Сипаттау бөлімі
Көптеген программалау тілдерінде, сонымен қатар Паскальда программада
қолданылатын шамалар жөніндегі барлық ақпарат программаның сипаттау бөлімінде міндетті түрде көрсетілуі қажет. Сипаттау бөлімдері төмендегідей бөлімдерден тұрады:
1. Таңбалар бөлімі
2. Тұрақтылар бөлімі
3. Типтер бөлімі
4. Айнгымалылар бөлімі
5. Процедура мен функциялар бөлімі
1. Таңбалар бөлімі
Оның құрылымы: label таңба;
label (таңба) – қызметші сөз. Таңба кез-келген идентификатор немесе бүтін сан болып табылады. Егер программада бірнеше таңба қолданылса, онда олардың арасына үтір белгісі қойылады.
Мысал : label 1;
label a1, b1, c1;
Таңбалар бөлімінің болуы операторлар бөлімінде кейбір оператордың ерекше аталып көрсетілетінін білдіреді. Таңба мен оператор арасына қос нүкте белгісі қойылып жазылады.
Мысал: 1: 1-оператор;
a1: 2-оператор;
b1: c1: 3-оператор;
Достарыңызбен бөлісу: |