Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



жүктеу 6,11 Kb.
Pdf просмотр
бет31/44
Дата01.01.2018
өлшемі6,11 Kb.
#6283
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44

92
Жаңа материалды оқып-үйренуді түрлі нұсқада өткізуге болады. 
І  нұсқа  бойынша  бейне  және  аудиофильмнен  қазақтың  шешендері 
туралы  үзінді  көрсетіледі.  Оқулық  бойынша  «Тізбек»  ойыны  өткізіледі. 
Оқушылар оқулық мәтінімен өздігінше танысып, бірінен кейін бірі тізбектеп 
шешендік өнер, оның белгілі қайраткерлері туралы әңгімелейді. Осы әңгімені 
тиімді әрі ұтымды өткізу үшін, төмендегідей сауалдар бойынша сұрақтар 
қойылады. 
1. Шешендік өнер дегеніміз не?
2.  Қазақ  халқының  шешендік  өнерінің  дамуына  үлес  қосқан  қандай 
шешендерді білесіңдер? 
3. Шешендердің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеп беріңдер.
4. Атақты шешендердің қандай туындыларын, еңбектерін білесіңдер?
5.  Шешендердің  қандай  еңбектері  және  айтқан  сөздері  сендерге  ерек-  
ше әсер қалдырды?
6. Шешендердің шығармаларында қандай тарихи оқиғалар сөз болады?
7.  Шешендер  туындылары  –  отаншылдыққа,  бірлікке,  достыққа, 
адалдыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке шақыратын маңызды еңбектер 
екенін дәлелдеңдер.
ІІ  нұсқа  бойынша  оқушылар  оқулық  мәтінімен  өздігінше  танысып, 
ондағы негізгі ойды дәптерлеріне жазады. Бірнеше оқушы шешендер туралы 
әңгімедегі негізгі ойды, жаңа сөздерді тақтаға жазады. Ойларын дәлелдейді. 
Шешендер  туралы  оқушылардың  алдын  ала  дайындаған  хабарламалары 
тыңдалып, жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
III  нұсқа  бойынша  оқушылардың  белсенді  тобымен  жұмыс  істеуге 
арналған  «Аквариум»  жаттығуын  жүргізген  тиімді.  Енді  осы  ІІІ  нұсқаны 
қарастырайық.
Оқушылар  дөңгеленіп  отырады.  Сынып  ортасы  бос  болғаны  дұрыс, 
өйткені  барлық  оқушылар  оқиғаның  қалай  өтіп  жатқанын  жақсы  көруі 
тиіс. Мұғалім сынып ортасына немесе тақта алдына өз қалаулары бойынша 
оқушыларды  шақырады.  Оларға  тапсырма  беріліп,  жаттығу  шарты  түсін-
діріледі.  Қалған  оқушылар  оқиғаны  бақылайды.  Соңында  жаттығуды 
талқылаған  кезде  бақылаушы  балалар  өз  әсерлерін,  ұсыныстарын,  кемші-
ліктерін, толықтыруларын айтады. 
Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:  «Оқушылар,  бүгінгі  біздің  оқып-үйренетін 
тақырыбымыз «Қазақтың шешендік өнері» деп аталады. Қазақ – сөз қадірін 
білген халық. Шешендік сөздер ауызекі айтылып, ауызша таралған, халық 
жадында  сақталған.  Сөйтіп,  ауыздан-ауызға  өңдеу  мен  жөндеуден  өтіп, 
қысқарып, кейінгі ұрпаққа жеткен. Халықтың ойынан шыққан баталы сөз, 
ақылды ойлар, көркем де қисынды  пікірлер халықпен бірге жасап, үнемі 
жасарып, жаңарып отырған. Шешендік сөздердің ауқымы кең, мазмұнына 
қарай  әр  түрлі  мәселелерді  –  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты, 


