Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік
қызметшілері арасында ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық,
адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану,
тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат
кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-
O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш
жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі
төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен
емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір
жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс,
республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе
халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында
қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық
деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының
лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық
деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем
емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс
өтілі төрт жылдан кем емес;**
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан
Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс
негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін
басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы.**
* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу
мүмкін.
** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға
жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.
*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.
**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған
жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21
желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, 010000, Астана қаласы, Сол жағалау,
Министерліктер үйі, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, 1 кіреберіс, анықтама үшін телефон:
(7172) 74-99-29, 74-99-42 e-mail:
suleimenov.as@minagri.gov.kz
: «Б» корпусының бос
мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, (негізгі
қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 20.11.2019 ж. дейін, С-4 санаты), 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекемелер: РМК, РМҚК бойынша үш
жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімді жинайды, қалыптастырады және оны Ауыл
шаруашылығы министрлігінде, Қаржы министрлігінде қорғайды; РМК, РМҚК бойынша
ағымдағы жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына
жоспарына ұсыныстар енгізілуіне бақылау жасайды; РМК, РМҚК бойынша ағымдағы жылға
арналған штат кестелерін келісімдеуге және бекітуге дайындайды; РМК, РМҚК бойынша
ағымдағы жылға арналған даму жоспарын бекітуге бұйрық дайындалуын бақылайды және
даму жоспарын түзетеді; даму жоспарын орындау бойынша есептілікті бекіту бұйрығының
орындалуын бақылайды; РМК, РМҚК бойынша жарты жылдықтың, жылдың қаржылық
есептілігі, Балансы тапсырылуына бақылау жүргізеді; РМК, РМҚК бойынша негізгі құрал-
жабдықтар мен материалдық-тауар құндылықтарын есептен шығаруды бақылайды; РМК,
РМҚК бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде ведомстволық
бағыныстағы ұйымдармен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен хат-хабар алысып
тұрады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары, әлеуметтік ғылымдар,
экономика және бизнес (есеп және аудит, немесе экономика, немесе менеджмент,
бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау, немесе қаржы, немесе еңбекті
ұйымдастыру және нормалау).
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық,
ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас
жемқорлыққа төзбеушілік. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл
Санат
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min
max
С-4
138 248
186 551
табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға
бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін
оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы
Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы
заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа
мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың),
коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу
басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр
қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр
қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық
көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған
конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін
растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс
комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз
қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып
табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның
ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және
жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері,
Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық
бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс
комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды
әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс
жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты
өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы
хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің сайты:
www.kyzmet.gov.kz
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны
____________________________________________________________________
_________________________________
__________ ____________________________________
(қолы)
(Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |