дернәсілдер зиянкестің ішкі қүрамымен қоректенеді. Нәтижесінде
аққанат дернәсілінің денесі қарайып, кейін мумияланады. Энкарзия
зиянкес мумиясында қуыршақтанады.
Ересек энкарзия иесінің
қанды сөлімен (гемолимфа) қоректенеді. Көбінесе төменгі жастагы
дернәсілдерін қорек етеді. Ол зақымданган аққанатты қорек етпейді.
Температура 16-28°С, ауаның ылгалдылыгы 60-80% болса, 18-43
күн өмір сүреді; осы уақыт ішінде 60-100 зиянкестің дернәсілін
залалдайды.
Энкарзияның даму жылдамдыгы, өсімталдыгы, белсенділігі
ауаның температурасына, күн көзінің
ұзақтыгына және тағы басқа
факторларга
байланысты.
Өте
тиімді
температура
27-30°С,
ылгалдылық 70% және күн көзіиің үзақтығы 14-17 сагат. Осындай
жағдайда энкарзияның өсімталдыгы күрт жогарлап (орта есеппен
115 жұмыртқадан) даму жылдамдыгы
11
күннен аспайды.
Температура 20°С төмендегенде энкарзияның дамуы 24 күнге дейін
созылады. Энкарзияның ересек дарақтары иелері бөліп шыгаратын
жылымшы. сірне тэрізді затпен қоректенеді.
Энкарзияны зертханада
өсіріп-өндіру үшін олардың иелері - аққанаттыларды темекі
өсімдігінде өсіріп көбейтеді. Темекімен коса қызанақ, қияр.
асбүршақ өсімдіктерін де пайдалануга болады (сурет-1).
Сурет-1. Энкарзия формоза
-Encarsia Formosa
Gah.
Энкарзияны бейімдеп өсіру үшін 5 бөлме керек. Оның 2
бөлмесінде аққанаттылар мен энкарзияның көптеген дарақтарын
үстайды. Үшінші бөлмеде зиянкеспен зақымданбаган тек қана таза
өсімдіктер
қойылады, төртінші бөлмеде өсімдіктерді зиянкеспен
зақымдайды да, бесінші бөлмеде оларды энкарзиямен залалдайды.
Темекіні газондарда 6-7 жапырақ шыгарганша 24°С температурада
өсіреді. Бүган шамасы 1,5 айдай уақыт кетеді. Одан кейін өскен
157
темек өсімдіктерін аққанаттылар бар бөлмеге бір тэулікке енгізеді.
Осы уақыттың ішінде зиянкес темекіге көптеген жұмыртқа салып
үлгіреді. Бұдан кейін өсімдіктерді үшінші бөмеге орналастырып,
2 4 ’С температурада 18 күндей ұстайды да, одан соң энкарзияның
ересек дарақтарын жібереді. Зиянкесті залалдау мөлшері бір
паразитке
аққанаттылардың
10
данасы
(1:10).
Залалданған
зиянкестерден 20-22 күннен кейін ересек паразиттер үшып шыгады.
Сөйтіп, темекіні зиянкеспен зақымдаганнан бастап, энкарзиялар
үшқанга дейін 39 күн өтеді. Осы уақыттың ішінде темекінің эрбір
өсімдігінен 15-18 мың дана паразит алуга болады. Темекінің
энкарзияның
қуыршақтарына
толы
(қап-қара
болып
кеткен
аққанаттылар дернәсілі) жапырақтарын
қайшымен қиып алып,
сүзгіш
қағаздың
арасына
текшелеп,
жеке-жеке
қойып,
жылыжайларга жібереді немесе тоңазытқышқа сақтауга қояды.
Достарыңызбен бөлісу: