Бағдарламалу технологиясы


Монитор экранына ақпаратты шығару



жүктеу 1,63 Mb.
бет16/73
Дата03.02.2022
өлшемі1,63 Mb.
#35497
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Ба?дарламалу технологиясы

2.3 Монитор экранына ақпаратты шығару

C# тілінде консольді қосымшалармен жұмыс жасау барысында монитор экранына шығару Console.WriteLine() және Console.Write() статикалық әдістері арқылы орындалады (дәлірек айтқанда Console класының WriteLine() және Write()статикалық әдістері).

Ақпаратты шығарғаннан кейін Console.WriteLine() әдісі терезе курсорын келесі жолдың басына көшіруді орындайды.

Ақпаратты шығарғаннан кейін Console.Write() әдісі көрсетілген соңғы символдан кейінгі орында терезе курсорын бірден қалдырады.

Ескеру керек, екі әдіс те монитор экранына ақпаратты символды түрде ғана шығара алады, яғни бүтін немесе нақты типтегі мәндерді монитор экранына шығармас бұрын жолдық типке түрлендіру керек. Айнымалылардың сандық мәнін жолдық мәнге түрлендіру осы әдістердің әрқайсысында орындаған, сонымен қатар түрлендіруді берілген форматта жүргізуге болады.

Әдетте әдістердің бірінші параметрі арқылы түсініктеме мәтіні беріледі, онда фигуралы жақша арқылы «толтырғыш» жазылады. «Толтырғыштар» санына шек жоқ және есептің талаптарымен ғана анықталады. Барлық «толтырғыштар» нөлден бастап нөмірленеді. Толтырғыштың нөмірінен кейін қос нүкте арқылы шығару форматының спецификаторын көрсетуге болады.

Шығару бойынша әдістерде бірінші параметрден кейін және формат арқылы айнымалылардың атаулары көрсетіледі. Олардың мәндері шығарылатын мәтінде «толтырғыштардың» орнына тиісті форматта орналастырылады. Әрине, айнымалылыр мен «толтырғыштардың» саны бірдей болуы керек. Мысалы,

Console.WriteLine("a = {0} b = {1} a/b = {2}", a, b, c); Console.WriteLine("x={0} sin(x)={1:F5} Asin(x)={2:F3}",x, y, z);

Бірінші жағдайда шығарылатын мәтінде {0}, {1} және {2} орнына a, b және c айнымалыларының мәндері пішімдеусіз жазылады. Екінші жағдайда sin(x) және Asin(x) өрнектерін шығару сандарды пішімдейтін F спецификаторы арқылы анықталады және ол үтірден кейін 5 және 3 дейінгі дәлдікпен сәйкесінше орындалады. Кейбір пішімдеу спецификаторлары 2.1 кестесінде көрсетілген.
2.1- кестесі – Сандарды пішімдеу спецификаторлары


Спецификатор

Қызметі

C немесе c

Сандарды ақшалай пішімде шығару үшін қолданылады

D немесе d

Ондық сандарды шығару үшін қолданылады. Символдан кейін үтірден кейін шығарылатын символдар санын көрсетуге болады.

E немесе e

Сандарды экспоненциалдық пішімде шығару үшін қолданылады

F немесе f

Нақты санды «белгіленген нүктесімен» шығарады. Символдан кейін үтірден кейін шығарылатын символдар санын көрсетуге болады.

G немесе g

Ортақ (general) пішім. Шығарылатын санның өлшеміне байланысты F немесе E пішімі қолданады.

N немесе n

Санды шығаруда мыңдықты бөлектеу үшін қолданады. Бөлектегіш ретінде үтір қолданылады.

X немесе x

Бүтін санды он алтылық пішімде шығарады. Егер пішім үлкен символмен анықталса, онда он алтылық пішімдегі барлық әріптер үлкен болады.

Монитор экранына ақпаратты шығарудың қалған жолдары материалды ары қарай оқу барысында қарастырылады.




жүктеу 1,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау