126
түсіндіреді. (балалар бір минут уақыт өтуі үшін 60-қа дейін санауы керек).
Күнтізбемен де жұмыс істеу жақсы нәтиже береді. Сабақта келтірілген
жаттығуларды орындау барысында балалар жыл бойында қанша ай, аптада
қанша күн бар екенін және олардың жалғасатынын біліп алады.
1-тапсырма.Сабақтан күнтізбемен жұмыс істеуге тиісті жаттығуларды
таңдап мәселе түзіңіз:
3-сыныпта уақыт бірліктерімен байланысты болған жаттығуларды
орындау процесінде “үлес” тақырыбына тиісті материалдар балалардың
санасында дамытуға қол жеткізіледі. Сағатқа қарап уақытты белгілеу
дағдысын қалыптастыру негізгі қызмет саналады. Сағат моделін пайдаланып,
оқытушы әр күні бұл жұмысқа бір минут бөлу мүмкін.
Уақыт бірліктері туралы түсінікті қалыптастыруда өнімділік, жалпы
жұмыстың көлемі мен уақыт, жылдамдық пен уақыт, уақыт пен қашықтық
сияқты мөлешерлер арасындағы қатынасқа қатысты мәселелер үлкен
маңызға ие.
2-тапсырма. Оқулықта уақыт бірліктерімен өрнектелген мөлшерлерді
қосу және алуға тиісті жаттығуларды табыңыз. Бұл мақсаттарға оқулық
қандай тәсілдерді ұсынады.
3-тапсырма. Күндіз-түнде сағаттардың бір ізділігін үйренуде ғасыр
уақыт бірлігімен танысу проесінде оқулық қандай көрнекі құралдарды
пайдалану ұсынылады?
Бұл көрнекі құралдарды пайдалану мақсатқа сай болған тапсырма мен
сұрақтар түзіңіз.
4-тапсырма. Оқушыларға ұсынылған практикалық жаттығуларды жазып
алыңыз. Бұл жаттығуда сабақ бөліктерге бөлінеді яғни, олардың бірінде
оқушылар “секунд” уақыт бірлігімен, ал екіншісінде “тәулік”(күндіз және
түн) 12 сағаттық және 24 сағаттық есептеу тәсілі тақырыбы болсын.
6. АУДАН
Оқушыларда фигуралардың ауданы туралы түсінікті қалыптастыру
методикасы мөлшерлер туралы түсініктерді қалыптастыру жалпы
методикасының негізінде құрылады. Аудан туралы түсініктер балалар
әрқандай фигура, үлкен бе, кіші ме, жазықтықтағы белгілі ауданды иелеуі
қажет деген қарапайым түсінікке сүйеніп жүргізіледі.
Қарастырылып жатқан ұғымды түсіндіру үшін фигураның ұсынылуға
арналған немесе жеке түрдегі моделін пайдаланады.
Суреттерді бірі-бірінің үстіне қою жолымен екі фигураның ауданы тең
екендігіне, ал төртіншісі бесіншісінен кіші, бесіншісінің ішіне сиғанын
көреді. Оқушы фигураладың ауданын ашып баруы жүйесінде орналастыруды
және оларды цифрлармен белігілеуді талап етеді. Мұндай жаттығулардың
процессінде балалардың аудан туралы түсініктері нақтыландырылады.
Содан соң, түрлі фигураның аудандарыны салыстырып шығуды айтады.
Бұның үшін осы фигурадағы торлардың санын санап шығу қажеттігін
балалардың өздері түсінеді. Фигураның ауданы қаншалықты үлкен болса,
127
торлардың саны да соншалықты көп болады. Оның нәтижесінде тағы бір
өлшем — үшбұрышты да таңдау мүмкіндігі туылады.
Аудандары салыстыруда бірдей өлшемді пайдалану қажеттігіне
балалардың назарын аудары тиіс. Ол үшін түрлі квадраттарға бөлінген
фигураларды пайдалану мүмкін.
Балалар кесіндінің ұзындығымен танысу кезеңінде орындаған
жаттығуларды пайдалануға болады.
“Үш оқушы бір майданның ауданын өлшеді, олардың біріншісінің
жауабы 8, екіншісінікі 4, үшіншісінің жауабы 2 еді. Неге бұлай болды?”
Балалардың қайсы бірі ауданды толығымен ашады? (фигура дәптеріне
сызылады) оқушылар өлшем туралы үш бала да өлшеу кезінде өздерінің
өлшемдерін пайдаланғандықтан үш түрлі жауап алғанын түсінеді. Оқытушы
үш түрлі өлшемдерді түрлі реңдерге бойяды. Бұл тәрізді жаттығулар
оқушыларды өлшеу үшін бірдей бірлік — 1 кв. см (әр жағы 1 кв.см өлшем
бірлігін) жалпы өлшем бірлігі ретінде қабылдау деген пікірінге келеді. Әр
оқушыда 1 кв.см өлшем бірлігі болуы керек. Майдан ауданын өлшеу
процесін оқушылар жақсы меңгеруі үшін балаларға түрлі геометриялық
фигуралар беріп, оларды 1 кв.см моделмен өлшеу ұсынылады. Бұл
тапсырмада фигуралардың ауданды өлшеуде олар фигураның майданы неше
кв.см-ден тұруын білуге әрекет жасайды. Оқушылар 1 кв. см өлшем моделін
фигураның ауданына орналастырып, есептеп шығуы қиын. Квадрат тор
сызылған жұқа қағазды пайдалану біраз қиын екенін түсінеді. Сонымен
балалар палетканы пайдалануды үйреніп, оның жәрдемімен түрлді
фигуралардың ауданы табу бойынша жаттығулар орындайды.
Тікбұрышты төртбұрыштардың ауданы анықтауда практикалық
тәсілдерді пайдалану тиіс. Бұл тәсіл тіктөртбұрышта қанша 1 кв.см модул
өлшемінің бар екенін көрсетеді. Мұны тағы да оңай жолмен, яғни
төртбұрыштың енін бойына көбейтумен табуға болады.
1-тапсырма. Аудан өлшем бірліктерінен квадрат дициметрді енгізуде
төмендегідей жол тұту мүмкін.
Оқытушы тақтаға тіктөртбұрышты сызып, балаларға екі модел: квадрат
сантиметр және квадрат дициметрді пайдаланып, осы ауданы өлшеуді
тапсырады.
Мұндай жағдайларда балалар сантиметр модулін пайдаланудың
ыңғайсыз екенін түсінеді. Ал квадрат дициметрді практикада қолданудың
оңайлығын сезеді. Әр бала квадрат сантимертлерге бөлінетін квадрат
дициметрлердің моделі болуы және модел арасындағы қатынас 1
кв.дм=100кв.см екенін түсінеді.
Квадрат метр моделімен таныстыру процесінде квадрат дициметрларге
бөлінген квадрат модел болуы қажет. Түрлі жаттығуларды орындау
барысында аудан өлшем бірліктерінің арасындағы қатынас зердеге
орналасып қалады.
2-тапысрма.Математика оқулығынан майдан ауданын өлшем бірлігімен
өзара қатынасына тиісті жаттығулар табыңыз. Бұл жаттығуларды орындау
кезінде оқушылардың пікірлесуіне мүмкіндік жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |