Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



жүктеу 6,11 Kb.
Pdf просмотр
бет27/44
Дата01.01.2018
өлшемі6,11 Kb.
#6283
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44

80
жинауда  тәртіп  орнатты.  Егіншілік  күнкөріс  көзі  деп  түсініп,  1846  жылы 
Іле өзенінің оң жағасындағы Қарақамау алқабындағы егіншілікті көргенде, 
оның пайдалылығын түсінген Кенесары өзіне еріп жүргендерге егіншіліктің 
қажеттілігін түсіндіріп, халықтың онымен айналысуы керектігін айтады.
Кенесары мемлекеттік құрылысқа да бірқатар жаңалықтар енгізді. Хан 
кеңесі  құрылды.  Ол  беделді  батыр,  билер,  сұлтандардан  тұрды.  Кенесары 
кезінде адамдарды шыққан тегіне қарамай, жеке қасиеттері мен қабілеттері-
не қарай басқару ісіне тартқаны белгілі. Хан Ресей, Орта Азия мемлекетінің 
лауазымды  адамдарына  қазақ  халқының  отаршылдықтағы  хал-жағдайы 
баяндалған  хат  жолдап,  онда  ойын  тиянақты,  айқын,  дәлелді  мазмұнмен 
келтіре білген. Кенесары хан әскерін жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, онда 
қатаң тәртіп орнатты. 
Хандық  басында  Кенесары  қазақ  жерлерін  отаршылдардан  азат  ету 
жолында  батыл  күрес  жүргізді.  Соғыс  қимылдарының  түрлі  тәсілдерін 
пайдаланып, дарынды да білгір қолбасшы екендігін көрсете білді.
Он  жылға  созылған  аса  ірі  көтеріліс  жеңіліс  тапты.  Опасыздықпен 
Кенесары ханның басы алынды. Бірақ Кенесары хан қолбасшы, аса көрнекті 
саясатшы ретінде, қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрес- 
кен ірі тұлға ретінде ел жадында мәңгілік сақталады.
Хан Кене қазақ жерінде хандық билікті қалпына келтірмек болды, қазақ 
елінің егемендік, біртұтастығы жолында күресті. «Ендеше, хан Кене тек жер 
үшін емес, түбі бір өркениетті қорғаушы санатында танылу керек. Өзі батыр, 
өзі ұлан, өзі сардарбек, өзі хан, өзі көсем, өзі шешен, өзі дана туған, қара 
басының  қамы  емес,  қара  қазақтың  ары  үшін,  намысы  үшін,  бостандығы 
үшін, тәуелсіздігі үшін күрескен алып тұлға көз алдыңызға екінші Абылайды 
елестетпей ме?»  – деп жазды академик М. Қ. Қозыбаев.
Ол  жеңіліске  ұшырағанымен  Қазақстандағы  патша  үкіметінің  пози-
циясына  ауыр  соққы  берді.  Көтеріліске  үш  жүздің  белгілі  батырлары        
Ағыбай,  Иман,  Жоламан,  Сұраншы,  Бұхарбай,  Байсейіт  және  басқалар 
қатысты».
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §34.  «Тәуелсіздік  жолындағы  күрес»  әңгімесін  оқып 
танысу, сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындап келу.
§35. Шоқан Уәлиханов
сабақтың  мақсаты:  Шоқан  Уәлихановтың  тұңғыш  қазақ  ғалымы 
екендігін  бейнелі  суреттеу  арқылы  оқушыларда  ғалым  адамдарға  деген 
құрметтеушілік сезімін тәрбиелеуге көмектесу. Тарихи қайраткердің өмірі 
мен қызметін сипаттау біліктерін дамыту. 


