Б. С. Абдуллаева м. Е. Жумаев м. М. Султанов



жүктеу 3,62 Mb.
Pdf просмотр
бет19/71
Дата06.01.2020
өлшемі3,62 Mb.
#26003
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71

 
50 
ә) мақсатты белгілеу (проблемалы жағдай жасау); 
б) жаңа материалды үйрену; 
в)  қағидалар  немесе  атқарылған  жұмыстың  алгоритімін  орындау 
(жаттау). 
Ауызша  санауда  жаңа  білімді  қабылдауға  дайындау  мақсатында 
оқытушы  сұрақтар  енгізеді,  оған  берілетін  жауаптар  оларды  жаңа 
білімдермен байланыстыру және білім мен оқудың жалпы жүйге енгізілуіне 
жәрдем болады. 
Жаңа  тақырыпты,  жаңа  материалды  түсіндіруден  алдын  айтып  өткен 
жөн,  бірақ  мұны  оқушыларды  жаңа  есептеу  тәсілдері,  қасиеті    тағы 
басқалармен  таныстырғаннан  соң  аяқтау,  түсіндіру  қорытындысы  ретінде 
жүзеге асырылуы мүмкін. 
Жаңа  тақырыпты  сұрау  арқылы  тексеріледі.  Кейін  қсықаша  сөйлеу, 
теориялық білімдердің тереңдетілуіне де көмек болады.  
Мысалы,  1-сыныпта  оқушылар  «36-2  және  36-20  түріндегі  азайту» 
тақырыында азайтудың жаңа тәсілін үйренді. Нығайту үшін олар үйде мына 
мысалдарды шешеді. 
69-3                   98-6                 100-8 
69-30                 98-60               100-7 
Өлшемдерді  салыстыру  туралы  бұрын  өтілген  білімді  нығайтуда 
мынадай тапсырмалар орындайды: 
2дм >18см                 1 сум >80 тиін 
6см <2дм                   60 тиін >50 тиін 
Практиканың  көрсетуінше,  үй  тапсырмасы  әдетте  сыныпта  орындалған 
жұмыс көлемінің жартысын құрайды. 
Сабақты  аяқтау.  Оқытушы  сабақты  аяқтайды:  «Сабақта  немен 
шұғылдандық?  Сабақта  қандай  жаңа  нәрсені  білдік»  Оқушылармен  бірге 
жаңа ереже қайталанады.  
Оқушыларды  жұмылдыру.  Бағаны  бірге  қою,  оқушының  өзіне-өзі 
беретін  бағасын  пайдалану  мүмкін.  Қойылған  баға  оқушының  өзіне  берген 
бағасымен бірдей болғанда ең жоғары нәтижеге қол жеткізіледі. 
Білімді бұлай бағалаудың тәсілі сабақ бойынша балл атауымен аталады. 
Сабақ  бойынша  рейтинг  балл  жәрдемімен  оқушыны  әділ  бағалау  үшін 
жауаптарды кестенің көмегінде есептеу пайдалы саналады: 
 
№№  Аты-жөні 
Тапсырманың түрлері 
Ауызша 
санау 
Үй 
тапсырмасы 
Сұхбат 
Өзіндік 
жұмыс 
1. 
Алимов У. 




2. 
Аюпов Д. 




3. 
Баратов Ф. 




 
Сабақ  бойынша  рейтинг  (балл)  оқушылардың  білім,  оқу  және 
біліктіліктерін  жан–жақты  тексеру  мүмкіндігін  береді,  сабақ  барысында 


 
51 
балалардың  белсенді  түрде  жұмыс  істеуіне  себеп  болады,  бірақ  мұнда 
басқаша  тексеру тәсілдері де  қайтарымайды. 
Бақылау сұрақтары 
1.  Қазіргі  заман  оқыту  технологиясы,  сабақтың  мазмұны  мен  маңызы 
неде? 
2. Сабақтың түрлерін айтыңыз. 
3.Үлгілі сабақтың жоспарын түзу. Оқу кестелерінің талқылануы. 
 
10-§. Бастауыш сыныптың математикасынан сабақтың түрлері. 
Сабақта индивидуал және топпен жұмыс жүргізу 
1. Өзіндік жұмыс сабағы 
Сабақта бұрын  жүзеге  асырылған барлық жұмыстар  оқытушының  жеке 
түрде жаңа баяндалған ережелері негізінде мәселе шешуге  бағытталуы тис. 
Оқушылармен  жаңа  тақырыпқа  тиісті  өзінідік  жұмыс  орындау  оқытушыға 
жаңа тақырыпты оқушылар қалай меңгергені, оқушылардың білімінде қандай 
кемшіліктердің  бар  екені  туралы  мәлімет  береді.  Бұл  кезде  оқушылар 
өздерінің  білімін  нығайтады,  біліктіліктерін  пайда  етеді,  үй  тапсырмасын 
орындауға  дайындайды,  жаңа  тақырыпты  меңгерумен  байланысты  болған 
қиындықтарды  жеңеді.Өзіндік  жұмыс  тексеру  және  жалпылайтын 
қорытындыны  қайталаумен  аяқталады.  Үйге  тапсырма.  Үй  тапсырмасының 
мазмұны  бірінші  жағынан  сабақта  өтілген  жаңа  материалды  нығайтуға 
бағытталған болса, екінші жағынан кейінгі сабаққа дайындалуға бағытталуы 
тиіс.  
Мысал ретінде. Санға 3-ті қосу және саннан 3-ті азайту. 
1-сынып оқушыларын жаңа материалмен таныстыру сабағын алайық. 
       Сабақтың тақырыбы. Санға 4-ті қосу және саннан 4-ті азайту. 
Сабақтың  мақсаты.  Бірліктердің  тобымен,  яғни  4-ті  азайту  және  қосу 
амалдарымен бірінші рет таныстыру, біліктілік пен дағдыларын нығайту. 
Көрнекі  құрал:  есептеу  үшін  дидактиалық  материалдар,  есептеу 
таяқшалары, кішкене квадраттар. 
Сабақтың жоспары: 
1)  үй  тапсырмасын  тексеру  және  оқушыларды  жаңа  материалды 
меңгеруге дайындау, үшті бірліктерге бөліп қосу және азайтуды қайталау; 
2) тақырыпты жариялау және сабақтың мақсаты; 
3) 
жаңа  тақырыпты  баяндау:  оқушылармен  предемттердің 
жиынтығында  4-ті  қосу  және  азайтуға  бағытталған  мысал  мен  мәселелерді 
оқытушының  басшылығында  шешу.  Оқшыларды  қайтіп  4-ті  қосу  мүмкін 
және қалай 4-ті азайту мүмкін деген жалпы қорытындыға әкелу; 
4)  жаңа  материалды  нығайту:    қортытындыларды  жеке  мысал  мен 
мәселелерді шешуде қолдану. Оқушылардың өздеріне мысал және мәселелер 
түздіру; 
5) үйге тапсырма беру; 
6) сабақты қорытындылау; 
2. Жаңа білім, біліктілік және дағдыларды нығайту сабағы 


 
52 
Жоғарыда айтып өткендей, әрбір сабақта оқушалар алға қарай жылжуы, 
дегенмен сабақтардың арасында мынадай сабақтар да болады, яғни, сабақтың 
негізгі бөлігі бұрын алынғанн білімдерді нығайтуға бағытталған болады. 
Сабақтар  жүйесінде  нығайту  сабағының  әртүрлі  басқыштарында    және 
әртүрлі,  деңгейлерінде  өткізіледі.  Егер  сабақтың  алдына  дағды  және 
біліктіліктерді  пайда  етудей,  дидактикалық  мақсат  қойылса,  оның 
нәтижесінде  біліктіліктер  пайда  етіледі.  Ал  бұл  сабақтың  жүйсінде, 
мазмұнында  және  онымен  жұмыс  жүргізу  методтарында  көрсетілуі  тиіс. 
Нығайту  және  алынған  білім,  дағды  және  біліктіліктерді  пайда  ету  үшін 
сабақтың  жүйесі  әртүрлі  болуы  тиіс.  Мұндай  сабақтың  құрылымына 
төмендегілер  жатады:  үй  тапсырмасын  тексеру,  тақырыпты  және  сабақтың 
мақсатын  жариялау,  ауызша  есептеу,  өрнектердің  мәнін  есептеу  және 
мәселелерді шешу, жаттығулардың нәтижесін жеке тексеру және материалды 
жеке  жалпылау,  оқушылардың  өздері  жеке  түрде  өрнектер  мен  мысалдар 
құрау, өлшеуі және графикалық жұмыстарыды орындауы, т.б. 
Мұндай сабаққа 3-сыныптан мысал келтіреміз. 
Сабақтың тақырыбы. 1000 санының ішінде жазбаша азайту. 
Сабақтың мақсаты. Жазбаша азайту амалдарын нығайту. 
Сабақтың жоспары: 
1)  үй  тапсырмасын  тексеру;  оқушылар  сынып  тақтасында  жазылған  үй 
тапсырмасының жауабы мен дәптерде жазылған жауапты салыстырады; 
2) ауызша есептеу; 
3)  оқытушының  басшылығында  960-156,  741-237  және  басқа 
мысалдарды жазба түрде шешеді; 
4) азайтуға тиісті мысаладар мен мәселелерді оқушылар жеке шешеді; 
6) үйге тапсырма беру; 
7) сабақты аяқтау; 
3. Өтілген материалды қайталау сабағы 
Бастауыш сыныптарда математикадан әр сабақта қандайда бір деңгейде 
өтілген  матриалдар  қайталанады  және  нығайтылады.  Қайталаудың  міндеті 
тек білім, дағды және біліктіліктерді толықтыру, тереңдету және бір жүйеге 
сазайтуды да өз ішіне алуы керек. 
Қайталау  оқытудың  әртүрлі  басқыштарында  жүргізіледі:  оқу  жылының 
басындағы  қайталау  сабағы,  күнделікті  қайталау,  тақырып  бойынша  жалпы 
қайталау  сабағы  және  соңғы  қайталау  сабақтары  бір-бірінен  ерекшеленуі 
керек. 
Барлық  сыныптарда  шамамен  бірінші  екі  аптада  оқушылардың  алған 
білім,  дағды  және  біліктіліктерін  тіктеу  мақсатында  қайталау  өткізіледі. 
Тақырып  бойынша  жалпы  және  соңғы  қайталау  сабақтары  оқушылардың 
алған  білімдерін  нығайтады  және  мақсатын  жүзеге  асырады.  Жалпы  және 
жүйелі  қайталау  сабағының  жүйесіне  әртүрлі  жаттығулар,  сұрақ–жауаптар, 
сұхбаттар  кіреді,  олар  білімдерді  жүйеге  салу  және  жалпылау  мақсатын 
жүзеге асрыады. 
Жалпы қайталау сабағының жүйесі төмендегідей болуы мүмкін: 
1. Үй тапсырмасын тексеру. 


жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау