиографиялық ақпараттың негізгі қоғамдық функциялары туралы ұғым. Библиографиялық ақпараттың мағыналық-функционалдық құрылымының көрініс алуындағы (генетикалық және логикалық) негізгі формалар.
5 Библиографиялық ақпараттың анықтамасы,
оның құрылымы және қасиеттері
Библиографиялық ақпараттың қасиеттері. Библиографиялық ақпарат ғылыми ұғым ретінде. Библиографиялық ақпараттың анықтамасы.
6 Библиографиялық іс-әрекет – библиографиятанудың
бас категориясы
Библиографиялық іс-әрекеттің пайда болуы және дамуы. Оның қазіргі құрылымы. Іс-әрекет саласы ретіндегі библиографияның жалпы анықтамасы. Құжаттық коммуникациялар жүйесінде библиографияның әрекет етуінің принципиалды схемасы. Библиографиялық іс-әрекеттің заңдылықтары, даму және жұмыс жасау принциптері.
7 Библиографиялық іс-әрекетінің негізгі компоненттері
Библиография - жіктелу нысан ретінде. Библиографиялық іс-әрекетінің анықтамасы. Библиографиялық іс-әрекетінің негізгі компоненттері: субъектілері және мақсаттары, нысандары, үдерістері, құралдары және нәтижелері.
8 Библиографияның іс-әрекет саласы ретіндегі
түрлік құрылымы
Библиографияны түрлік жіктемесі ғылыми мәселе ретінде. Библиографияның ұйымдық-ведомстволық тиістілігіне, сондай-ақ өндірілетін және қолданылатын өнімнің біртектес болуына қарай түрлік жіктемесі. Қоғамдық мақсатына байланысты библиографияны түрге жіктеу. Өзге белгілер бойынша библиографияның жіктелуі. «Библиографияның библиографиясы» ұғымы түсінігі. Библиографиялық құралдардың түрлік жіктемесі.
9 Библиографиятану құрылымы және мазмұны
Библиографиятану құрылымындағы библиографиялық іс-әрекеттің ғылыми пәндер кешені. Жалпы библиографиятанудың пәні, ұғымдық аппараты. Библиографиятануды құрылымдаудағы «аспектілік» және «нысандық» бағыттары. Библиографиятанудың қазіргі қалпы.
10 Библиография тарихы библиографиятанудың тарауы ретінде
Әлемдік және отандық библиографияның пайда болуы және тарихи дамуындағы негізгі кезеңдер. Библиографиялық ғылым мен тәжірибенің қалыптасу жолдары және оның заңдылықтары. Библиографиялық үдерістерінің нақтылы-тарихи (әлеуметтік) себептелуі. Библиографиялық деректеметану. Аса маңызды тарихи-библиографиялық зерттеулердің мінездемесі. Библиографияның отандық тарихшылары және олардың еңбектері. Қазіргі библиографияны және библиографиятануды жетілдіруде тарихи тәжірибенің мәні.
11 Библиография және библиографиятану туыстас білім
және тәжірибе салалары жүйесінде
Құжаттық коммуникациялар жүйесімен байланысты туыстас білім және тәжірибе салалары. Библиографиялық іс-әрекет, кітапхана ісі, ғылыми-ақпараттық іс-әрекет, кітап ісі. Олардың бірлігі және даралануы. Библиографиятану, кітапханатану, информатика, кітаптану және құжаттану. Олардың бірлігі және даралануы.
12 Библиографиятану саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұны
Библиографиялық жұмысты жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізудің маңызы. Библиографиятану бойынша ғылыми-зерттеулердің негізгі бағыттары мен тақырыптары.
Библиограф-мамандарды дайындау және қайта дайындау жүйесін дамыту мәселелері.
13 Ұлттық библиография ұғым және термин ретінде
«Ұлттық библиография» терминінің анықтамасы, оның «мемлекеттік библиография» терминімен ара қатынасы.
Ағымдағы және ретроспективтік ұлттық библиографияның функционалды-мақсаттық мәні. Ұлттық библиографияда құжаттарды қамту мәселесі.
Ұлттық библиография дүниежүзілік библиография жүйесінде.
14 Библиография теориясы мәселелерінің
шетелдік қарастырулары
Шетелдік библиография теориясының даму кезеңдері: эмпириялық және талдамалық. Библиография теориясы бойынша негізгі өкілдерінің көзқарасы.
15 Библиографиялық іс-әрекетінің
халықаралық аспектілері
Халықаралық библиографиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және формалары.
