89
Тарихи мәдени ескерткіш туралы мамандар сөйлейді (3–4 минут). Содан
кейін қойылған сұрақтарға жауап қайтарылады. Сұрақ қысқа, түсінікті
және кімге қойылатындығы анық айтылуы тиіс. Журналистер конференция
жұмысына даярлану барысында алған мәліметтер негізінде мәлімдеме жа-
сап, дайындаған сөздерін сөйлейді. Мұғалім конференцияда қарастырылған
мәселе бойынша қорытынды жасайды. (3–5 минут).
Бұл сабақты басқа вариантта да өткізуге болады. «Қазақстан жеріндегі
сәулет өнері ескерткіштеріне» «ойша саяхат» жүргізуге болады. Не сол
тарихи ескерткіш орналасқан аудандарға, қалаларға экскурсия-саяхат
өткізген де тиімді.
Сабақты пысықтау барысында жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §39. «Көрікті кесенелер» әңгімесімен танысу және
тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалып келу.
§40. наурыз
сабақтың мақсаты: оқушылардың қазақ халқының тұрмысы, салт-
дәстүрі туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың қазақ халқының
салт-дәстүріне деген терең құрметтеушілік сезімдерін тәрбиелеуге көмек-
тесу. Тарихи құбылыстарды бағалай білу біліктерін дамыту жұмысын
жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, электронды оқулық,
бейнефильм, аудиофильмнен үзінді, иллюстрациялық материалдар.
өткен материалды қайталау. Оқып-үйренген материалды қайталау
§39 сұрақтары мен тапсырмалары бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақ халқының өмірі мен тұрмысы.
2. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.
3. Жаңа материалды оқып-үйрену блиц-сұрақ (тарихи жаттығу) қоюмен
басталады:
1) Қазақтардың негізгі шаруашылығы.
2) Қазақтардың баспанасы.
3) Қазақ халқының қандай әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін
білесіңдер?
4) Қазақстанда тұратын басқа халықтардың қандай салт-дәстүрлерін
білесіңдер?
5) Наурыз туралы не білесіңдер?
6) Қазақ халқының тағы қандай мерекелерін білесіңдер?
7) Наурыз мерекесін еліміздегі халықтар қалай атап өтеді? Мысал
келтіріңдер.
90
Мұғалім оқушылар жауаптарын толықтырып, қазақ халқының тұр-
мыс-тіршілігі, салт-дәстүрі туралы әсерлі әңгімелеп береді.
Содан кейін «Наурыз» атты үлкен шеңбер жаттығуы ұйымдастыры-
лады. Бұл жаттығуды жақсы орындау үшін мұғалім алдын ала оқушыларға
тапсырма береді. Әдебиет тізімін, нені, қалай пайдалану керектігі жайлы
нұсқау береді. Ата-аналарынан наурыз мерекесі туралы сұрастырып, оны
ертеде қалай өткізген, қазір қалай өткізеді, оның маңызы қандай деген
сауалдарға жауап алып, жазбаша қысқа шығарма не хабарлама дайындап
келу тапсырылады. Сөйтіп, оқушының осы тақырып бойынша үйде өзі
дайындалып, жаттығуына мүмкіндік жасалады.
Оқушылар үлкен шеңбер құрап тұрады. Содан кейін кезектесіп
наурыз туралы білетіндерін айтады. Мысалы, олардың кезектесіп айтатын
жауаптарын шамамен төменде беріп отырмыз. Жауаптар барынша қысқа,
2 минуттан аспауы тиіс.
Бірінші оқушы өзіне бөлінген уақытта наурыз туралы білгенін айтып
шығады. Сөз келесі оқушыға беріледі. Олар бір-бірін қайталамауы керек.
Оқушыларға бір-біріне кедергі келтірмеу, сөзін бұзбау керектігі түсіндіріле-
ді. Осылайша шеңберде тұрған барлық оқушыларға тұжырымды және
маңызды деген ойларын айтып шығуға мүмкіндік беріледі. Сөйтіп, барлық
оқушылар айтып үлгергенше сөз келесі оқушыға жалғаса береді.
Мұғалім оқушылардың жауабын қорытындылайды. Содан кейін
мұғалім оқушылармен үйге берілген тапсырма бойынша әңгімелеседі.
Жауапты оқушыларға наурыз мерекесі туралы үйдегі әке-шешесі, әжесі мен
атасынан естігендерін, газет-журналдар материалдарынан әңгіме дайындап
келу тапсырылған болатын.