81
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  бар  болса,  электронды 
оқулықтан үзінді, иллюстрациялық материалдар.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмалар көлемінде жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Шоқанның өмірі мен қызметі.
2. Шоқан – қазақтың тұңғыш ғалымы.
Жаңа материалды оқып-үйрену оқушылардың бастауыш сыныпта және 
сабақтан тыс алған білімдері негізінде өткізіледі. Оқушылар төмендегідей 
сауалдарға жауап береді. Ш. Уәлиханов  деген кім?  Ол қандай адам болған? 
Ол тарихта қандай істерімен есте қалды? Ш. Уәлиханов туралы не білесіңдер? 
Ш.  Уәлихановтың  қандай  еңбектерімен  таныстыңдар?    Ол  туралы  қандай 
кітаптар оқыдыңдар? Қандай кинофильмдер көрдіңдер? 
Электронды оқулықтан не бейнефильмнен үзінді көрсетіліп, мазмұны 
бойынша әңгімелесу өткізіледі. Оқушылар кезектесіп абзац бойынша оқу-
лық мәтінін оқып, ондағы негізгі ойды тауып, мәтін мазмұнын талдайды. 
Сабақта  «Бетпе-бет»  деп  аталатын  жұп  болып  жасайтын  жұмыс 
жүргізіледі.
Мұғалім оқушыларды «Бетпе-бет» жұп болып жұмыс істеу әдістемесі-
мен мұқият таныстырып, қажетті нұсқаулар береді, түсіндіреді.
Мұғалім  барлық  оқушылардың  мынандай  тапсырмаларға  дайында-
луын тапсырады:
«Балалар!  Өздерің  жақсы  көретін,  естеріңде  жақсы  сақталған  тарихи 
тұлға  (батыр,  би,  хан,  жазушы,  ғалым  т.б)  туралы  сыныптасыңа  айтып 
беріңдер».
Оқушылар жұптасып тұрады. Олар белгілі тарихи тұлға туралы естері-
не  түсіріп,  ойланып  жауап  беруіне  уақыт  (2–3  минут)  беріледі.  Жұптағы 
оқушылар  бір-біріне  тарихи  тұлға  туралы  айтып  береді.  Содан  кейін,  әр 
жұптан өз қалауымен ойын ортаға салуға ниет білдіргендерге сөз беріледі.
Мұғалім оқушылар жауаптарын толықтырып, қорытынды жасайды.
Оқушылар жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. 
Үйге тапсырма: §35. «Шоқан Уәлиханов» әңгімесімен танысу, сұрақтар 
мен тапсырмаларға дайындалу. 
§36. абай Құнанбайұлы
сабақтың  мақсаты:  Абай  Құнанбайұлының  өмірі  және  қызметімен 
таныстыру  арқылы  ғылым  мен  мәдениет  саласында  жұмыс  жасайтын 
адамдарға  деген  құрмет  сезімін  тәрбиелеуге  көмектесу.  Ағартушылар, 
ақын-жазушылар – халық мақтанышы. Оқушыларда тарихи қайраткерлерді 
суреттей білу біліктерін дамыту жұмыстарын жалғастыру. 


82
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  бейне  және  аудиофильмнен 
үзінді, электронды оқулық, иллюстрациялық материалдар.
өткен  материалды  қайталау.  Оқып-үйренген  материалды  қайталау 
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
1. Абайдың өмірі мен қызметі.
2. Абайдың еңбектері.
3. Абайдың өсиет сөздері. 
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  оқушылардың  бастауыш  сыныпта    
«Ана тілі» пәнінен және сабақтан тыс алған білімдеріне негізделген сұрақтар 
бойынша өткізіледі: 
1. Абай кім?  
2. Оның қандай өлеңдерін, нақыл сөздерін білесіңдер?  
3. Абай өзінің еңбектерінде не туралы жырлайды? 
4.  Біз  неліктен  Абайды,  оның  өмірі  мен  шығармашылық    жұмысын 
оқып-үйренеміз?
Электронды оқулық бойынша оқушылар Абай туралы материалдармен 
танысып,  ондағы  сұрақтарға  жауап  қайтарады.  Бейнефильм  болса,  үзінді 
келтірген  тиімді.  Аудиофильм  арқылы  Абайдың  әндерінен,  өлеңдерінен 
қысқаша үзінді тыңдалады.
Оқушылар  оқулықтағы  «Абайдың  шығармалары»  әңгімесімен  оқып 
танысып, әрқайсысы өздігінше осы тақырыптың күрделі  жоспарын жасайды. 
Оқушылардың  біразы  ауызша  жоспарын  оқыса,  енді  3–4  оқушы  тақтаға 
өздері дайындаған жоспарын жазады. Оны барлық оқушылар талдайды. 
«Абайдың шығармалары» әңгімесінің жоспары:
1. Абайдың өмірі мен қызметі.
2. Абайдың еңбектері.
3. Абайдың «қарасөздері».
4. Абайдың өмірі мен қызметі жас ұрпаққа үлгі.
Сабақты  пысықтау  барысында  жұмыс  дәптері  бойынша  жұмыс  жүр-
гізіледі. 
Үйге  тапсырма:  §36.  «Абай  Құнанбайұлы»  әңгімесін  оқып  танысу, 
сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындау. 
§37.  ыбырай алтынсарин
сабақтың  мақсаты:  оқушыларды  Ыбырай  Алтынсариннің  өмірімен, 
қызметімен таныстыру. Ағартушы, педагог, ғалымдар еңбегімен таныстыру 
арқылы  ұстаздарға  деген  құрметтеушілік  сезімін  қалыптастыру.  Тарихи 
қайраткерлерді суреттей білу біліктерін дамыту жұмысын жалғастыру.


жүктеу 6,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау