Б. К. Копжасаров «Өсімдік коргау жоне карантин» кафедрасынын



жүктеу 16,49 Mb.
Pdf просмотр
бет49/190
Дата01.10.2023
өлшемі16,49 Mb.
#43615
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   190
2b0936db-98be-4c50-b1dc-5b5d01e6f4e9

Rhoptromeris 
heptoma
Htg. 
(түқымдасы 
Eucoliidae
, тобы 
Hymenoptera).
Швед шыбындары дернәсілдерінің 
паразиті. Зиянкес ересек дернәсілдерінің денесінде қыстайды. 
Иесінің пупарииінде қуыршақтанады, олардан 2-3 күннен кейін, 
ересек паразиттер үшып шығады. Аналықтарының потенциалды 
үрпагы көмірсулы қоректенген жагдайда - 63-69 жүмыртқа, 
тіршілігінің ұзақтыгы - 73 күнге дейін созылады. Аналық швед 
шыбындардың 
бірінші-екінші 
жастағы 
дернәсілдеріне 
жүмыртқасын салады. Паразит дернәсілі бірінші кезеңде олар 
иесінің гемолимфасымен қоректенеді, содан кейін шыбындардың 
қуыршақтануынан кейін, қоректенуге көшеді. Қуыршақтануға дейін 
иесінің денесін толықтай дерлік қүртады. Ал, табиги жағдайда 
паразиттің бір үрпағының дамуы 35-66 күнге созылады. Швед 
шыбындарының 
4,9% 
дейін 
дернәсілдерінде 
қоныстанады. 
Ропгромерис Батыс Сібір жагдайында үш ұрпақ береді, даму 
кезеңнің бірінші жартысында жаздық дэнді дақылдарда көптеп 
кездеседі, ал, жаздың соңында күздік дэнді дақылдар мен 
көпжылдық дәнді дақылдар егістіктеріне ауысады, сол жерде 
қыстауга кетеді (Чуканов, 1974).
4. 
Астық егеуіиітерінің энтомофагтары.
Астық егеуіштерінің 
жарғақ қанатты паразиттерінің 5 түқымдасының бірнеше түрлері 
белгілі, соның ішінде Коллирия паразиті жаксы зерттелген.
Коллирия - 
CoUiria coxator
түқымдасы 
Ichneumonidae,
тобы 
Hymenoptera.
Астық егеуіштерінің жұмыртқа және дернәсілдерінің 
мамандандырылған паразиті, олармен бірдей синхронды түрде 
дамиды. Зерттеу нәтижелері бойынша қоректенуін аяқтаған және
9 6


дәнді дақылдардың сабағының төменгі бөлігіне көшкен төртінші 
жастағы 
дернәсілдер, 
зиянкестің 
дернәсілдерінде 
қыстайды. 
Көктемде 
коллирия 
дернэсілі 
иесінің 
піллэсі 
ішінде 
қуыршақтанады. Ересек паразиттер ұшып шыгып, шатырша гүлді 
өсімдіктердің 
гүлінің 
шырынымен 
қоректенеді. 
Аналықтары 
жүмыртқаларын егеуіш жұмыртқасының ішіне салады.
Коллорияның үшып шығуы мамырдың басынан, маусымның 
ортасына дейін жалгасады. Бір маусымда бір ұрпақ беріп дамиды. 
Бидайдың сортына байланысты егеуіш дернәсілінің паразитпен 
қоныстануы 49-71% жетеді, ең жоғарғы - 95%.
5. Зиянды сүлікше қоцыздардыц энтомофагтары.
Сүлікше 
қоңыздар энтомофагтары көп зерттелмеген. Сонымен, қызыл 
кеуделі сүлікше қоңызда 
Anaphes lamae Bakk.
жүмыртқа паразиті. ал 
көгілдір 
сүлікше 
қоңызда 
-
птеромалидтер 
түқымдасы 
паразиттерінің екі түрі бар (
Habrocytus
sp және 
Eupteromalus
sp.); 
қуыршақтарынан кейде ихневмонидтер шыгады. 
Lemophagus curtus
Townes., 
Anaphes lamae
Bakk., тұқымдасы Mymaridae, топы 
Hymenoptera. Жүмыртқа жегінің аналықтары өз жүмыртқаларын 
иесінің жаңа салынған жұмыртқаларына салгаиды үнатады. 
Энтомофагтың 21°С-дағы дамуы 9 күнге созылады, ал, - 13°С 
болганда 20-30 күн. Ересегі жүмыртқасынан шыгардың алдында 
қарая 
бастайды, 
ересектері 
әдетте, 
таңгы 
уақытта 
иесінің 
жүмыртқасындағы куыстардан шыгады. Зиянды сүлікше қоңыздың 
бір жүмыртқасында паразиттің 1-4 дарақтары дамиды, әр жылдары 
зиянды сүлікше қоңыздың 19-42% жүмыртқаларын залалдайды.
Птеромалидтер -
Habrocytus sp.
жэне 
Eupteromalus
sp. Жеке 
паразиттер, пілләдагы қуыршақтанайын деп түрған зиянды сүлікше 
қоңыздардың дернәсілдеріне өз жұмыртқаларын салады. иесінің 
қуыршағында дамуын аяқтайды. Ересегі үрпақты өте қабілеті, 
жогары іздестіру қабілетіне ие. Зиянды сүлікше қоңыздың көгілдір 
түрінің қуыршақтарын залалдауы - 38-78%.

жүктеу 16,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   190




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау