141
2-сынып үшін математика оқулығында көбейтіндінің орын ауыстыру
қасиеті доп, дөңгелек, түйме, жұлдыз, т.б. пайдаланып түсіндіріледі.
Мысалы, оқушылар тіктөртбұрышты сызады, оны квадраттарға бөледі.
Барлығы неше квадрат пайда болғанын екі тәсілмен білу ұсынылады.
(5 х 3=15, 3x5=15) соған ұқсас тапсырмаларды орындау процесінде
оқушылар қасиетті еркін өрнектейді. Көбейткіштердің орындарын
ауыстырғанмен көбейтінді өзгермейді. Көбейтумен таныстыруға кезектегі
қадам көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы
байланысты қараудан тұрады. Бұл байланыс көрсету қолданбаларының
көмегінде ашып беріледі. Мысалы, көбейту амалы орын ауыстыру қасиетін
ашуында істетілген қолданбаны пайдаланып, оқушылар алдын көбейтуге
тиісті екі мысал түзеді: 30:5=6, 30:3=10. Бұдан оқушылар еркін қорытынды
шығарады: егер екі санның көбейтіндісі көбейткіштердің біріне бөлінсе,
екінші көбейткіш шығады.
Көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасында
орнатылған байланыс әртүрлі тапсырмаларды орындауымен нығайтылады.
6 х 4=24, 4x6=24, 28:4=7, 24:4=6
Кейінірек бөлу амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағы
байланыс мәселесі осыған ұқсас түрде шешіледі.
Бірді кез келген санға көбейтуде көбейтіндіде сол сан шығады: 1х0=0.
Оқытушы сабақ өтуде төмендегі міндеттерді атқаруы тиіс:
1) көбейту және бөлу амалдарының мағынасымен таныстыру;
көбейтудің орын ауыстырымдылық және көбейтудің қосуға қарағанда
үлестірімділік қасиеттерін түсіндіру;
2) көбейту кестесін үйрету (жаттау);
3)кестелерден тыс көбейту мен бөлуді үйрету (0-ге көбейту, 1-ге
көбейту, 1-ге
көбейту және бөлу, қалдықпен бөлу).
100 ішінде көбейту мен бөлуді бірнеше басқышқа бөліп үйретеміз:
I. Дайындық басқышы. Көбейту мен бөлу амалдары IІ сыныпта
оқытылады, бірақ дайындық 1-сыныптан басталады. 10 жәнге 100 ішінде
номерлеуге қатысты жағдайда санау арқылы қосу және азайту да үйреніледі.
2-сыныптың басында 1-сыныптағы мысалдарды күрділірек мысалдар оған
байланыстырып түсіндіріледі. Жылдың соңына келіп оқушыларда сандардың
құрамдары туралы білім артып, кеңейеді. Ал бұл бірдей қосылғыштардың
қосындысын табуға тиісті әртүрлі тапсырмаларды орындау мүмкіндігін
береді. Мысалы, 16-ның ішінде 2 саны 8 рет; 4 саны 4 рет бар; 8 саны 2 рет
бар.
Төмендегілерді бір түрлі қосылғыштардың қосындысы түрінде
суреттеңіз:
12= + 18= +
12= + + + 18= + +