Оқушылардың тапсырма бойынша даярлаған жауаптарын тыңдайық:
Оқушы: «Мен сіздерге Наурыз мерекесі – Ұлыстың үлы күні туралы
айтайын. Бұл мереке жайлы маған мамам мен атам әңгімелеп берді. Наурыз –
мұсылман елдерінің халықтық мерекесі. 22 наурыз күні жаңа жыл келеді,
көктемгі күн мен түн теңеседі. Бұл мейрам күні көшеде адамдар көп, барлы-
ғы көңілді, жақсы, жаңа киімдерін киген. Адамдар бір-бірін наурыздың
келуімен құттықтауда. Ақсақалдар мен жасы үлкен қадірлі адамдар көп-
шілікке денсаулық, молшылық, береке тілеп, тілек білдіруде.
Бұл күндері жұрт үй-үйге кіріп, басқа ауылға қыдырып, мейрамдаған.
Жас жігіттер арықтарды тазартып, ағаш еккен. Ал әйелдер қонақтарға ар-
нап тамақтар әзірлеген. Сондай тағамдардың бастысы – Наурызкөже. Жеті
түрлі дәмнен пісірілген бұл тағам – ырыс пен берекенің белгісі».
Оқушы: «Мереке күні түрлі ұлттық ойындар өткізіледі. Мұнда жүйрік
аттар жарысы – бәйге өткізіледі, екі жігіттің күш сынасу күресін, екі атты-
91
ның сайысын көреміз. Жиналған жұрт алдында ақындар өлең айтып, қобыз
не домбырамен айтысқанын тамашалаймыз».
Оқушы: «Осындай мерекеде қыздар мен жас жігіттер де ойын-сауық
өткізеді. Жігіт пен қыз атқа мініп, жарысады. Егер қызды жігіт қуып жетсе,
оны бетінен сүюге еркі бар, ал жете алмаса, онда қыз жігітті қамшының
астына алады. Жігіттер мен қыздар аттың үстінде осындай өнер көрсетеді.
Бұны көрген басқа елден келген қонақтар қазақ халқының тамаша шабандоз
екеніне көзі жетіп, қазақ қыздарының да ер адамдармен қатар мерекелерде
болып, олардың да көңілін көтерулеріне жағдай жасалғанына таңырқап
қалады».
Мұғалім: «Қазақстанда көп жылдар бойы ұмыт болған Наурыз мереке-
сі – Ұлыстың ұлы күні 1988 жылы бірінші рет мерекеленді. Сөйтіп, наурыз
мейрамы – шығыс халықтарының мерекесі, халықтың жақсы дәстүрі,
адамдарды біріктіретін мереке қайта жаңғырды. Наурыз күндері халықтар
арасында бірлік, тыныштық, бейбітшілік орнайтын. Тіпті бұл күндері
жауласып жатқан жақтар соғысын тоқтатып, келісімге келетін. Ұлыстың
ұлы күні адамдар бір-біріне реніштерін кешірген. Оған: «Ұлыстың ұлы күні
алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген сөз дәлел».
Сабақ соңында оқушылар жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізеді.
Үйге тапсырма: §40. «Наурыз» тақырыбын оқып танысу, сұрақтар мен
тапсырмаларға жауап беруге дайындалу. Мына сұрақтарға жауап дайындау:
Қазақ халқы қандай шаруашылықпен айналысқан? Қазақтар, ұйғырлар,
орыстар, немістер, т. б. өздерінің ұлттық мейрамдарын қалай өткізеді?
Солар жөнінде әңгіме құрыңдар. «Қазақ шешендері» туралы 3–4 оқушыға
хабарлама дайындап келу тапсырылады.
§41. Қазақтың шешендік өнері
сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақтың шешендік өнері, Сырым
Датұлы және басқа шешендер туралы мәлімет беру. Қазақ халқының шешен-
дік өнерінің дамуына үлес қосқан шешендер – халқымыздың мақтанышы
екенін түсіндіру. Тарихи қайраткерлерге сипаттама беру біліктерін дамыту.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, иллюстрациялық мате-
риалдар, бейне және аудиофильмнен үзінді.
өткен материалды қайталау. Оқып-үйренген материалды қайталау
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар және мұғалімнің қосымша сұрақтары
бойынша өткізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақтың шешендік өнері.
2. Сырым Датұлы шешендігі.
Достарыңызбен бөлісу: |