Паскаль тілінің алфавиті:
1. Латын алфавитінің бас (A-Z) және кіші (a-z) әріптері және _ астын сызу белгісі.
2. Араб цифрлары: 0 – 9
3. Арнайы символдар:
а) арифметикалық операция белгілері: +, -, *, /
б) қатынас операцияларының белгілері: =, <> (тең емес), >, >=, <, <=
в) тыныс белгілері: ; : . , ..
г) қосарлы символдар: {}, [], (), (* *), (. .)
д) меншіктеу белгісі: : =
е) символдар: @, $, #, ^
4. Қызметші сөздер: and, begin, if, then, else, end …
Паскальдағы деректер типтері
Паскальдағы кез-келген деректер, яғни айнымалылар, тұрақтылар, функция мәндері және өрнектер, өздерінің типтері арқылы сипатталады. Тип аталған объектінің қабылдайтын мәндерінің жиынын және деректердің компьютер жадысында ішкі өрнектелу форматын анықтайды.
Паскаль тілінде деректердің төмендегідей типтері бар:
1. Стандарт жәй тип: бүтін (integer), нақты (real), логикалық (boolean) процедуралық, символдық (char, string)
2. Стандарт емес жәй тип: санақты және шектеулі типтер
3. Құрылымдық тип: массив, жазба, жиын, файл
Бүтін және нақты сандардың integer және real-дан басқа бірнеше типтері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |