5. Курстың мазмұны
Бірінші апта
№1 дәрістің тақырыбы: Кіріспе. Pascal тілінің негізі.
Компьютерге түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған алгоритм – программа деп, ал программа құру процесі программалау деп аталады. Программа компьютерде деректерге әрекет орындау үшін берілген командалар тізбегі болып табылады.
Программалау тілдері – бұл адамның компьютермен қарым-қатынасы үшін арнайы пайда болған формальді тілдер. Программалау тілдерінің де "жаратылыс тілдері" (орыс, ағылшын тілі т.с.с.) сияқты өзінің алфавиті, сөздік қоры, грамматикасы және синтаксисі, сонымен қатар семантикасы болады.
Программалау тілдері – жасанды тілдер. Олар жаратылыс тілдерінен мағыналары трансляторға түсінікті және командалары өте қатаң ережелермен жазылуымен, «сөздерінің» санының шектелуімен ерекшеленеді. Программалау тілінің осыған қатысты талаптарын синтаксис бейнелейді, ал әрбір командалардың мағыналарын және тілдің басқа конструкцияларын – оның семантикасы бейнелейді.
Программалау тілі – ЭЕМ-де шешілетін әртүрлі есептердің программасын компьютерге түсінікті формада жазу тәсілі болып табылады.
Программалау тілдері жоғарғы және төменгі деңгейлі тілдер болып бөлінеді. Қолданбалы мазмұнды есептерді шешуге бағытталған, командалардың мол жиынтығынан тұратын табиғи тілге ұқсас программалау тілі – жоғарғы деңгейлі программалау тілі деп аталады.
Жоғары деңгейдегі программалау тілі келесі қасиеттерге ие:
- Тіл алфавиті машиналыққа қарағанда біршама молырақ;
- Пайдалануға берілетін операцияларды теру машиналық операцияларды теруден тәуелсіз;
- командалар конструкциялары (операторлардың) мәтінді қайта қарау кезіндегі мазмұнды түрлерін бейнелейді және адамға ыңғайлы түрде беріледі;
- айнымалылардың және олармен әрекеттердің аппараты қолданылады;
- мәліметтер типі әртүрлі.
Қазіргі кезде жоғары деңгейлі программалау тілінің бірнеше түрі бар. Кең қолданылатын жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі – Паскаль тілі. Оның алғашқы вариантын 1971 ж. Швейцария ғалымы Никлаус Вирт жарыққа шығарған болатын. Автор атақты француз математигі Блез Паскальдың (1623-1662 ж) құрметіне жаңа программалау тіліне оның атын берді. Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, алгоритм құрылымы сақталған, қолданушыға ыңғайлы тіл болып қана қойған жоқ, сонымен қатар көптеген күрделі есептерді шешу үшін қолданылатын қуатты программалау тілі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |