114
7. 71 және 701, 333 және 33, 500 және 501, 600, 601 және 160 сандарын
жазу үшін неше цифр және неше сан керек.
Бұл тақырыпта негізгі тапсырма мыңдық ұғымын құрастыру, сыныптың
ұғымының маңызын анықтау және сол негізде көп таңбалы сандарды оқу
және жазуға үйрету, балалардың ондық санақ жүйесіне қатысты білімдерін,
натурал ретін, сандарды жазудың позициондық принциптеріне тиісті
білімдерін жалпылаудан тұрады.
Көп таңбалы сандарды номерлеу методикасы алдын өтілген
тақырыптардың жалғасы ретінде жалғастырылады.
Көп таңбалы сандарды номерлеуді (ауызша және жазбаша) үйрену
жұмысын бірнеше басқышқа бөлу мүмкін:
I. Дайындық жұмыс.
Бұл басқыштың қызметі бір таңбалы, екі таңбалы және үш таңбалы
сандарды номерлеудың негізгі мәселелерін қайталау.
1) Сандарды оқыңыз. 526, 308, 700, 999, 1000, 528. Бұл сандардың
әрқайсысында жалпы қанша ондық, бірлік, жүздік бар?
2) Төмендегілерден тұратын сандарды жазыңыз: 8 жүздік, 2 ондық, 6
бірлік; 9 жүздік, 4 бірлік.
3) Мыңда неше жүздік, ондық, бірлік бар?
4) 2,5, 3 цифырларын пайдалану мүмкін болған үш таңбалы сандарды
жазыңыз. Сол сандардың бірін оның таңба қосылғыштарының жиынтығы
түрінде суреттеңіз.
II. Номерлеуді үйрену
Бұл басқыш балаларды I класс — бірліктер сыныбы және II класс —
математикалар сыныбымен әр класс бірліктерінің аттарымен таныстырудан
тұрады.
III. Екінші класс сандарының пайда болуы, оқылуы және жазылуымен
таныстыру.
IV. Алты таңбалы сандардың пайда болуы, оқылуы және жазылуымен
таныстыру.
V. Оқушылардың білім және біліктіліктерін нығайту.
VI. Миллиондар класының пайда болуымен таныстыру.
Бұл тақырыпты үйренуде класс ұғымына жеке көңіл бөлінеді. Өйткені
бұл оқу материалын оқушылар жағынан жақсы түсініп алуы көп таңбалы
сандарды ауызша немесе жазбаша цифрлау жемісті болуына фактор болады.
Сондықтан I класс — бірліктер класы және II класс — мыңдықтар класымен,
олардың құрылымымен және әрбір класс бірліктерінің атауларымен
таныстырудан тұрады. Төменгі класс таңба бірліктерін жоғары класс таңба
бірліктері қандай пайда болуын оқушылардың санасына жеткізу керек.
Көп таңбалы сандарды номерлеуге үйренуде оқытушының негізгі
қызметі, яғни санақ бірлігі — мыңдық ұғымын құрастыру,класс түсінгінің
маңызын ашу және соның негізінде көп таңбалы сандарды оқу және жазуға
үйрету, балалардың ондық санақ жүйесіне қатысты білімдерін, натурал
реттік, сандарды жазудың мазмұндық тұрғыдан принципке тиісті білімдерді
анықтау және жалпылаудан тұрады.
115
Көп таңбалы сандарды номерлеуді үйрену нәтижесінде оқушылар:
1. Миллиондар класының ішінде қатар сандардың аттарын меңгеруі,
олардың қалай пайда болуын түсінуі және олардың ондық құрамын біліп
алулары қажет.
2. Кластардың атауларын және әр кластың ішіндегі бірліктерді білуі
керек.
3. Миллиондар класының ішінде кез келген санды оқи алуы және жаза
алуы тиіс.
4. Сандарды салыстыра білуі тиіс.
5.Кез келген санды бірлік қосылғыштарының қосындысы түрінде
суреттей алуы тиіс (берілген сандағы бірліктердің, ондықтардың, т.б.).
6.Жалпы санды таба білуі, майда бірліктерді үлкен бірліктермен немесе
керісінше, үлкен бірліктерді майда бірліктермен ауыстыра алуы тиіс.
7. Сандарды 10, 100, 1000 есе үлкейте алатын және нөлдермен
аяқталатын сандарды 10, 100, 1000 есеге азайта алатын болуы да тиіс.
1-тапсырма. Номерлеу методикасын меңгеру процесінде төмендегі көп
таңбалы сандарды пайда етуде: 999, 9999, 99, 999, ....., .... пайдаланып, көп
таңбалы сандарды пайда ету методикасын талқылаңыз.
Бұл жерде таңба бірлігі бойынша жаңа санақ бірлігінің пайда болуында,
мысал, 9+1, пайда болады. 10 бұл жаңа санақ бірлігінің пайда болуы.
Оқушыларға негізінен қиындық 10 000-1, 100 000-1,т.б.
Бұл үшін төмендегі заңдылықты пайдаланымыз:
9+1=10 10-1=9
99+1=100 100-1=99
999+1=1000 1000-1=999
9999+1=10 000 10 000-1=9999
Мұны төмендегідей етіп жалғастыру мүмкін:
9999-1=(9900+99)+1=(99+1)+9900=100+9900=10 000
10 000-1=(9990+10)-1=9990+(10-1)=9990+9=9999
2-тапсырма.
Оқушыларға “Номерлеуді” қалыптастыру бойынша
тапсырма, жаттығуларды үйренудің концентрлері бойынша аналогияны
пайдаланып талқылаңыз.
3-тапсырма. Мектеп оқулығын пайдаланып төмендегілерді нығайтатын
жаттығулар түзіңіз:
а) көп таңбалы сандардың реттігін сақтайтын натурал қатарды
анықтаңыз;
ә) сандар мен сыныптардың құрамын анықтаңыз;
б) ондық, жүздік, мыңдық және көп таңбалы сандардың ондық құрамын
талқылауға қатысты жаттығуларды бөліңіз;
в) цифрлардың орналасуы бойынша пікірін жүргізіңіз.
116
Бақылау сұрақтары
1. Ондық, жүздік, мыңдық, көп таңбалы сандарды номерлеуді үйренудің
негізгі міндеттері қандай?
2.Балаларды жаңа санақ бірлігімен таныстыруға арналған сабақтың
бөлігін істеп шығу қалай жүзеге асырылады?
3. Номерлеудің негізгі басқыштары неден тұрады?
4. Оқытушының негізгі міндеттері неде?
20-§. Негізгі мөлшерлермен жұмыс жүргізу методикасы
Тақырып бойынша студенттердің білімі және оған деген талаптар:
— мектептің қай сыныптарында математика курсы (пәні) бойынша
оқушылар қандай методтар және олардың өлшем бірліктерімен танысуы
қажеттігін;
— Бастауыш сыныптарда мөлшер туралы ұғымларды, елестерді
қалыптастыруға жалпылай жанасуды білу тиіс, сондай-ақ:
— ұзындық, масса, көлем, уақыт және аудандарды үйренуде
оқушыларда мөлшер туралы елесті қалыптастыру үшін жалпылай жанасуды
қолдана білуі;
— мақсатқа бағытталған практикалық жұмыстарды ұйымдастыра білу;
— мөлшерді үйренуде түрлі құрылғыларды пайдалану;
— оқушыларда өлшеумен байланысты дағдыларды қалыптастыру
методикасын пркатикада қоладна білу қажет.
Математикада үйренілетін негізгі ұғымдардың бірі мөлшер ұғымы
саналады. Бастауыш сыныптарда ұзындық, уақыт, дененің массасы және
көлемі, фигураның ауданы сияқты мөлшерлер үйреніледі. Бастауыш
сыныптарда бұл мөлшерлерді негізгі мөлшерлер дейіледі. Бұлдан тыс
бастауыш сыныптың оқушылары кейбір қасиеттік мөлшерлермен (қозғалыс
жылдамдығы, т.б.) де танысады.Қасиеттілік мөлшерлерді үйренуде оларды
өлшеу мәселесі үйренілмейді.
1. Мөлшерді үйрену методикасына жалпы сипаттама
Мөлшерлер цифрлар сияқты бастауыш сыныптарда математика
сабақтарының негізгі ұғымы болып, балаларда мөлшер туралы предметтер
мен оқиғаға байланысты және өлшеммен байлынсыты болған елес пайда ету
үшін пайдаланылады.
1-2-сыныптарда оқушылар ұзындық, масса, (ауырлық), көлем, уақыт
туралы және олардың өлшем бірліктері туралы түсінікке ие болады.
Мысалдарды шешу процесінде олар баға, мән, мөлшер, жылдамдық,
өнімділік ұғымларымен танысады.
Тақырыпты үйрену процесінде оқушылар өзара байланыста бірақ басқа-
басқа мазмұнға ие болған “мөлшер” және “цифр” ұғымдарының нақты
ерекшелігін біліуі тиіс. Мысалы, сым орамынан бір бөлік кесіп алып, өлшем
бірлігі дициметрді пайдаланып, 1дм, 2дм, 3дм, ..., ...20 дм тәрізді
ұзындықтарды белгілеп барамыз. Яғни аталмыш өлшем бірлігін сымның
ұзындығы бойынша рет-ретімен қою арқылы өлшейміз және тиісті атаумен –
(20 дм) жазып қоямыз.
Достарыңызбен бөлісу: |