Ірі халықаралық ұйымдардың іс-әрекетіндегі библиографиялық аспектілер: ЮНЕСКО, Құжаттар бойынша Халықаралық федерациясы (МФД), Кітапхана ассоциациялары және ұйымдары бойынша Халықаралық федерация (ИФЛА) ж.б. OCLC (Online Computer Library Center) – Онлайндық компьютерлік кітапханалық орталығының жалпы сипаттамасы.
Аса маңызды халықаралық библиографиялық жобалар.
Семинар сабақтардың үлгі тақырыптары
Құжаттың қатынас жүйесі – библиографиялық ақпараттың өмір сүруінің негізгі ортасы
«Құжат-тұтынушы» жүйесіндегі ақпараттық кедергілер және оларды жоюда библиографияның рөлі
Библиографиялық ақпараттың өмір сүру болмыстары
Библиографиялық ақпараттың негізгі қоғамдық функциялары
Библиографиялық іс-әрекетінің құрылымы
Библиографияны кезеңге бөлу ғылыми мәселе ретінде
Библиографияның түрлік жіктемесі ғылыми мәселе ретінде
Библиографиялық құралдардың көпаспектілік жіктемесі
Библиографиялық ғылым және тәжірибе: олардың бірлігі және айырмашылығы
Библиография және библиографиятану шектес білім салалары және тәжірибе іс-әрекеті жүйесінде
Библиограф - маман және тұлға ретінде
Библиографиялық кәсіптік білім беру мәселесі қазіргі таңда
Ұлттық библиография әлемдік библиография жүйесінде
Библиографиялық іс-әрекеттің халықаралық аспектілері
Библиографиялық іс-әрекетті жетілдіру жолдары
СӨЖ және ОСӨЖ үлгі тақырыптары
Құжаттың қатынас жүйесі – библиографиялық ақпараттың өмір сүруінің негізгі ортасы
«Құжат-тұтынушы» жүйесіндегі ақпараттық кедергілер және оларды жоюда библиографияның рөлі
Библиографиялық ақпараттың өмір сүру болмыстары
Библиографиялық ақпараттың негізгі қоғамдық функциялары
Библиографиялық іс-әрекетінің ққұрылымы
Библиографияны кезеңге бөлу ғылыми мәселе ретінде
Библиографияның түрлік жіктемесі ғылыми мәселе ретінде
Библиографиялық құралдардың көпаспектілік жіктемесі
Библиографиялық ғылым және тәжірибе: олардың бірлігі және айырмашылығы
Библиография және библиографиятану шектес білім салалары және тәжірибе іс-әрекеті жүйесінде
Библиограф маман және тұлға ретінде
Библиографиялық кәсіптік білім беру мәселесі қазіргі таңда
Ұлттық библиография әлемдік библиография жүйесінде
Библиографиялық іс-әрекеттің халықаралық аспектілері
Библиографиялық іс-әрекетті жетілдіру жолдары
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1 Мәдениет туралы ҚР Заңы: 2010.30.06 берілген өзгерістер мен толықтырулармен // Егемен Қазақстан. 2010. – 30 маусым. – Б.2.
2 Вохрышева М.Г. Теория библиографии: Учеб.пособие.-Самара, 2004. -367с.
3 ГОСТ 7.0-99. Информационно-библиотечная деятельность, библиография. Термины и определения.-М.,2000. – 36с.
4 Коршунов О.П. Библиографоведение: основы теории и методологии: учебник для библиот.-информ.факульт.вузов / О.П.Коршунов, Т.Ф.Лиховид, Т.А.Новоженова; под ред.О.П.Коршунова. - М.: Изд-во ФАИР, 2009. – 336с.; ил. – (Спец.издат.проект для б-к).
5 Российское библиографоведение: итоги и перспективы: Сб.науч.тр. / Сост. и предисл. Т.Ф.Лиховид; Науч.ред. Т.Ф.Лиховид. – М., 2006. – 688с.
6 Сералиева Ж.К., Естаева Д.К. Библиографиятану: Оқу құралы. – 2-ші басылым, қайта өңделген. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 114 б.
Қосымша:
7 Бердигалиева Р.А. Будущее национальной библиографии Казахстана // Кітапхана. – 1994. - №3. – С.14-23. 13 Беспалова Э.К. Избранное. Т.1. Методология и теория библиографии. – М.:МГУК,1994. – 278с.
8 Теплицкая А.В. Мировые тенденции развития библиографии // Библиография.-2003.-№6.-С.126-130.
Автор: Койшигулова Г.К. – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң
аға оқытушысы
Достарыңызбен бөлісу: |