Бағдарламалу технологиясы



жүктеу 1,63 Mb.
бет13/73
Дата03.02.2022
өлшемі1,63 Mb.
#35497
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Ба?дарламалу технологиясы

1.10 C# тілінің тұрақтылары

C# тілінде тұрақтыларды жариялау айнымалыларды жариялаумен бірдей, бірақ. const қызметтік сөзі қосылып жазылады.

Мысалы:

const char CIMV = 'y';

const int MAX = 640;

Тұрақты бұл – идентификатормен белгіленетін, бағдарлама жұмысының барысында өзгермейтін деректердің мәні сақталатын компьютер жадысының аймағы.

Тұрақтыны жариялаған кезде оның типі ғана емес, сонымен бірге оның мәні де көрсетілуі керек.

1.11 C# тілінің атаулар кеңістігінің ұғымы

C# тіліндегі кез келген бағдарлама using операторының көмегімен бағдарлама кодына кейбір атаулар кеңістігін көрсетуден басталады. Мысалы:

using System;

using System.Windows.Forms; и т.д.

Бұл ретте бір using операторына тек бір атаулар кеңістігі тиісті бола алады.

Әрбір атаулар кеңістігі .NET платформасына тиісті кластардың белгілі бір тобына сәйкестенеді (әрбір класс - белгілі бір тип). Сонымен, .NET платформасының барлық типтер жиынтығы (CTS-те 4000 аса түрлі типтер белгілі) өзінің функционалды міндеті бойынша логикалық байланысқан топтарға біріктірілді, олар атаулар кеңістігі деп аталады. Кейбір міндеттері шешу үшін кейбір кластар, әдістер, функциялар немесе деректер керек болса, онда сіз бағдарламаға тиісті атаулар кеңістігін қосуыңыз керек. Сонымен, C# тілінде NET платформасының бұрында жазылған кластар кітапханасын қолдану мүмкіндігі орындалады.

Ескере кететін бір жағдай, C# тілі бойынша оқулықтардың көптеген авторлары кітапхана терминін қолданбай, атаулар кеңістігі ұғымымен шектеледі. 1.2-кестесінде ең жиі қолданылатын атаулар кеңістігі көрсетілген

Бағдарламалауға жаңадан келген бағдарламашылардың келелі мәселелерінің бірі - керекті атаулар кеңістігінің атын және оны қосу жолдарын анықтау. Атаулар кеңістігімен жұмыс жасау технологиясын C# тілін менгеру барысына қарай қарастырамыз.

Айта кететін жәйт, түрлі Visual Studio орталарының «қосымшаларды дайындау шеберлері» керекті атаулар кеңістігін автоматты түрде таңдап алады, қажеттілік болмаса оларды өзгертпеген дұрыс. Мысалы, егер Visual Studio 2008 ортасында консольде орындалатын қосымша (Fail->New->Project->Console Application) таңдалса, онда қосымшаны дайындау шебері 1.1-суретінде көрсетілген атаулар кеңістігін автоматты түрде қосады.

1.2-кестесі – .NET платформасының кейбір атаулар кеңістігі



.NET платформасының кейбір атаулар кеңістігі

Тағайындалуы

System

Object класы бар түпкі атаулар кеңістігі және қарапайым типтегі деректермен, математикалық функция жинағымен, деректерді енгізу–шығарумен, қоқысты жинау операциясымен жұмыс жасауға арналған кластар жиынтығы, т.б.

System.Data

System.data.SqlClient және т.б..



Бұл атаулар кеңістігі деректер базасымен жұмыс жасауға арналған

System.IO

Бұл атаулар кеңістігі файлға деректерді енгізу–шығаруға жауап береді, т.б.

System.Drawing

System.Drawing.Drawing2D




Бұл атаулар кеңістігінің кластарында графикалық қарапайым құралдары, қаріптер жиыны, сызықтар түрлері, монитор экранында графикалық ақпаратты көрсету құралдарының жиындары бар.

System.Net

Кластар жиыны желілер бойынша деректерді табыстауға жауап береді.

System. Security

Кластар жиыны желілер бойынша деректерді табыстау қауіпсіздігін артыру үшін қолданылады.

System.Web

Кластар жиыны web-қосымшаларда жұмыс жасауға арналады.

System.Windows.Form

Бұл атаулар кеңістігінің кластары Windows интерфейсінің элементтерімен - терезелер, батырмалар, басқа да басқару элементтерімен жұмыс жасауға арналған .

Бағдарламаның атаулар кеңістігін анықтағаннан кейін Visual Studio 2008 ортасында консольді қосымшаны дайындау шебері namespace Console Application { . . .} арнайы нұсқауымен бағдарлама кодының аумағын анықтады, онда құрылған қосымшаның деректер типін қолдануға болады.

Айта кететін жәйт, ортаның бас терезесінің сыртқы көрінісі терезені күйге келтіруге байланысты, оны бағдарламашы «өзіне керекті нұсқада» орындайды. Ортаны меңгеру кезеңінде күйге келтіру сипаттамаларын өзгертпеуді ұсынамыз.


жүктеу 1,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау