46
Бұл тақырыпты оқытуда төмендегідей жоспар түзу мүмкін:
1-сабақ. 2-ондықтағы сандарды номерлеу, бір таңбалы сандарды
номерлеу және салыстыру негізінде түзіледі, сол үшін сабақтың басқа бір
сандарын номерлеу және оның жалпы сұрақтары қайталануы қажет. Содан
соң бір және бірлік, он және ондық, он затты бір ғана бірлікке біріктіру
туралы түсінік.
2-сабақ. 2-ондықтың әрбір санын өрнектеу, оның ондық құрылымы, 20-
ның ішінде есептеу, сандардың натурал тізбегі оқытылады. Барлық
жұмыстар
көрнекіліктер негізінде номерлеу қағидалары мен принциптерінің негізінде
орындалады.
3-сабақ. Дициметр. “Дициметр және сантиметр” ұзындық бірліктері
және олардың арасындағы байланыспен таныстыру номерлеуді оқытуда
жәрдем береді, керісінше номерлеу білімі бұл ұзындық бірліктерін жақсы
түсінуге жәрдем береді. Сондай-ақ, қарапайым және күрделі атаудағы сандар
туралы түсінік беріледі.
4- сабақ. Ауызша номерлеу және бастапқы үш сабақта пайда етілген
білім мен біліктілікті нығайту.
5- сабақ. 2-ондықтағы жазбаша номерлеу: сандарды цифрмен өрнектеу
тәсілі және сандарды оқу. Мұнда оқушыларға жаңа сандарды номерлеу үшін
жаңа
сандар енгізуді талап етілмеуі, оңнан солға
қарай оқуда бірінші кезекете
бірлікті, екінші кезекте ондықты жазуды келісіп азайтуды ұқтыру қажет.
Мұнымен орындарға қарап цифрлардың мәнінің өзгеруін үйрету мүмкін.
6- сабақ. 2-ондық сандарды оқу және жазу үшін жаттығулар орындау.
Өтілген сабақтардан алынған білім нығайтылады. Мұнда
сандарды нығайтуға
тиісті жаттығулар да өте пайдалы саналады.
Мысалы, “туры салыстыруды пайда ету үшін таңдалған белгіні қойыңыз:
13...14, таңдалған сандарды қойыңыз: 15>..., 11>...,12<...,(1-ондық, 6
бірлік>..., 2 ондық... 1 ондық 2 бірлік....)”.
7- сабақ. Номерлеу білімдерін негізделе отырып, қосу және азайтуды
орындау. Егер алдынғы сабақтарда 13+1, 14-1, 10+2, 17-7, 17-10 сияқты
өрнектердің мәндерін ауызша тапса, енді мұндай мысалдарды жазба түрде
орындауға қол жеткізеді.
8 және 9 - сабақ. 2-ондық сандарды ауызша және жазбаша цифрлаған
білімдерді нығайту, жалпыландыру және бір жүйеге салу.
10 - сабақ. 2-ондық сандарды номерлеу туралы білім, біліктілік және
дағдыларды тексеру.
Мұндай жүйедегі сабақтар бір-бірімен байланысқан түрде бір идеяға
біріктірілген, бұл сабақтың әрбір түсініктерін қалыптастыру жалпы
мәселелердің бір бөлігін шешкен болады. Оқушыларға пайда етілген
білімдерді нығайтуға қатысты түрлі мәселелерді орындауға енгізіледі.
Математиканы оқытудағы жұмыстар
Математиканы оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру
және математикаға деген қызығушылығын дамыту тәсілдерінің бірі –
оқушылармен жүргізілетін өзіндік жұмыстар.