Бағдарламалу технологиясы


C# тілінің стандартты математикалық функциялары



жүктеу 1,63 Mb.
бет19/73
Дата03.02.2022
өлшемі1,63 Mb.
#35497
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Ба?дарламалу технологиясы

2.6 C# тілінің стандартты математикалық функциялары

Кез келген бағдарламалау тілдері сияқты C# тілінде Math класына тиісті (System атаулар кеңістігінде), бағдарлама кодын жазғанда пайдалануға болатын стандартты математикалық функциялар (әдістер) жиыны бар.

Барлық әдістер public және static модификаторларымен жарияланады, сондықтан олар Math класының объектісін алдын ала құрмай-ақ бағдарламаның кез келген орнынан қол жетімді. 2.2-кестеде Math класының негізгі әдістері көрсетілген.

Әдістерді қайта анықтау дегеніміз – әр түрлі деректер типі үшін атауы бойынша бірдей бірнеше әдістің қолданылуы. Мысалы, Max() әдісіне нақты немесе бүтін сандарды беруге болады.


2.2-кесте – Math класының негізгі әдістері

Әдіс

Сипаттамасы

double Abs(double d);

Аргумент модулін қайтарады.

double Acos(double d);

Арккосинус бойынша радианда бұрышты қайтарады.

double Asin(double d);

Арксинус бойынша радианда бұрышты қайтарады.

double Atan(double d);

Арктангенс бойынша радианда бұрышты қайтарады.




Long BigMul(int x, int y);

Екі 32-разрядты санның көбейтіндісін қайтарады.




double Ceiling(double d);

Аргументке тең немесе одан үлкен ең кіші бүтін санды қайтарады.




double Cos(double d);

D бұрышының косинусын радианмен қайтарады.




double Cosh(double d);

D бұрышының гиперболалық косинусын радианмен қайтарады.




int DivRen(int a, int b,

out int R);



Екі бүтін сандарды бөлудің нәтижесін және шығу параметрі ретіндегі R қалдығын қайтарады.




E

2,71828182845905




double Exp(double d);

d дәрежелі E қайтарылады.




double Floor(double d);

Берілген санға тең немесе одан кіші ең үлкен бүтін санды қайтарады.




double IEEERemainder

( double a, double b);



a санын b санына бөлу нәтижесінің қалдығын қайтарады.




double Log(double d);

d санының натурал логарифмін қайтарады.

Артық жүктелген әдісте екінші параметр болып логарифм негізі жіберіледі.






double Log10(double d);

d санының ондық логарифмін қайтарады.




double Max(double a,

double b));



Екі санның ең үлкенін қайтарады. Артық жүктелген әдіс.




double Min(double a,

double b);



Екі санның ең кішісін қайтарады. Артық жүктелген әдіс.




PI

3,14159265358979




double Pow(double a,

double b);



a санының b дәрежесін қайтарады.




double Round(double a);

A санын бүтін санға — дөңгелектеу. Артық жүктелген әдіс.




int Sign(double a);

a саныны нөлден кіші, нөлге тең немесе одан үлкен болуына байланысты -1, 0 немесе +1 қайтарады. Артық жүктелген әдіс.




double Sin(double a);

Радианда а бұрышының синусын қайтарады




double Sinh(double a);

Радианда а бұрышының гиперболалық синусын қайтарады




double Sqrt(double a);

а-ның квадрат түбірін қайтарады.




double Tan(double a);

Радианда a бұрышының тангенсін қайтарады.




double Tanh(double a);

Радианда а бұрышының гиперболалық тангенсін қайтарады



Бағдарламаны ретке келтіру процесінде деректерді енгізуді немесе кейбір процестерді үлгілеуді жеңілдету үшін көптеген бағдарламашылар белгілі бір диапазонда тең қалыпты бөлінген, бүтін немесе нақты псевдокездейсоқ сандар тізбектілігінің генераторын қолданады. Осындай тізбектілікті құратын әдістер Random класында орналасқан.

Класс негізгі мән ретінде кейбір бастапқы санды қолданады, оған разрядтарды араластыру алгоритмы қолданылады және осындай жолмен алынған санды кезекті кездейсоқ сан ретінде қайтарады. Сонымен қатар келесі кездейсоқ санды өндіру үшін осы сан негізгі сан болып есептеледі. Сонымен, кезекті санның араластыру алгоритмі және бастапқы мәні толық анықталатындықтан, псевдокездейсоқ сандар тізбектілігі өндіріліп шығады.
2.3-кесте –Random класының кейбір әдістері


Әдіс

Сипаттамасы

Public virtual int Next();

Кезекті псевдокездейсоқ санды қайтарады. Әдістің артық жүктелген нұсқаларында

тудырылатын сандардың ең жоғарғы мәнін

немесе олардың мәндерінің диапазонын көрсетуге болады.


Public virtual void NextBytes (byte[] buffer);

buffer айнымалысын псевдокездейсоқ мәндері бар байттармен толтырады.

Public virtual double NextDouble();

0.0-ден 1.0 дейінгі диапазондағы нақты псевдокездейсоқ санды қайтарады.

Класта екі конструктор бар: параметрсіз және int параметрлі. Біріншісі бастапқы мән ретінде ағымдағы күн мен уақытты, екіншісі бастапқы, негізгі мәнді қабылдайды. Сонымен, бірінші конструктор қайталанбайтын сандар сериясын, екіншісі - бірдей сандар сериясын шығара алады.

Ескерту, кластың әдісі тұрақты емес, сондықтан оларды пайдалану үшін rnd класының объектісі міндетті түрде құрылады. Мысалы:

Random rnd = new Random();

Console.Write(" " + (rnd.Next()%101).ToString());

Console.WriteLine();

Бұл үзінді 0-ден 100 дейінгі аралықта псевдокездейсоқ бүтін санды қалыптастырады. Бұл мүмкін, өйткені rnd.Next() әдісі 0-ден ең жоғарғы деңгейге дейін псевдокездейсоқ бүтін санды қалыптастырады. 101-ге бөлуден қалатын қалдық 0-ден 100 дейінгі аралықта болады. a = rnd.Next() % 101 - 50; - жазбасы -50-ден 50 дейінгі аралықта псевдокездейсоқ бүтін санды қалыптастырады.

Талдау жасау үшін жалған кездейсоқ бүтін санды қалыптастырудың барлық жағдайлары қарастырылады, 0 – бұл жағдайда a айнымалысының мәні минус 50, ал 100 болғанда - a айнымалысының мәні 50-ге тең.

a айнымалысының барлық қалған мәндері осы шеткі мәндер арасында болады.

Стандартты математикалық функцияларды қолдану кез келген күрделі алгебралық өрнектерді бағдарламалауға мүмкіндік береді.




жүктеу 1,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау