Құжаттарды қабылдау мерзімі 2016 жылдың 19 тамызынан бастап 2016 жылдың 29 тамызын қоса алғанда
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурсқа хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, 070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік данғылы, 86-үй, анықтама үшін телефон: 8(7232) 75-18-12, 70-24-31, факс: 8(7232) 75-25-06, электронды мекенжайы: okad@ustk.taxeast.mgd.kz , okad3@ustk.taxeast.mgd.kz.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:
1. Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-R -4 санаты, (1 бірлік).
Қызметтік міндеттері: Салық төлеушілерге камералдық бақылау жүргізу; салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауын қадағалау; белгіленген кәсіпорындарға мониторинг жүргізу; қосымша резерв түсіру бойынша жұмыс жүргізу; салық пен төлемдердің болжамын орындау барысын талдау; бюджетке салық пен төлемдердің уақытылы, толығымен түсуін қадағалау; белгіленген есептілігінің, жоғары мемлекеттік кірістер органдарының, басқармасы басшысының және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларын сапалы жасалып, дұрыс және уақытында тапсырылуын жүзеге асыру; заңды және жеке тұлғалардың үндеулерін мерзімінде және сапалы қаралуын жүзеге асыру; бөлім құзырына енетін сұрақтар бойынша бұқаралық-түсініктіру жұмысына қатысу; бекітілген учаскеде іс жүргізуіге мемлекеттік тілді сапалы енгізуді жүзеге асыру; лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім немесе құқық саласындағы жоғарғы білім.
2. Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеп өндіру және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 06.06.2017ж. дейін), С-R-4 санаты, (1 бірлік).
Қызметтік міндеттері: Салық міндеттемелерін мерзімінде орындамаған салық төлеушілердің салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiн мәжбүрлеп өндіруді қамтамасыз ету әдістері бойынша шара қолдану; банкрот туралы қолданыстағы заңнамалардың ережесін сақтаумен дәрменсіз борышкерлердің банкротталуы шарасын бастамалау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім немесе құқық саласындағы жоғары білім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2016 жылдың 19 тамызынан бастап 2016 жылдың 29 тамызын қоса алғанда
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Өскемен қаласы бойынша Мемлкеттік кірістер басқармасы, 070018, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік данғылы, 86-үй, анықтама үшін телефон: 8(7232) 75-18-12, 70-24-31, факс: 8(7232) 75-25-06, электронды мекенжайы: okad@ustk.taxeast.mgd.kz , okad3@ustk.taxeast.mgd.kz.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі) ;
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4 тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4 тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.
Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына қадағалаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 3-қосымша
Место для
фотокарточки (4х6)
|
САУАЛНАМА
(Өз қолымен толтырылады)
1. Тегі_____________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________________________
2. Азаматтығы______________________________________________________
Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз____________________________________
3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ________________________
4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз ________________________
Болған елiңiз _______________________________________________________
Болған уақытыңыз __________________________________________________
Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз __________________________________
5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген деп
танылдыңыз ба, қашан және не үшін ___________________________________
6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан айырылдыңыз ба,
қашан және не үшiн _________________________________________________
7. Сіз мынадай:
1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты__________________________
2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысындағы лауазымдарды атқаратын
мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала асырап
алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір жән е ата-анасы бөлек
аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, жұбайы немесе зайыбы)
болып табыласыз ба _________________________________________________
8. Тілдерді білуі: ____________________________________________________
9. Мекенжайы және байланыс телефоны: _______________________________
___________________________________________________________________
_____________________
(жеке қолы)
«___»_____________20_____ж.
(толтыру күні)
Достарыңызбен бөлісу: |