93
халықтың көзқарасын, дүниетанымын, ел мен елдің арасында жүргізілетін 
келіссөздер,  халықтың  атақ-абыройын  қорғап,  даңқын  асыратын  сөздерге 
дейін қарастырады. 
Шешендік сөздердің шеберлігі сөз сайысында, елдің тағдыры сарапқа 
түсетін бітім келісімдерде, халық көп жиналатын астар мен  тойларда алқа 
топтың алдында бағаланған. 
Белгілі қазақ шешендері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би дау-жанжалды 
шешетін,  ел  бірлігі  мен  жердің  тұтастығы  мәселесін  көтерген  билер.  Әз-
Тәуке хан тұсында осы үш би бастаған «Билер кеңесі» бекіткен «Жеті жарғы» 
әдет-құқықтық заңы жасалды.  Олар халықтың тәуелсіздігі мен тұтастығы 
үшін ақылы мен күш-жігерінің, өмірлік мол тәжірибелерінің арқасында көп 
жұмыстар атқарды. 
Шешендер  халқының  бақытты  шақтарын,  қуанышы  мен  күйінішін 
жырлаған, туған елге қатер төнген сәтте ел намысын жаныған, халықтың 
көкейіндегісін  айтып,  әділет  жоқшысы  болған.  Жоңғар  хандығының 
басқыншылық  шабуылдарына  қарсы  қазақ  халқының  ұзақ  жылдарға 
созылған  азаттық  күресімен  байланысты  көптеген  батырлар  жырлары, 
шешендік  сөздер  дүниеге  келгені  мәлім.  Сондай  дауалы  сөздің  бірі 
Қаздауысты Қазыбек бидің қалмақ ханына айтқаны ел жадында сақталған.
«– Өзің жөніңді айтшы, атың кім? – депті хан.
– Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, халқым – қазақ, руым – қаракесек, – 
деп жауап беріпті.
–  Даусың  қаздың  даусындай  қаңқылдап  тұр  екен,  ал,  датыңды  айт-       
шы, – депті хан. Сонда Қазыбек:
– Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан 
елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын 
деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан 
сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген 
елміз.  Асқақтаған  хан  болса,  хан  ордасын  таптай  білген  елміз.  Атадан  ұл 
туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. 
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, 
қарпысқалы  келгенбіз,  сен  темір  болсаң,  біз  көмір,  балқытқалы  келгенбіз. 
Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы 
келгенбіз.  Танысуға  көнбесең,  шабысқалы  келгенбіз.  Жаңа  үйреткен  жас 
тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. 
Берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең, дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын 
жеріңді айт! – депті. Сонда Қоңтәжі не дерін білмей отырып қалыпты». 
Қазыбек  би  қалмаққа  үш  рет  елші  болып  барған  екен,  соның  бірінде 
қазақ  елін,  тозығын  жеткізе  шабуға  дайындалып  жатқан  қалмақ  ханы 
Қазыбек бидің сөзінен кейін райынан қайтып, тоқталған екен. 


94
Балалар!  Сендер  өздеріңді  тарихи  оқиғаға  қатысушымын  деп  са-
наңдар.  Жаттығуға  белсенді  қатысушы  4–5  оқушы  сыныптың  ортасында 
отыр.  Оларға  билік  айту  құқығы  берілген.  Балалар!  Сендердің  айтатын 
шешендік сөздеріңе, қойылған сауалдарға берген жауаптарыңа байланысты 
халықтың тағдыры (сыныптағы басқа оқушылар) шешілуі тиіс. Сондықтан 
әр сөзді ойланып, ақылға салып, сенімді, көңілге қонатындай, қажет болса 
санамызды  толқытып,  тебірентіп,  шабыттанып  қуантатындай,  қайғысына 
мұң жамайтындай әсерлі баяндауға тырысыңдар. 
«Аквариум»  жаттығуына  қатысушы  белсенді  балаларға  сөйлейтін 
сөздеріне  дайындалуға  (жазып  алуға  болады,  сосын  тезис  түрінде)  2  ми-
нут  беріледі.  Әрбір  қатысушы  оқушының  шығып  сөйлеуіне  2  минут, 
оппоненттерге  не  «халықтың»  сұрақтарына  жауап  беруге  тағы  1–2  минут 
беріледі. Жаттығуға белсенді қатысушы 4–5 баланың барлығы сөз сөйлеп, 
сұрақтарға жауап қайтарған соң, «халық» (дөңгеленіп отырған бақылаушы 
оқушылар) кімге және не үшін дауыс беретінін шешеді. 
Жаттығу аяқталған соң талқылау өткізіліп, қорытынды жасалады. 
Жалпы  бұл  жұмысқа  белсенді  қатысушыларға  алдын  ала  тапсырма 
беріп, дайындықпен келгені дұрыс. 
Талқылау барысында белсенді оқушыларға мынандай сұрақтар қойып, 
мәселені ашуға көмектесу керек: «Жаттығуға дайындалуға уақыт жетті ме? 
Әлде көбейту керек пе, жұмыс істеуде не көмектесті, не кедергі жасады? Өз 
ойыңды  жеткізгенде  қандай  сезімде  болдың?»  Бақылаушыларға:  «Кімнің 
сөйлеген сөзі анағұрлым дәлелді, көркем, сенімді, әсерлі болды? Шешеннің 
сөзіне  байланысты  кім  өз  шешімін  өзгертті?  Сен  неліктен  шешіміңді 
өзгерттің?» деген сұрақтар қойылуы заңды үрдіс. 
Көпшілік  дауыспен  шешім  шығарылады.  Сабаққа  мұғалім  қорытын-  
ды жасайды.   
Үйге  тапсырма:  §41.  «Қазақтың  шешендік  өнері»  әңгімесін  оқып 
танысып,  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  жауап  дайындау.  Қазақ  халқы  мен 
республикада  тұратын  басқа  халықтардың  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрыптары 
туралы барлық оқушыларға дайындалып келу тапсырылады. Оқушыларға 
әдебиеттер тізімі беріледі. Бұл материалдар §42 тақырыпты оқып-үйренгенде 
пайдаланылады.
§42. дала музыкасы
сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  саз  өнері,  композиторлар  ту ралы 
түсінік  беру.  Құрманғазының  өмірімен,  қызметімен  таныстыру.  Ком-
позиторлар – ел мақтанышы екенін түсіндіру. Өнер адамдарына деген құр-
мет  сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу.  Тарихи  қайраткерлерді  сипаттай  білу 
біліктерін одан әрі дамыту.


жүктеу 6,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау