Дипломдық жоба тақырыбы: «Петропавл қаласындағы



жүктеу 0,88 Mb.
бет1/11
Дата03.02.2020
өлшемі0,88 Mb.
#28090
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің

Төтенше жағдайлар Комитеті

Көкшетау техникалық институты» РММ


Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»


ЖТП кафедра бастығының м.а.

ө.қ.қ подполковнигі Р. Баймаганбетов

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Петропавл қаласындағы «Тайга» ЖШС сауда үйінде мүмкін болатын өртте жауынгерлік іс-әрекетті басқару алгоритмі»




Мамандығы: 5В100100 “Өрт қауіпсіздігі


Диплом жазушы:

ө.қ.қ. кіші сержанты Актанов Б.Т.

Жетекші:

ө.қ.қ. полковнигі Булкаиров А.Б.




Көкшетау 2015 ж.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі

Төтенше жағдайлар Комитетінің

Көкшетау техникалық институты


Күндізгі оқу факультеті
Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы
5В100100 «Өрт қауіпсіздік» мамандығы бойынша дипломлық

жұмысты (жоба) дайындау бойынша


ТАПСЫРМА
Жұмыс (жоба) тақырыбы: «Петропавл қаласындағы «Тайга» ЖШС сауда үйінде мүмкін болатын өртте жауынгерлік іс-әрекетті басқару алгоритмі»
1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № 157 «10» қыркүйек 2014 ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны )тапсыру мерзімі «05» маусым 2015 ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер нысанның жобасы.
4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:




Бөлімнің аталуы

Орындалу уақыты



Кіріспе

17.10.2014



Аналитикалық талдау

25.10.2014



Таңдалған бағытты негіздеу

02.11.2014



Өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы

10.11.2014



Шақыруды өңдеу

25.12.2014



Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуы

20.01.2015



Жедел-тактикалық сипаттама

28.01.2015



Даму және өрт сөндіру көрсеткіштері негізінде сипатталған өрт кезіндегі өрт бөлімшесінің жауынгерлік әрекетін бағалау және статистикалық талдау жасау.

01.02.2015



Сауда үйінде өрт сөндіру кезіндегі өртке қарсы қызмет бөлімшесінің жауынгерлік іс-әрекетін басқару ерекшелігі

20.02.2015



Дипломдық жобаның тақырыбының мақсаты мен міндеттерін негіздеу

28.02.2015



Конструктивті-жоспарлау мектебі

05.03.2015



Өрттің даму көрсеткіштерін болжау (№1 нұсқа)

14.03.2015



Өрттің даму көрсеткіштерін болжау (№2 нұсқа)

27.03.2015



Өрт сөндіру нұсқаларының экономикалық негіздемесі

01.04.2015



Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

06.04.2015



Өртте күштер және құралдармен басқарудың негізгі принциптері

Өрт сөндіру басшысы



20.04.2015



Қорытынды

05.05.2015



Әдебиеттер тізімі

15.05.2015



Графикалық бөлімі.

30.05.2015



Диплом алды қорғау

05.06.2015

5. Тапсырманы тапсыру мерзімі «____»______________ 2014 жыл.


6. Бекітемін:

ө.қ.қ. подполковнигі Карденов С.А.
7. Жетекші:

ө.қ.қ. полковнигі Булкаиров А.Б.
8. Тапсырманы орындауға қабылдадым:

ө.қ.қ. кіші сержанты Актанов Б.Т.


Мазмұны




Кіріспе.............................................................................................................

5

1 тарау. Өрт қауіпсіздігінің сараптамасы............................................. ......

7

1.1 Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелерінің 2014 жылдың 12 айындағы жауынгерлік іс-әрекеттерінің ТАЛДАУЫ…….............................................. ......

7


2 тарау. Сауда мекемелерінде өртті сөндіру тактикасы..................

13

2.1 Өрттердің және олардың себептерінің статистикасы..........................

13

2.2 . Адамдар көп келетін ғимараттардағы өрт кезіндегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыру.........................................

13


2.3 Жарақаттанғандарды көшіру бойынша ұсыныстар..................

18

2.4 Сауда мекемелерінде өрттің сөндіру және даму ерекшеліктері..........

23

2.5 Өрт сөндіру тактикасы.............................................................

24

3 тарау. Жедел-тактикалық әрекет барысындағы нысан сипаттамасы..

28

3.1 Ұйым (нысан) туралы жалпы мәліметтер..............

28

3.2 Үй-жайлардағы өрт жүктемесі, өндірістің технологиялық үдерісінің ерекшеліктері жайлы деректер

3.3 Өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру жүйесі

3.4 Электрмен қамтамасыз ету, жылу және желдету сипаттамалары туралы қосымша мәліметтер

3.4.1 Электрмен қамсыздандыру

3.5 Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі



3.6 Өрт сөндіру құралдарын таңдау

28

28


29

29

29



31

4 тарау. Жылжымалы өрт техникасымен “Тайга” СҮ өртті сөндіруді ұйымдастыру......

33


4.1 1-ші қабатта өрттің негізгі параметрлерін болжамдау

33

4.2 Өртті сөндіруді ұйымдастыру.........................................

37

5 тарау. Өрт сөндіруге шешім қабылдау.....................

5.1 Шешімнің мазмұны

5.2 Шешім қабылдау әдістемесі

5.3 ӨСЖ-нің шешім қабылдау барысындағы ойының логикалық әдістері

5.4 Шешім қабылдау барысында математикалық әдістер мен ұйымдастыру техникалаларын қолдану

5.5 ӨСЖ мен басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру

5.6 Қол астындағы қызметкерлерге міндеттерін түсіндіру

5.7 Бөлімшелер мен қызметтердің өрт кезіндегі өзара әрекетін ұйымдастыру

5.8 Өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери амалдарын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру


40

40

47



54

56
59

61

65
69




6 тарау. Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері

71

7 тарау. Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі...

73

Қорытынды.....................................................................

Әдебиеттер



75

76


Кіріспе

Білім реформасы – бұл Қазақстанның нақты бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын, басты жабдықтардың бірі болып табылады. Бізге нақты білім жүйесі керек, қоғамдық және экономикалық модернизацияның қажеттіліктеріне сәйкес келетін.

Сондықтан он екі жылдық оқытуға көшкендіктен он жылдық орта білімді жоюға болмайды, техникалық және кәсіби білімді болашықта әрі-қарай таңдау үшін. Адамның өмір бойы білімді алу үшін барлық қажетті шараларды туғызу керек.

Жоғары білімді таңдағандар үшін 12 жылдық оқытудағы ұсынулар өңделу керек.

Жоғары білім сферасында техникалық білімнің дамуына ерекше назарын бөлуімен ЖОО жүйесінде оптимизация өткізілу керек. Қазіргі мемлекеттік менеджерлерді дайындау үшін мемлекеттік басқару Академиясының базасында шетел мемлекеттермен қатысуымен ұлттық басқару мектебі құрылу керек, ең жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін.

Білім жүйесін дамытуын реттеу мақсатында жеке сектор мен мемлекеттің арасындағы достастықты нығайту керек, мемлекеттік-жеке білім несиелеу жүйесін жетілдіру.

Мамндықтың және ЖОО деңгейіне байланысты мемлекеттік гранттардың дифференциациясы туралы ойлану керек.

Қазір мәдениет сферасы дамуындағы мемлекеттік-жеке қатысу оптимизация кезі басталды, сол кезде өзінің мәдени іскерлігінің есебі арқылы біздің үздіктер өзіне бейім өмір деңгейін ала алатын, шараларды туғызу керек. Бұл мелекетте ірі халықаралық мәдени аукциондардың өткізілуі кезінде мемлекеттік көмек.

Қазақстан Республикасында сауда адам өмірінде үлкен мән алады. Жыл сайын сауда өндірістердің саны өсе береді.

Соңғы уақытта үлкен сауда-сауық кешендердің құрылыс тенденциясы пайда болады.

Сауда-сауық кешендері адамдардың көп болатын объекттерге(жұмыс уақытында) жатады. Практикада жүзеге асырылатын өртке қарсы шараларының жүйесі, әр-түрлі нормативті құжаттармен ұсынылатын, болашақта жетілдірілу керек, әсіресе жоспарлаудың жаңа түрлерімен және жаңа құрылыс материалдардың пайда болуымен байланысты.

Ірі магазиндердегі өрттер, күрделі және ірі болып табылады, үлкен еңбекпен жойылады, адамның денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Осындай өрттерді сөндірудегі ұйымдастырушы техникалық дайындық өртке қарсы қызмет гарнизондардың басты шарттардың бірі болып табылады.

Қазіргі сауда орталықтарының құрылысы кезінде көлемді қолдануды қазіргі құрылыс материалдары алады, олар жану кезінде адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін токсикалық заттарды шығыры алады.

1. Өрт қауіпсіздігінің сараптамасы
1.1. Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелерінің 2014 жылдың 12 айындағы жауынгерлік іс-әрекеттерінің ТАЛДАУЫ
2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 812 өрт болып, келтірілген залал құны 119 млн.025 мың теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда өрт саны 8,8% артқан. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бір өртке кететін орташа нұқсан 2013 жылғы 431 794 теңгеге қарағанда 146 551 теңгені құрады.
Бөлімшелердің шығу динамикасы, авариялық-құтқару жұмыстары мен жалған шақырулар

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ-нің облыстың елді-мекендерінде өрт сөндіру бойынша әскери әрекеттерінің

ЖИЫНТЫҚ КЕСТЕСІ


р/т


Атауы

2014 ж.

2013 ж.

1

Кезекші күзеттің дабыл бойынша шығуы, оның ішінде

1845

1414

а)

Өртке

761

695

б)

Авариялық-құтқару жұмыстары

194

160

в)

Өрт ретінде есепке жатпайтын жану оқиғалары

886

556

г)

Жалған

4

2

2

Өрт-тактикалық оқулар, сабақтар

158/699

137/954

3

Құтқарылған/қауіпсіз жерге көшірілген адамдар (барлығы)

48/1047

55/1899

4

Өртте қаза болған адамдар (барлығы)

47

48

4.1

Оның ішінде балалар

8

10

5

Ерікті өрт сөндірушілер жасағымен, халықпен және т.б. сөндірілген өрт.

51

51

6

Өрттен келген залалардың жалпы құны (мың теңге)

119 000,25

322 119

7

Құтқарылған тауар-материалдық құндылықтар (мың теңге)

620 292

596 769

8

Жойылған құрылыстар

181

130

Облыс өңірі бойынша барлық аудандарда, Айыртау, Мамлют, Уәлиханов аудандары мен алдыңғы жылдармен салыстырғанда өрт саны 12,2%, 16,1%, 29,1% и 14,3% -ға төмендеген Шал ақын ауданынан басқаларында өрт саны артты. Тайынша ауданында өрт санының барынша артуы байқалды, егер де 2013 жылы осы өңір аумағында 26 өрт болса, 2014 жылы осы аймақта 60 өрт тіркелген, осылайша өрт санының артуы 130% құраған.

Өрт ретінде есепке алуға жатпайтын жану оқиғалары былтырғы жылға қарағанда 59% артқан. Өткізілген авариялық-құтқару жұмыстарының саны да 21% -ға артқан.

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ-нің бөлімшелері 2014 жыл бойы орташа алғанда тәулігіне дабыл бойынша 5 рет шықты, оның ішінде:



  • Өртке 2 рет (дабыл бойынша шығудың жалпы санының 41,3% );

  • Авариялар мен қайғылы оқиғаларға (АҚЖ) 0,5 рет (10,5%);

  • Өрт ретінде есепке алуға жатпайтын жану оқиғалары 2,4 рет (48,%).


«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ бөлімшелерінің өртке

бару сапарының уақыты (пайызбен алғанда)

Өрт болу орнына бару уақыты мен оны сөндіруге кететін уақыт өртті сәтті сөндіріп, материалдық нұқсан көлемін төмендетуге әсер ететін маңызды фактор болып саналады.

2014 жылдың өткен кезеңінде орын алған 55,7 % өртке «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ-нің бөлімшелері 10 минут ішінде жетті, бұл өрт жайылып кетпей тұрғанда оны дер кезінде сөндіруді ұйымдастыруға, әрі соған сәйкес өртпен келтірілетін материалдық нұқсан көлемін төмендетуге мүмкіндік берді. Бірінші бөлімшенің өрт орнынан бару сапарының орташа уақыты 12 айда облыс орталығында 8,5 минутты, ал ауылды жерде 29,4 минутты құрады.

Осыған байланысты, аудан орталықтарынан қашықта орналасқан, әрі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері жоқ елді-мекендерде орын алған өрт саны 25,8%-ға артты, бірінші өрт бөлімшесінің өрт орнына бару сапарының орташа уақыты облыс бойынша 2013 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 59%-ға артты және 19,9 минутты құрады.


Өртті сөндіру уақыты (пайызбен алғанда)


2014 жылдың 12 айында бір сағатқа дейін өрт сөндіру уақытында 366 өрт сөндірілді (өрттің жалпы санының 48,2% ), 2013 жылдың осындай кезеңі ішінде 333 өрт сөндірілді (47,9%). Бір сағаттан астам уақыт ішінде сөндірілген өрт саны барынша артты, бұл аудандық бөлімшелердің шығу радиусының нормативтік талаптардан барынша асатынын көрсетеді. Сонымен қатар кезекші күзеттің жеке құрамы санының аздығы да үлкен әсер етеді. Жеке құрам саны аудандық бөлімшелерде өртті сөндіру кезінде 5 адамнан аспайды, бұл өртті сөндіру мен бір мезетте басқа да әскери әрекеттерді жасау уақытына әсер етеді. Өрт бекеттерінің кезекші күзетінің штаттық саны 3 адамды құрайды, бұл оларға өрт орнына келісімен өрт сөндіру техникасының тактикалық мүмкіндіктерін толық көлемде қолдануға мүмкіндік бермейді, ал бұл өз кезегінде өрт қауіпсіздігі қызметінің мәртебесіне келеңсіздік келтіреді.

812 өрттің 242-сі облыс орталығында, Петропавл қаласында болды, облыс қалаларында – 53, ал 517-сі ауылды жерде орын алды. 2014 жылдың 12 айында 51 өртке (өрттің жалпы санының 6,3%) «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ-нің бөлімшелері шақырылған жоқ және әскери емес өрт сөндіру құрамаларымен және халықпен сөндірілді.

Облыс аумағында 2014 жылы 3 ірі өрт болды («Айсберг» сауда үйі, «Самовар» дәмханасы, «Гедеон» сауда базасы), осы өртті сөндіру барысында жеке құрам өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру мен мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетті, сонымен қатар қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылуына жол берілген жоқ:


  • 2014 жылдың 06 мамырында «Айсберг» сауда үйі ғимаратының сыртқы қаптамасы өртеніп, өрт аумағы 186 ш. м. ауданға жайылды (өртті сөндіру барысына 15 техника мен жеке құрамның 80 адамы қатысты);

  • 2014 жылдың 01 қыркүйегінде «Самовар» дәмханасы шатырының 390 ш.м. аумағы өртенді (өрт сөндіру жұмысына 17 техника мен 70 адам қатысты);

  • 2014 жылдың 28 қыркүйегінде «Гедеон» сауда базасының ангар типтес қойма жайының 300 ш.м. өртенді (өрт сөндіру жұмысына 13 техника мен 60 адам қатысты).

Бұл өрттер зерделенді, зерттеу қорытындысы бойынша өрт себептері талданып, толық сипатталды. Өрттің туындау себептерін офицерлер құрамымен талдау барысында өрт сөндіру автокөліктерінде орнатылған бейнетіркеуіш арқылы жазылып алынған фотоматериалдар мен бейнежазбалар қолданылды.

«Гедеон» сауда базасының қоймаларындағы өртті сөндіру барысында мекеменің өрт сөндіру техникасы бөлімінің қызметкерлерімен әзірленген шатыр астын сөндіру бойынша тескіш ұңғымасының тәжірибелі нұсқасы қолданылды. Әзірлеу сызбасы мен осы ұңғыманы сынақтан өткізу бойынша фотоматериалдар Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК-не қарастыру үшін және оны өрт сөндіру бойынша жұмыстар барысында болашақта қолдану үшін жолданды. Бұл ұңғыма өрт сөндіру кезінде бірнеше мәрте қолданылды және өзін жақсы жақтарынан көрсете білді.

Жоғарыда көрсетілген нысандардың жетекшілері СҚО «ӨС және АҚЖ ТЖД» ММ атына алғыс хаттарын жолдаған болатын.

2014 жылы ерікті өрт сөндіру құрылымдары 303 өрт сөндіруге қатысты, бұл облыс аумағында орын алған өртің жалпы санының 37% құрады (2013 ж. – 32%). ДПФ мен халық өз еркінше өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерімен бірлесе отырып, 51 өртті сөндірді. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда ерікті жасақ құрылымдарының өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жоқ елді-мекендердегі өрт сөндіру жұмыстарына қатысуының оң динамикасы байқалуда. Бұл факт бөлімше бастықтарының жергілікті атқару органдарымен бірге жұмыстарының жанданып келе жатқанын көрсетеді. Осы бағытта түрлі деңгейдегі әкімдіктерге ауылдық округтердегі ДПФ сапасыз жұмысы туралы жазылған хаттарды жолдау тәжірибесінің ролі зор. Жыл басынан бастап жергілікті атқару органдарына ДПФ сапасыз жұмысы туралы 15 хат жолданып, солардың біреуін қарастыру нәтижесі бойынша Тимирязев ауданының Дмитриевка ауылдық округінің әкімі өрт сөндіру жұмысын сапасыз ұйымдастырғаны үшін сөгіс алды.


2014 жылы төтенше жағдайларға дер кезінде ықпал ету мақсатында облыс қалаларына шығу кестесі әзірленіп, бекітілді. Ал ауылдық жерлерде күш пен құралдарды тарту жоспары құрылып, бөлімшелер жедел шақыртулар бойынша автоматты түрде шығатын нысандар тізбесі, сондай-ақ химиялық қауіпті нысандар тізбесі анықталды. Өрт сөндіру сапасын жақсарту және өртті жою кезінде өзара іс-әрекетті ұйымдастыру үшін «СҚО ТЖД ӨҚ және АҚЖ» ММ-сі облыстың 22 ведомствосы және ұйымымен екіжақты келісімдер жасады.

2014 жылдың есеп беру кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысының гарнизонында бір күзет күшімен барлығы 509 өрт сөндірілді (жалпы санының 62,6%).

Автоцистернаның бірінші оқпанымен 346 өрт немесе 42,6% (сәйкесінше 2013 ж. осы уақытта 308 өрт немесе 41,2%) сөндірілді. Бұл деректерге қарағанда аудандық бөлімшелердің жеке құрамының жеткіліксіздігінен оқпанды көп мөлшерде беру мүмкіндігінің бола бермейтіндігі көрінеді. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету құралдарының қанағаттанғысыз жай –күйі өрттің көбіне қауіпті жағдайларда сөндірілуіне себеп болады.

Кей жағдайларда өрт сөндіру кезінде суды үздіксіз беру тасып жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Облыстың көптеген ауылдық елді мекендерінде өрт қарсы сумен қамтамасыз ету құралдарының болмауынан және ақаулықты өрт гидранттарының көптігінен өрт сөндіру кезінде автоцистерналар су көздеріне небәрі 21 рет қана орнатылған.



2014 жылғы есеп беру кезеңінде 20 өрт ауа-механикалық көбік қолдану арқылы сөндірілген. (2013 жылы – 14 рет). Өрт сөндіруші ұнтақ болмауы себепті қолданылмаған.
жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау